Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

1.Күні

27.01.2017

2.Сыныбы

9

3.Пәні

Алгебра

4.Сабақтың тақырыбы

Тригонометриялық функциялардың қасиеттері

5.Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Әрбір координаталық ширектегі тригонометриялық функциялардың таңбалары, тригонометриялық функциялардың периодтылығы және жұптылығы , тақтылығы ұғымдарымен танысады,есептеп таба білуге дағдыландыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

· Әрбір координаталық ширектегі тригонометриялық функциялардың таңбаларын біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

· Тригонометриялық функциялардың периодтылығы, жұптылығы , тақтылығы ұғымын меңгереді.

Жекеленген оқушылар:

· Тригонометриялық функциялардың кез келген бұрышының мәнін таба біледі.Тақырыпқа байланысты есептер шығара алады.

6.Сабақтың типі

Дәстүрлі емес

7.Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

8.Әдісі

Сұрақ-жауап, топтық, жұптық, талдау, қорыту.

9.Сабақта қолданылатын технологиялар

Дамыта оқыту технологиясының элементтері

10.Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, Дене шынықтыру, Жаратылыстану

11.Сабақтың көрекілігі

Плакаттар, презентациялар, айналым парағы, бағдаршам түстері

12.Оқыту құралдары

9-сынып А.Әбілқасымова, В.Корчевский, З.Жұмағұлова Алматы «Мектеп» 2013

Сабақтың барысы:

А)Ұйымдастыру

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Мұғалім оқушыларға сабақтың басталғаны хабарлайды.

Оқушылардың назарын сабаққа аударады. Оқушыларды топқа бөледі.

Әр түрлі геометриялық фигураларды оқушыларға таңдатады.

Сыныптың, тақтаның тазалығын қадағалау, құралдарды түгелдеу. Топқа бөліну.Фигураларды таңдайды.Фигурада жазылған градус бойынша өз ширектеріне барып топтасады.

Мұғалімнің берген бағыттары бойынша сабақты жүргізуге дайын болу.Топқа бөлу.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Б) Үй жұмысын тексеру

«Әткеншек әдісі» арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер жасайды. Ішкі есептің берілгенін сыртқы шеңбер есептің жауабын айтады.

Үй тапсырмасының орындалғанын тексеру.

В) Жаңа білім беру

Жаңа сабақты түсіндіру

Плакаттарды тарату.Слайдтар көрсете отырып, жаңа тақырыпты ашу.

Ширек

І

ІІ

ІІІ

ІV

Sin α

+

+

-

-

Cosα

+

-

-

+

Tgα

+

-

+

-

Ctgα

+

-

+

-

Sin(-α)= -sinα, cos(-α) = cosα, tg(-α)= -tgα, ctg(-α) = -ctgα

Тригонометриялық функцияның аргументіне толық 2π бұрышын қанша рет қоссақ та функцияның мәні өзгермейді, яғни периодты функциялар.

Оқушылар жаңа сабақты меңгеруге ден қояды. Жаңа сабақты меңгеру барысында пікір қалыптастырып, ой бөліседі.Постер қорғау.Әр топ мүшелері өз топтарында жасаған кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары есептеуде алғашқы түсініктері мен мәліметтерін плакат бетіне түсіріп, бірін-біріне түсіндіреді, ортақ ой қалыптастырады

Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін меңгереді. Әрбір координаталық ширектегі тригонометриялық функциялардың таңбаларын біледі. Тригонометриялық функциялардың периодтылығы, жұптылығы , тақтылығы ұғымын меңгереді.

Г) Жаңа білімді меңгерту

Есептерді түсіндіріп, шығартып,тексеріп,оқушы-

лармен жұмыс жасау.

Жұптық жұмыс

№287.Өрнектің таңбасын анықтаңдар:

1)

3)

Топтық жұмыс \Айналым парағы топтарға таратылады.

№288.Егер

болса онда бұрышы қай ширекте жатады?

Өз беттерімен жұмыс

№291.Көбейтіндінің таңбасын анықтаңдар:

.

№292.Салыстырыңдар:

1)

2)

Мұғалімнің берген тапсырмаларын орындау. Оқулықпен, тақтамен , топпен, жұппен жұмыс жасау.

Оқушылар №287 есепті жұп болып шығарып, бір-бірін тексереді.

№288 есепті топ болып шығарады.

Оқулықтан өз беттерімен есептер шығарады.№291,№292

Оқушыларды бүгінгі өтілген тақырып бойынша есеп шығара біледі.Топпен, жұппен жұмыс жасай білуге баулу.

Д)Жаңа білімді бекіту

Математикалық диктант

Мұғалім ережелер, тұжырымдар оқиды.

Оқушылар сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтайды..

Бүгінгі өтілген тақырыпқа байланысыты сабақты бекіту.

Е)Бағалау

· Критерийлері:

· Тригонометрия-лық функциялар-дың таңбаларын ажырата алады;

Тақ, жұп, тақ та жұп та емес

Алған бағаларын күнделікке қойдыртып алу.

Жақсы бағалар санын арттыру.

Ж)Үйге тапсырма беру

№289, №293

Үйге берілген есептерді түсіндіру.

Үйге берілген тапсырманы күнделікке белгілеп алу, орындап келу.

Үй тапсырмасын орындап келуге ықпал жасау.

К)Сабақты қорытындылау

Екі жұлдыз, бір ұсыныс

Оқушылар өздеріне ұнаған сәттерін, ұсыныстарын айтады.

Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін пысықтау.Сабақты қорытындылау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ