Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулінің қолданылғаны жайлы

рефлексивтік есеп

Сабақ құрылымында оқушының өзіндік талдау жасау негізінде бір – біріне ұсыныс айтып бағалауы тізбектелген сабақтар топтамасында қалай жүзеге асырылғандығын таразылау үшін «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін таңдадым. Бұл модульге сабақ барысында не үшін басымдық бергім келді?

Осы «Сындарлы оқыту теориясы» курсына дейін мен үшін  мұғалімнің оқушы жұмысына баға қоюы анағұрлым орынды болып саналып,бір жақты бағалау, яғни  білім нәтижесін  анықтау мақсатында алынатын дүние болса, енді мен оны кең мағынада танып біле түстім. Сондықтан да мен осы модульге өткізілген сабақтар барысында көбірек көңіл бөлгім келді.

Александрдің   «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деп  айтылған. (МАН, 52-б). Осы тұрғыда бағалау дегеніміз – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі  түрде жиынтықтауға бағытталған қызмет екенін ұғындым.  Ал, бағалаудың негізгі мақсаттары:

  • Оқудағы құндылықтарды анықтау;
  • Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс орнату;
  • Сыртқы уәж бен ішкі уәжге ықпал жасау;
  • Болжау және сұрыптау;
  • Стандарттарды бақылау және орындау;
  • Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау болып келеді.

Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау туралы негізгі ойым: оқу үшін бағалау оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру үшін ролі маңызды. Себебі оқушы өзін-өзі бағалауы мен сыныптастарының бағалауы арқылы өзіне сыни көзқараспен қарап және өзіне есеп беру арқылы алдағы іс-әрекеттерін айқындайды. Сонымен қатар оқушыны оқу барысында мұғалімнің формативті бағалауы, яғни дер кезінде мақтап, мадақтап сүйемелдеуі оқушының оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға үлкен септігін тигізеді. Бұл дегеніміз білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданылатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі (МАН, 54-бет) кеңінен орын алу керек деген сөз.

Мектептегі тәжірибе жинақтау кезеңінде өткізген сабақтарымда курс барысында талқылаған бағалаудың 12 қалыптастырушы  стратегиясындағы топтық, жұптық, жеке бағалау түрлерін қолдандым. Атап айтсам, топтық  бағалауда «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», А бақылау парағы, «Бармақ арқылы» бағалау, «Мадақтау сэндвичі» мен өзін-өзі бағалауда «Бағдаршам», «Смаиликтер арқылы» бағалау сынды бағалаулар оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, ілгері талпынуларына ықпал жасады. Аталған бағалау түрлері оқушының атқарған жұмыстарының кемшіліктерін дер кезінде анықтап, кері байланыс орнатуға үлкен септігін тигізді. Нәтижесінде оқушының білім сапасы артып, оқуға деген зейіні мен ынтасы қалыптасты.

Тізбектелген сабақтар топтамасы 4 сыныптың әдебиеттік оқу пәні бойынша халық ауыз әдебиеті тарауындағы «Бес ешкі», «Қорқыт», «Қарабатыр», «Ормандағы оқиға» тақырыптары қамтылған орта мерзімді жоспарлауды ұйымдастырудан басталды. Сыныптағы зерттеу жұмысын бастамас бұрын орта мерзімді жоспарлаудан күтілетін нәтижені айқындай отырып өзімді өзім тексере мадақтау арқылы формативті бағаладым. Екінші сабағым «Қорқыт» тақырыбында оқушы үшін қолжетімді әрі тиянақты болып келетін сабақтың мынадай оқу мақсатына негізделді : Қорқыт ата өмірі туралы білу; ертегі мен аңыздың айырмашылығын түсіну; жер-су аттарын картадан тауып үйрену. Осы арқылы сыныптың барлық оқушылары Қорқыт ата өмірі туралы біледі, оқушылардың көпшілігі ертегі мен аңыздың айырмашылығын түсінеді, ал тек кейбір оқушылар жер-су аттарын картадан тауып үйренеді.

         Сынып ішінде жағымды ахуалды қалыптастыру оқушы арасында бір-біріне деген сенімді орнатады. Жаңа тақырыпқажол салу мақсатында алдымен оқушыларды топқа біріктіріп алғанды жөн санадым. Осылайша қима қағаздарды құрастыру арқылы топқа біріктіремін және жаңа тақырыпты ашамын. Ақын,  жыршы, қобызшы деген сөздерді сабаққа деген қызығушылықтары  арқылы лезде құрастырып белсенділік танытты. Осы сөздер арқылы топтарға біріктірілген оқушыларға «Ой қозғау» әдісінде  сұрақ қою техникасын қолдану арқылы сұрақтар мазмұны мен деңгейі күрделендіріп отырды.

М: Халық ауыз әдебиеті үлгілеріне нелер жатады?

О: Ертегі, аңыз әңгімелер.

М: Ертегі мен аңыздың арасындағы айырмашылық қандай?

О: Ертегі халық аузында жүрген қиялға берілген әңгіме болса, аңыз нақты бір жағдайға байланысты қалыптасқан мазмұнды әңгіме.

М: осы ертегі мен аңыздың айырмашылығын жақсы түсіндірдің. Енді осыларға мысал келтіріп берші.

О: Ер Төстік, Толағай, Мақта қыз  бұлар ертегіге жатады апай, ал аңызға тарихи әңгімелер жатады, солай емес пе ?

ответил от Ulia
0 голосов

Мұғалім мен оқушы арасындағы аталмыш диалог арқылы оқушы да өзінің аңыз атауларын білмейтінін білдіртпес үшін менің өзіме қайта бағыттау сұрағын қойғаны қуантты.

Балаға ұсынылған материалды бейне көрсетілім арқылы  ұсынса онда 30 % есте сақтау арқылы визуалды түрде қабылдайды. Сынып оқушыларының таным қабілеттерін ескере Қорқыт туралы бейнежазба көрсетілді. Не түсініп, нені көргенін, не айта алатынын анықтау үшін оқушыларға бейнежазбаға сәйкес жабық сұрақтар қойылды.

  • Қорқыт ата кім болған?
  • Қорқыт ата қандай аспап жасады?

Қорқыт ата қай жерде дүниеге келген? деген сияқты сұрақ-жауаптар белсенділік танытқан оқушыларға Жарайсың! Өте жақсы! Керемет! деген сөздерін айтып, мадақтап отырдым. Баланы мақтап отыру да керек, себебі, баланы мақтасаң, оның бойында ынта пайда болады. Бірақ баланы мақтай отырып, оның кемшілігін де айту керектігін басшылыққа ала отырып, оны түзету керек екенін ұмытпаған абзал. Сонда ғана біз баланың жан-дүниесі мен еркін ойлау қабілетін түсінеміз.

Топтағы оқушы рөлін бекітіп,уақытпен санаса жұмыс жасау негізінде топтық жұмыс басталмас бұрын «А бақылау » парақшасына уақыт бөлдім. «Таймкипер», «Хатшы», «Төраға», «Баяндамашы», «Топ басшысы» деген рөлдерді бөлісе жұмыс жасаған топ мүшелерінің ұсыныстары мен идеялары парақшаға түсіріліп отырды. Парақшада топ мүшелерінің өз міндеттерін дұрыс атқарып, белсенділік танытулары топ басшыларының бақылауымен жазылған. Оқылған парақшаны тыңдай отырып, бұл бағалау арқылы ұққаным, әрбір оқушы өзінің топта қалай жұмыс жасағанын аңғарады, рөлдік міндетіне бейімделеді және кез келген оқушы назардан тыс қалмайды.

image

А бақылау парағы

Бағалау өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат ресурстарына сүйенуі тиіс. Яғни бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін ұсынып, қолданылуы тиіс. Осы орайда, жұптық жұмыстағы түрлі ақпараттық ресурстарға негізделе отырып жасалған сәйкестендіру тапсырмасы бойынша оқушыларға жұмыс соңында дұрыс жауап тақтадан көрсетілді. Оқушылар өз жауаптарының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізіп «Бағдаршам» әдісі арқылы өздерін бағалай отырып, өз қателіктерін ойға түйе білді.

image

«Бағдаршам» арқылы  формативті бағалауы

Сабақтың қорытынды бөлімінде пайдаланылған «Қос құты» әдісінде оқушылар аңыз бен ертегінің айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата отырып, өз білімдеріне «Бармақ арқылы»формативті бағалау жүргізді. Сынып оқушыларының 90 пайызы бармақтарын жоғары көтерді. 

Ыбырай Алтынсариннің «Қарабатыр» ертегісі бойынша өткізілген келесі сабағымның топтық жұмысына «Фишбоун» әдісін пайдалана отырып, 3 топқа тапсырма берілді. 3 топта Қарабатырдың елге қайтудағы кедергілері мен одан шығудың жолдарын балық қаңқасына топтаса отырып өз ойларын керемет орналастыра білген.  Оқушылардың пікірлеріне тоқталсақ,

-Қарабатырдың аш болуы;

-Құстардан көмек ала алмауы

-Жаудың ортасында қалуы;

деп  бере білсе, одан шығудың жолдарын

-Қой бағып жүріп, сүтімен қоректену;

- жаудан тығылып барып, қашу;

- құстармен дос бола білгенде:

деп көрсете білген және соңында  «Туған жердің түтіні оттан да ыстық»деп түйінді ой білдіре берген. Бұл топтық жұмысты сырттай бақылау барысында ұққаным,топтық жұмыс жеке  тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Сабақ кезеңдерінде  «Фишбоун» әдісін алғаш қолдансамда оқушылар  жұмыс жасауда өз ептіліктерін, сыни ойлау дағдыларыныңбар екенін бере білген. «Фишбоун» әдісін қолданудағы мақсатым, сын тұрғысынан ойлау модулімен ықпалдаса отырып, соның ішінде оқушының талдау дағдысына бағытталып отырды, талдау, жинақтау болған жерде оқушылар арасында диалог жүреді. Демек, сол күнгі сабақтан оқушы 50% меңгеріп кетеді.

 Сабағымның өн бойында да  «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі көрініс тапты.Оған дәлел,  «Фишбоун» әдісі арқылы жүргізілген топтық жұмысты «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалау жүргізілді. Аталған бағалау түрінде топтар бір-біріне сыни көзқарас таныта отырып, олардың жақсы жақтарын да көре білді. Алдағы жұмыстарға ұсыныс пікірлер де өздерінің тарапынан айтылды. Алайда бағалауға берілген уақыт 5 минутқа созылды. Бұған себеп, оқушылардың әлі де болса бағалауға, сын, пікір айтуға төселмегендігінен деп білдім.Дегенмен, формативті бағалауды сабақта қолдану баланың  тақырыпты қалай меңгергенін білу үшін қажеттігін түсіндім. Осының нәтижесінде оқушылар өзгенің пікірін тыңдап, оны саралай білуге, тақырып аясын түсінуге, өз-өзіне және бір-бірін бағалауға  бейімделгені байқалды.

imageimage

        Фишбоун әдісін « мадақтау сэндвичі» арқылы формативті бағалау

Барлық өтілген сабақтарымда мен бағалауға ерекше ден қойдым. Өйткені, бұрын белсенділік танытқан оқушыларды өз тарапымнан «5», «4», «3» деп сандық тұрғыда бағалап келсем, бүгінгі күнде оқушы пікірінің оның көзқарасы мен баға беруінің де құнды екенін түсіндім. Яғни, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына баса назар аударту болып табылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек (МАН, 56-б.)

«Ақын болып көрейік» әдісіндеоқушыларға берілген өлең жолдарын құрастыра отырып, бір құсқа арнап өлең шығару туралы шығармашылық тапсырма берліді.Бұл тапсырма барысында С деңгейдегі  Ғ есімді оқушым өз ой-қиялының ұшқырлығын танытып, ақындық қабілетімен  көзге түсіп, тапсырманы жоғарғы деңгейде орындай білді. Нәтижесінде оған менің тарапымнын «Жас ақын» ынталандыру атағы берілді. Аталған оқушының шаттығында шек болмады. Осы тұрғыда түйгенім, оқушының белсенділігін арттыру үшін түрлі мадақтау сөздері мен формативті бағалау түрлерін қолданып отыру оқушыны алға жетелейді.

image

ответил от Ulia
0 голосов

С  деңгейіндегі  оқушының   жұмысы

        Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша төртінші сабағым Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» мәтіні. Мәтінді «Ой шақыру» әдісі арқылы жүзеге асырдым. Оқушыларды айнала шеңбер етіп жинап, жаңа тақырыпты ашу мақсатында сұрақтар бердім.

  • Қайың, қарағаш, тобылғы жайында не білеміз?
  • Орман дегеніміз не?

Мұнда оқушылар ой шақыру мақсатында берілген сұрақтарға жауап береді. Сыныпты зерттеу барысында тағы бір байқағаным оқушылардың сұрақты жүйелі әрі мәнді құру дағдысы қалыптасқанын және де естиярлар ретінде көршісінің сұрағын қайталап қоймайын деп туындаған тыңдай білу дағдысының алға жылжуына септігім тиді деп ойлаймын.

Кейінгі әрекетімде оқушыларды жаңа тақырыпқа сәйкес үш топқа топтастырып алдым. І топ: «Қайың», ІІ топ: «Қараағаш», ІІІ топ: «Тобылғы» тобы арқылы топтастырылды. Әр топқа плакат беріліп, ортасынан сызып, бір жағына суретін, бір жағына сол берілген  ағашты сипаттап жазады. Жасалған жұмыс қорғалып, мадақтау арқылы бағаланды. Әрі қарай оқушылармен оқулықпен жұмыс жасаттым. Оқулықпен жұмыс барысында оқушылар берілген мәтінді өз бетінше түсініп оқиды. Мәтінмен жұмыс жасалынып болған соң, оқушыларға топтық жұмыс берілді. І топ: 1-бөлім бойынша постер қорғау, ІІ топ: 2 – бөлім бойынша постер қорғайды, ІІІ топ: 3 – бөлім бойынша берілген мәтінді сахналайды. Топтық жұмыс «А бақылау парағы» арқылы бағаланады. Бұл тапсырма барысында ІІІ топтың сахналаған жұмысы оң нәтижесін берді. ІІІ топтың мәтін бойынша сахналаған жұмыстарына мұқият зейін салып тыңдап, қызыға тамашалады. Топтық жұмыс өз деңгейінде жүргізілді.

Оқушылар топтық жұмыс жүргізіп болған соң, жұптық жұмыспен жұмыс жасады. Жұптық жұмыста «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін пайдаландым.  Ертегіден мәтелді тауып, мәнін түсіндіріп жазады. Ертегіден мәтелді  тауып, сол мәтелді өмірмен байланыстырып түсіндірді және қалған оқушылар нақыл сөздермен кіріктіріп түсіндірді. Берілген тапсырманы орындауда үздігін таңдап, сыныптастар бір–бірін «үш шапалақ» арқылы формативті бағалады.

Оқушылар арасында позитивті құлшыныс орнату үшін  сергіту сәтін ұйымдастырдым. Сергіту сәті сабақта баланы жалықтырмай сабаққа деген ынтасын жандандыру мақсатында жүргізіледі. Содан соң, оқушылар жеке жұмыс жасады. Жеке жұмысқа «Адасқан әріптер» кестесін толтыруға берілді. Мұнда оқушылар адасқан әріптер арасынан ағаштардың аттарын тауып жазады. Бұл тапсырмаға оқушылар қызыға, ынталана, талпына ат салысады. Әрбір оқушыға жеке жұмыс болғандықтан оқушылардың қаншалықты ағаш түрлерін білетіндігі анықталады. Бұл жеке жұмыс бойынша оқушылар мадақтау арқылы бағалау жүргізілді.

imageimage

«Адасқан  әріптер » кестесі

Қорытындылай  келе сабақ соңында Блум таксономиясы бойынша сұрақтар топтамасы берілді. Сабақта өтілген тақырып қорытындысы ретінде әрбір оқушы  блум таксономиясы бойынша алты ойлау деңгейіндегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындады.  Оқушылар тақырып бойынша алған мәліметтерден  интерпретация жасады. Орындалған тапсырманы тексере отырып,  әр жұмыстарға ға өз тарапымнан «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жазып отырдым.  Мұғалім тарапынан жазылған жазбаны оқи отырып, оқушы кемшін кеткен тұстарын біліп, ізденімпаздыққа бой ұрады.

image

Блум таксономиясы

image

         Блум таксономиясының қорытындысы

Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйрену қажет,сондықтан оқушылар өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажет.Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да,өзекті. Бағалау – оқу процессінің динамикасын  көрсету үшін оның әр кезеңінде оқушы мен оқытушының өзінің жұмысын бақылауы мен бағалауын ауызша не жазбаша түрде келтіруі. Сабақ барысында жүргізілген бағалау түрлері «А», «В», «С» деңгейдегі оқушылардың бір саты болса да ілгерілеуіне әкелді.

          Алдағы уақытта сабақ берудің сапасын арттыру үшін формативті және суммативті бағалаудың түрлерін тиімді қолдану оқушының жеке тұлға ретінде ой-пікірін жетілдірудің тиімді жолы екенін түсіндім. Курс бағдарламасын толық меңгеріп, тәжірибеме енгізу үшін көп ізденіс пен қажырлылық  керек екен. Аталған модульдің  оқудағы пайдасы ұшан-теңіз  болатынын да  түсіндім.

Қорыта келе сабақтың тиімді, нәтижелі, жемісті болу үшін бағалаудың маңызы зор. Сыныптағы оқушылар өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды, және сыныптасын шынайы бағалауға дағдыланады.

Ойымды қорыта келе, аталмыш  «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модуль идеясын мектеп тәжірибесіндегі сабақтарға енгізуде  сәтті шыққан тұстарыма тоқталсам:

- Өз ой пікірлерін ашық жеткізе алатын болды.

- Өзін-өзі бағалауда жауапкершілікпен  қарауды  үйренді.

-Топтық, жұптық өзара бағалау кезінде оқушылар бағалаушысының -көңіліне қарамай шынайы бағалауды үйренді.

- Бастысы осы бағалаулардың жауапкершілігі мен маңызын түсінді.

сәтсіздіктерді сараласам:

  • Оқушылардың асыра мақтауға бой алдырулары;
  • Сынның ұсыныспен алмастырылуы;
  • Бәсекелестіктің көрініс беруі;
  • Шынайы бағалауға бағытталмауы;
  • Жұптардың өзара толық бағалауын іске асыра алмауы;

Алдағы уақытта осы сәтсіздіктерді жою үшін өзіме төмендегідей міндеттемелерді назарда ұстаймын:

  • Нақты дәлел келтіре отырып, шынайы бағалауды;
  • Түрлі сыни көзқарас тудыратын тапсырмалардың молдығын;
  • Сыныптастар ортасында жағымды ахуал туғызуды;
  • Шынайы деректер келтіруді.
  • Жұптардың өзара бағалуын толық іске асыру;

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (базалық) деңгей

Төртінші басылым,

         Қазақстан  Республикасы  педагог қызметкерлерінің        біліктілігін арттыру бағдарламасы

2.Таратпа материалдары үшінші апта

3.Әдебиеттік оқу 4 сынып.  Алматы « Атамұра» 2015

   С. Рахметова, Т.Әбдікәрім, Р.Базарбекова.

ответил от Ulia

Похожие вопросы