Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: «Қышқылдардың  жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға  қышқылдар, олардың жіктелуі,алынуы,химиялық қасиеттері  туралы оқып үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар қышқылдар туралы толық мағлұмат жинақтап, біледі;
  2. Қышқылдардың жіктелуіне, құрылысына, алыну жолдарына талдау жасайды;
  3. Қышқылдардың қасиеттерін тәжірибе жүзінде сипаттай алады.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.

IV. Мағынаны тану.

V.  Толғаныс.

VI. Қорытынды. Үйге тапсырма беру.

І.Ұйымдастыру:
- оқушылармен амандасу,
- оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІIІ. Қызығушылықты ояту.

1.Көрнекілік стратегиясы. Оқушылар үш сынауықтағы түссіз ерітінділерге лакмус қағазын батырып, көз алдарыңдағы өзгерісті түсіндіреді. Бірінші оқушы «бұл лакмус қағазы – индикатор. Индикаторлар қышқыл мен сілтінің әсерінен түсін өзгертетін заттар», екінші оқушы «Лакмус қызыл түске боялған сынауықта қышқыл, көкке боялған сынауықта сілті, ал түсі өзгермей қалған сынауықта тұз ерітіндісі бар» , 3-ші оқушы «лакмус бейтарап ортада күлгін түсті болады, сондықтан үшінші сынауықта сілтінің де, қышқылдың да қасиеті жоқ екені белгілі» екенін айтады.

2. Венн диаграммасы (қышқыл сөзінің мағынасын тереңірек ашу ).

Алма

Апельсин

Лимон

Айран

Қымыз

?

НСІ

H2SO4

HNO3

H2CO3

H3PO4

Диаграмманың екі жағында көрсетілген заттардың ортақ қасиеті «Қышқыл» сөзі екендігін тауып, осы заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өз білетіндерін ортаға салады. Мұндағы келтірілген жеміс-жидектер мен айран , қымызда қышқыл дәм бар, бұлардың дәмін татпай-ақ атын естігенде сілекей сөлі бөлінеді. Диаграмманың екінші жағында берілген формулалар бейорганикалық қосылыс – қышқылдар екені белгілі. Олар бізге таныс тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы, көмір қышқылы және ортофосфор қышқылы. Біреулерін тағам ретінде қолданып, ал екіншілерін дәмін татуға, қолмен ұстауға болмайтын заттардың ортақ қасиеті қышқылдық қасиет.

IV. Мағынаны тану.

«ЖИГСО» стратегиясы арқылы оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беріледі. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі төрт класы бойынша оқушылар топтарға бөлінеді.Әр топқа мәтіндер таратылады.

Қышқыл сөзі заттың дәмін білдіреді. Қышқыл дәмі туралы ойласаң жеміс-жидектер, көкөністер, айран, қымыз ойымызға келеді.Олардақышқылдың дәмі болуы құрамындағы қышқыл заттардың болуына байланысты. Тағам ретінде қолданатын лимон қышқылы, сірке қышқылы, алма қышқылдары – бәрі де органикалық қышқылдарға жатады, себебі олар тірі ағзамен байланысты. Мысалы, құмырсқа қышқылы өзінің аты айтып тұрғандай сол жәндіктің денесінен табылған.

Қышқылдар  - сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат. Қышқылдың аталуы 2 түрлі, біреуі дәстүрлі қалыптасқан атауы, 2-сі халықаралық жүйелеу номенклатурасы бойынша, мысалы, НСІ – тұз қышқылы не хлорсутек қышқылы.

                                          Қышқылдар

image

 

imageimageimageimageimageimage        бір негізді                                             екі негізді                                               үш негізді

  оттекті  оттексіз                     оттекті  оттексіз                               оттекті   оттексіз                      

Қышқылдардың алынуы.

1.Сутегіні тікелей бейметалмен әрекеттестіріп, оттексіз қышқылдарды алады:

Н2 + СІ2 = 2НСІ

2. Қышқылдық оксидтер сумен реакцияласқанда:

SO3 +H2O = H2SO4

3.Кей жағдайда зертханада қышқылдар алу үшін, қатты тұзға концентрлі күкірт қышқылымен әсер етеді

2NaCI + H2SO4 = Na2SO4 + 2HCI

Қышқылдардың химиялық қасиеттері.

Қышқылдар Н.Н. Бекетов жасаған кернеу қатарында сутекке дейін тұрған металдармен әрекеттесіп, нәтижесінде тұз және сутегі газы түзіледі.

Zn + H2SO4 = ZnSO4 + H2↑

Қышқылдар мен негіздер бейтараптану реакциясына түсіп, тұз және су түзеді

KOH + HCI = KCI + H2O

Қышқылдар негіздік оксидтермен реакцияласып, нәтижесінде тұз бен су түзіледі

CaO + H2CO3 = CaCO3 + H2O

Қышқылдар тұздармен алмасу реакциясына түседі.

H2SO4 + BaCI2 = BaSO4↓ + 2HCI

Тұрақсыз қышқылдың тұздары, мысалы карбонаттар қышқылмен әрекеттесіп, жаңа тұз, су және газ түзеді.

2HCI + K2CO3 = 2KCI + H2O + CO2

Мәтінмен танысуға уақыт беріледі, оқушылар алдымен «жұп» болып, сосын «топпен» талдайды. Оқыған мәтіндерін толық талдаған соң тобына оралып, бір-бірімен ақпарат алмасады. Өзара ақпарат алмасудан кейін дәптерге кесте толтырады. Негізгі түсінікке өзі оқып білген, ал қосымша түсінікке қасындағы жолдастарынан алған ақпаратын жүйелеп жазып шығады.

ответил от Ulia
0 голосов

Оқушылар қосымша түсінікте жазғандарын айтады, бірін-бірі толықтырады. Сабақ мазмұнын толық ашу үшін топтарға ия/жоқ деп жауап беретін тапсырмалар беріледі.

Қышқылдар ауру тудыратын және ірің тудыратын микробтарды жояды, иммунитеттің нығаюына әсер етеді

Ия/жоқ

Құмырысқа шаққан жері теріні тітіркендіріп, мазалайды

Ия/жоқ

Күшті қышқылдарды қолмен ұстауға, дәмін татуға болады

Ия/жоқ

Қышқыл гастрит асқазан жарасының пайда болуына әкеледі

Ия/жоқ

V.  Толғаныс.

Семантикалық карта толтырылады.

Қышқылдың формуласы

Аталуы

Қышқыл қалдығы

Тұзының формуласы

Аталуы

НСІ

=SO4

Азот қышқылы

MgCO3

фосфаттар

H2S

VI.  Қорытындылау. Үйге тапсырма беру: §34.

Бағалау.

ответил от Ulia

Похожие вопросы