Сабақ кезең-дері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
« Қазақстан отар болып келді және отар болып қалады » С.Сәдуақасов |
Біліу Қызығушы-лық тарын ояту | «Миға шабуыл» | Зерделі жаттығулар блогы бойынша үйге берілген тапсырманы «жасырынған сөздер» тапсырмасы бойынша тексереді. | «жасырынған сөздерді» табады және мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап береді. |
Түсіну | ЖИГСО әдісі бойынша 1-топ:Индустрияландыру бағытының жариялануы, қиыншылықтары, Голощекиннің «Кіші қазан» саясаты, индустрияландыру бағытындағы әр түрлі пікірлер. 2-топ: Индустрияландырудың жүзеге асуы, Түріксіб темір жолының салынуы, жіберілген кемшіліктер, салынған өндіріс орындарын картадан көрсету. 3-топ: Индустрияландырудың ерекшелігі, стаханов қозғалысы, нәтижесі, маңызы. | 3 топқа постер беріп, тапсырманың орындалуын және топтағы оқушылардың толық жұмыс жасауын бақылау. Топ мүшелері постер қорғау барысында тапсырманың нақты, толық түсіндірілуін қадағалау. | Оқушылар өз ойын суреттер арқылы жеткізеді. Оқушылар өздіктерінен мәтінді оқып, бір-бірімен талқылайды. Сұрақтар қояды. Берілген қағазға өз ойларын жазып шығады. Тақтаға шығып қорғайды және топ бір-бірін бағалайды |
Қолдану | « Блиц-ринг» тіке жауап. | Топқа арналып жаңа тақырып төңірегінде 15 сұрақ беріледі.жауаптар ҰБТ тапсырмаларында көп кездеседі. Жауаптары қысқа. | Аз уақыт ішінде 15 сұраққа шапшаң жауап берулері керек.Бірін-бірі тексереді. |
Сергіту сәті | « Түс айыра білесің бе ? » \көрсетілген суреттің түсі көк, ал ортасында «ақ» деген жазу бар.Оқушылар суреттің түсін айту қажет. | Есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін түстерді шапшаң әрі шатастырып көрсету | Оқушылар слайдпен көрсетіліп шапшаң өшірілген түстерді айырады |
Талдау | Ой-толғаныс сатысы. а) Стахановшылар қозғалысы | Әр оқушының жеке пікірі құнды. Оқушылардың еркін ой-пікір айтуын қадағалау. | Стахановшылар қозғалысының оң және теріс жақтарын көрсету |
б) Мағынасын ашу «Түйеден социализмге өту мүмкін емес» , « Шұғаны әрлі-берлі тасығанша...» | Оқушылар мәтіннің мағынасын ашады және кімнің пікірі екендігін айтады. |
в) Бұл-кім ? | Индустрияландыру кезіндегі тұлғалар мен олардың еңбектерін және пікірлерін сұрайды. | Оқушылар көрсетілген тұлғаның аты-жөнін және еңбегін айтады. |
Жинақтау | Сауалнама | Өтіліп отырған тақырып бойынша 10 сұрақтан тұратын тест тапсырылады | Тестке жауап беріп ойларын қортындылайды, тақырыпты жинақтайды |
Бағалау | Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды деген сұрақтарға жауапты белгілейді) Бағалау парақшаларын тарату | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін- өзі және топты бағалайды |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру. Блоб ағашы | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Блоб ағашына өз білімдерін қаншалықты меңгергенін белгілейді |