Қазақ қызы
Қара шашың толқындарын тербейді,
Қара көзің нұрыменен емдейді.
Пейіштегі періште ме ең ару қыз?
Жан сезімім сөнбейді.
Сұлу бейнең, шуақ шашқан шұғылаң,
Қазақ қызы қасиетті құбылам.
Тектіліктің бар болмысын сақтаған,
Өзіңсің деп ұғынам.
Дара едің, даралықтан ұтқансың?
Сара едің, мөлдір көзде шықтансың.
Тұмар едің ерліктерге бастаған,
Айбаттысың, неткен жүрек жұтқансың.
Нәзік едің гүлдей көркем жаралған,
Бұрымды едің тағдырыңдай таралған.
Жанарыңа жас толғанмен алдасың,
Дарағыңда өсіп өнер сан арман.
Қылықтысың тектілікті ту еткен,
Сүйіктісің шөл даланы ну еткен.
Сен мәңгілік сұлу болып қаласың,
Сан жаңғырып, жанданатын нұр көктем!
25.01.2012жыл.