Енді орамжапырақты алып, тазалап, жапырақтарын бөліп ыстық суға саламыз. Жапырақтары жұмсарғанда ішіне фарштан салманы орап қоямыз.
Егер мүмкін болса шеттерін жауып қоюға тырысыңыз. Жабылмаса ештеңе етпейді
Құрғақ қазанға ең астына орамжапырақтың кесілген қалдықтарын төсейміз.
Оның үстіне голубцыларды қойып шығамыз (ең астына жапырағы қаттылауын қоямыз)
Мен ортасына бір болгар бұрышын толтырып салып жібердім.
Оның үстіне пияз, сәбіз, картопты турап қойып шығамыз.
Тұз, бұрыш қосуды ұмытпаңыздар:)
Бәрін салып болған соң, жаңа орамжапырақ қайнаған суды 3-4 қасық томатпен араластырып, қазанға құямыз.
Су қазанның ортасына дейін бару қажет (яғни голубцыдан асып, бірақ картопқа жетпей тұру керек, әйтпесе сорпа болып кету мүмкін😉)
Бетін тарелкамен басып (менде темір тарелка)
болған соң бірақ газды қосамыз.
1 қайнағанын естіген соң, бетін ашпай газды жай қойып, 50-60 минуттан соң газды өшіреміз.