Сәлем!
Жаңа күніміз, жаңа аптамыз жақсылыктар мен қуанышқа толы болсын!
...Мен сіздерге жасалуы да оңай, арі дәмді, диеталық тағам ұсынамын!
Кастрюльге суға картоп, бүтін пияз, сәбіз, болгар бұрышын салып, отқа қайнатуға қоямыз. Ол қайнағанша, 1 ыдысқа 2 жұмыртқа жары саламыз. Кішкене тұз сеуіп, ұн қосып қаты емес, жұмсақ емес, қолға жабыспайтын қамыр дайындаймыз. Қамырды жауып қоямыз.Фаршқа ұсақ туралған пияз, тұз, бұрыш қосып салмасын дайындаймыз. Илеули қамырды алып 2ге бөліп жұқа етіп, төрт бұрыш формада жаямыз.( Менде қамыр қалың болып қалды) Жайылған қамырға тегістеп, жұкалап фарш салып рулет жасап ораймыз. Дайын ораманы, 4-5 см ұзандықта кесіп шыгамыз, аздар ұн себеміз. Дайын кесілген рулетті қайнап тұрган сорпага салып, орташа отта 15 минут қайнатамыз. Дайын сорпаға зелень, қаймақ қосып, бере беріңіз. Сөзсіз, отбасыларыңызға ұнайды. Назарларыңызға рахмет! Ас болсын!