Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы

Атырау қаласы

№4 облыстық мектеп-интернатының

бастауыш сынып мұғалімі

Шоханова Арайгүл Лайхатқызы

«Ең үздік баяндама» номинациясы бойынша

Баяндама тақырыбы: Нәтижеге бағытталған білім беру негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жолдары.

Сіздердің назарларыңызға жеті модульдің бірі «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» бойынша атқарған жұмысымды ұсынғым келеді.

Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модулдің бірі «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»басқа модульдермен де тығыз байланысты деп есептеймін.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады.Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.

«Адамдардың білім алуы, жайлы болуы үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек»деп Лев Выготский айтқандай, осы 3 айлық курс оқып келіп, алдыма мақсат қойдым – бағалау түрін өзгерте отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға жұмыс жасау, соның ішінде өзіндік ой қорыту, пікір білдіру, әдеби шығарманы ой елегінен өткізе білуді үйрету. Міндетім- топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушыларға критерий құруға бағыт беріп, өзін-өзі және бір-бірін нақты және әділ бағалауды үйрету. Күтілетін нәтиже- оқушылар бағалаудың әділдігін түсінеді, мұғалімдермен тең деңгейде қарым-қатынаста болады, өз бетінше білім алуға талпынады, тапсырма барысында оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды. Оқушылардың өздеріне деген сенімін қалыптастыру болып табылады.

«Бағалау» дегеніміз не?

«Бағалау» термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру» деген ұғымды білдіреді.

Осы модуль тақырыбы бойынша сабақта мен бағалаудың мынадай мақсаттарымен таныстым.

Олар:

-оқытудың қиындықтарын анықтау;

-кері байланыс;

-уәж;

-болжау және сұрыптау;

-стандарттарды бақылау және орындау;

-оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау.

Бағалаудың барлық түрлері мыналарды қамтиды, яғни, бағалаудың мәні:

-бақылау;

-алынған мәліметтердің интерпретациясы;

-бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

Бағалаудың мынадай екі түрін қарастырған: формативтік және жиынтық бағалау.

Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.

Формативті бағалаудың мақсаты – оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл бағалаудың түрі күнделікті сабақтағы тәжірибе кезінде қолданылады. Ол мұғалімге сыныптың үлгірімін жаңартуда көмектеседі.

Жиынтық бағалау немесе қорытынды бағалау оқушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы нәтижесін көрсетеді. Бұл бағалаудың түрін және тәсілін мұғалім өзі анықтайды.

Енді осы бағалауды өзімнің тәжірибемде қалай жүзеге асырғанымды айта кетсем, сабаққа дайындалу барысында мен «Оқыту үшін бағалау» үдерісін пайдалану үшін, бағалаудың әдіс-тәсілдерін үнемі ізденумен болдым. Бағалаудағы бірін-бірі бағалау, критерий бойынша бағалау, өзін-өзі бағалау және топ жетекшісінің бағалауы іс-әрекеттерін жүзеге асырдым. Мұнда мен әр сабағымда оқушылардың өздерінің жұмыстарына өздері баға беріп, білім нәтижелерін өз көздерімен көріп, бағалансын дедім.

Әр сабағымда сабақ соңында кері байланыс алып, мадақтап, ынталандырып, қорытындылап отырдым. Көбіне осыбағалаудың формативті түрін пайдаланып келемін. Яғни, смайликтер арқылы өзін-өзі мадақтаубағалаудың «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағалау сэндвичі», «Бас бармақ», «Бағдаршам», «Кеме», «Блоб ағашы» «Бес саусақ» арқылы кері байланыс жүргізу арқылы табыс пен ұмтылысты көріп отырдым. «Табыс критерийлері» түрлері негізге алынды, сол критерийлер арқылы топбасшысы топ мүшелерінің балдарын кестеге қойып отырады және оны бағаға айналдырым бір баға қойып отырды. Блум жүйесіне сүйене отырып, теориясын білу және түсіну, практикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан алған білімін жинақтай алуы мен бағалай білуін меңгерту – деп айқындап алып, соңында крийтери арқылы, ұпайлары жинақталып, бір бағамен бағаланды.

Сонымен қатар, сабақ соңында бүгінгі сабақ, өздерінің жұмысы туралы пікірлерін білдіріп, рефлексия жазып отыру әдетке айналды.

Шульман айтқандай мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші, егерде шын ниетімен мұғалім оқушыны марапаттап, қолдап жатса бала бәрін де сезеді. Ол да сізге солай қарым-қатынас жасайды екен. Мен өз тәжірибем де соны байқадым.Қандай ұстаз болса да оның бастапқы мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек үлкен тәжірибелі, кәсіби ұстаз боларымыз және сыни тұрғыдан ойлап, алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз анық.

Нәтиже: Жыл бойы қолданған формативті бағалаудан мынадай нәтиже көре алдым: шынайы бағалай алды, бір – біріне деген сыйластық пен сенімділік орнады, өздерін еркін сезінетін болды, қателіктерін көре білді және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйренді. Осының нәтижесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы артты, алған білімдерін өмірде еркін қолдана алатын болды.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы