Шабыт
Тылсымға бастар дүлей күш,
Шабытқа салсаң үдей түс!
Қияннан келер құлшыныс,
Мақсатын көздер ілер құс.
Болмысты қозғар тербетіп,
Іште мың ызғар, өң кетіп.
Шығармашылыққа бастайсың,
Жаныңды жайсаң шерлі етіп.
Жүрегің сезер дауылды,
Жуылар жаның жауынды.
Туылар сонда шығарма,
Қуантып қимас қауымды.
Тербейді тауды қозғардай,
Түресің құлақ сөз бардай.
Шабыттың сұлу киесі,
Арғымақ болып озғандай.
Бейнебір алтын тапқандай,
Жер бетін шабыт жапқандай.
Сезбессің бақыт күй кешіп,
Бейшара күйін атқармай.
23.01.2012жыл.