Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Айгөлектегі» балабақшамен қоштасу ертеңгілігі.

     2016 жылдың мамыр айының 19 күні Бозанбай ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында «Қош бол, балабақша!» атты «Айналайын» және «Болашақ»
мектепалды даярлық топтарының біріккен ертеңгілігі өтті.
Тәрбиешілері: Қырықбаева Қания Қалиакперқызы, Ағзам Асима Ағзамқызы,Жанарбек Гүлзәда және Қасымова Саида Қанатқызы.
Ертеңгілікке   балабақшадағы барлық 5 топтың балалары мен тәрбиешілері белсенді қатысты. Бағдарламаны  жүргізген тәрбиеші – Ағзам Асима Ағзамқызы.
  Ертеңгілік «Құлыншақ» ортаңғы тобының ұл мен қызының диалог-көрінісімен басталды. Олар даярлық топтарының балаларының кіруін хабарлады. «Балдәурен» әуенімен балалар кіріп,залды айналып, жартылай шеңбер болып тұрды. Жүргізушінің құттықтау сөздерінен соң балалар көтеріңкі көңіл-күймен «Бүгін бізде мереке» әнін орындады. Ертеңгілік барысында балалар сиқыршының көмегімен /тәрбиеші Семенова Г.С./ өздерінің балабақшада өткізген қызықты күндерін ең алғаш балабақша табалдырығын аттаған сәттерінен бастап естеріне түсірді. Алдымен  1 - сәбилер тобы бір елес жүріп өтті.Содан соң 2 - сәбилер тобы «Қуыр,қуыр,қуырмаш» биін биледі.
    Бағдарлама барысында екі даярлық тобының балалары осы оқу жылындағы барлық ертеңгіліктерді естеріне түсірді. Мысалы: Күз Ханшайымымен, Аяз атамен, Наурызгүл сынды кейіпкерлер кездесіп, оларға арнап өз өнерлерін көрсетті.
 Барлық балалар бірігіп, «Әліппе әнін» орындады, «Көңілді пішіндер» атты қимылды дидактикалық ойын ойнады. Бұл ойынның мақсаты: Балалардың математика пәні бойынша білімдерін көрсету, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Сондай-ақ балалар   «Тәрбиеші мұғалім» әнін бірігіп орындап, тәрбиеші апайларына деген қимастық сезімдерін білдірді.Екі топтан жұптасып шыққан балалар әр ұлттың билерінен құралған «Попурри» биін биледі.
«Айналайын» тобының тәрбиеленушісі Райымбек батырдың атасы Қадеш ақсақал  үлкен құрметпен ортаға шығып, балаларға батасын берсе, «Болашақ» тобының өнерлі жігіті Әбілсейіттің әжесі, аяулы ана Қарлығаш апай қазақи дәстүрмен балаларға ақ жол тілеп, шашу шашты.
  Қоштасу ертеңгілігіміздің қадірлі қонақтары болған аудан әкімінің орынбасары Р.Ұ.Мамырбаева балаларды мектепалды даярлықтан өткендіктері туралы дипломдармен салтанатты түрде марапаттаса, баяу әуеннің ырғағымен балаларды екі даярлық тобының тәрбиешілері кестелі «Ақ жол» - мен жүргізіп, «Мектеп»  деген жазуы бар   босағадан өткізіп, оларды  аудандық білім бөлімінің басшысы Қ. Б. Оқасов және «Бозанбай орта мектебі» ММ  директоры С. Қ. Қолғанатов қабылдап алды.
Ертеңгілік соңында  балалар ұйымдасқан түрде далаға шығып, «Қоштасу вальсін» билеп, аспанға түрлі-түсті шарларын ұшырды.
    Қоштасу ертеңгілігі    ата-аналардың, балалардың, шақырылған қонақтардың толықтай көңілінен шықты. Алдын-ала атқарылған жұмыстардың арқасында жалпы   ертеңгілік барысында алға қойған мақсаттарға жеттік.   Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болды. Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар жақсы нәтижесін көрсетті. Балабақша атынан осы ертеңгілікті ұйымдастырып, лайықты деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз.
 
«Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі А.А.Ағзам.
ответил от amerikan