Коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорын
№8"Ақбота" шипа-жай типті бөбекжай -балабақшасы.
Білім беру саласы:Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің түрі:
Ұйымдастырылған
оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу.
Дидактикалық ойын : «Отбасы үшін бөлме құрайық»
Орындаған:
№11 "Бәйтерек"екінші кіші топ
І-санатты тәрбиешісі:
Имангалиева Ардақ Сапиқызы.
Атырау 2017жыл
Ұйымдастырылған
оқу іс- қызметі
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу
іс- әрекетінің түрі:
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы:Дидактикалық ойын : «Отбасы үшін бөлме құрайық»
Білімділік мақсаты:Өзінің отбасы,отбастарында бір-бірінің қалай
көмектесетіні туралы сұрақтарға жауап беруге үйрету.Отбасы үшін бөлме
жасау,жиһазды қою,ыдыс-аяқты орналастыру,еңбек әрекетін дамыту.
Дамытушылық мақсаты:Сөздік қорын байыту,байланыстыра сөйлеуге үйрету,ойлау
қабілетін дамыту.Тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ата-аналары өз балаларын өте жақсы көретіні,оларға көмек
көрсететіні жайлы түсініктерін кеңейту.Отбасы мүшелерін құрметтеу және қамқорлық
танытуға тәрбиелеу.Қамқорлыққа,мейірімділікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Технологиялық қамтамасыз ету:Үлгі суреттер,ойыншықтар,ыдыс
–аяқтар,жиһаз,слайд,музыка,үлестірмелі құралдар.
Билингвальды компонент:Отбасы-семья ,жиһаз-мебель.
Сөздік жұмыс:
Әдіс-тәсілдер:
Әңгімелеу,сұрақжауап,түсіндіру,көрсету,қортындылау,мадақтау.
1.Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.
Балалар,қане барлығымыз сәлемдесейік.
Біз бүгін отбасы жайлы әңгімелейміз. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын
бізге ең жақын адамдар. Олар
ата,әже,әке,ана,аға,іні,қарындастарымыз. Біздерге үлкендердің көмегі
және сүйіспеншілігі қажет.
Ал-ата-аналар,әсіресе ата-әжелер өздеріне көп көңіл аударғанды жақсы
көреді. Үлкен кісілер демалыс пен тыныштықты ұнатады.
«Біздің әулет»өлеңін оқу
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар.
Отбасым мыналар
Ең жақын адамдар:
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар.
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, еремін.
Релекасация. (баяу әуен қосылып тұрады.)
-балалар ,көзімізді жұмып,әрқайсымыз өз отбасымызбен бірге пойызбен
Астанаға саяхатқа барайық. (суретпен жұмыс)
Сергіту сәті: «Нешеуміз? »
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым-әкем,
Балан үйрек-анам,
Ортан терек –ағам,
Шылдыр шүмек-мен,
Кішкене бөбек-сен,
Балалар ,осы «отбасы» деген сөзге әрқайсымыз өзіміздің жақсы көретін
сөзімізді қосып айтайықшы:отбасы тату болсын,бір-біріңді ренжітпеңдер,
сыйлаңдар.мен өз отбасымды жақсы көремін.мен анамды жақсы көремін.
Қорытынды:балалар бүгін біз кімдер туралы айттық?
«ата-бәйтерек,бала-жапырақ», «әкеден ақыл,анадан мейір», «ағасы бардың жағасы
бар,інісі бардың тынысы бар»-дейді дана халқымыз.сондай ынтымағы бар,тілегі бір
отбасында өмір сүру-әр адамның зор бақыты.
Әрқайсымыздың отбасымыз аман болсын!
Деніміз сау болсын !Әрқашан
отбасымызда береке-бірлік болсын!