«Ойын
технологиясы – оқушылардың математикалық біліктілігін
дамытудың
бір тәсілі»
Кіріспе
Елбасының «Қазақстан жолы — 2050:
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында «Ұлттық білім берудің барлық
буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған орай,үлкен
жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура
келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру керек.» деп
айтылған.
Функционалдық сауаттылық
тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау
зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)
қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың
халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА)
болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін,
іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ
тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу
үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін
салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында
алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті
факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік
мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне
әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы
бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми
сауаттылық
Еліміздің егемендік алуына
байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып,
оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болашақ коғам мүшелерінін өмір сүріп
нәтижелі қызмет етуінде математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол.
«Мұғалім көп әдісті білуге
тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,-
деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі
сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге
жетеді .
Математика пәнін жақсы, терең
білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе
алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі
және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін ,
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы
іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы
Орта мектепте математиканы
оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі
болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен
қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту
болып табылады.
Ал оның негізгі бастауыш
сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабагында әр түрлі
тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру көкейкесті
мәселе.
Шығармашылық тақырып:
«Ойын
технологиясы – оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі»
Мақсаты: ойын технологиясы арқылы оқушылардың математикалық біліктілігін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Міндеттері:
1.
Ойын технологиясын
оқып білу;
2.
Ойын технологиясының
оқушыға ықпалын көрсету және білім сапасын көтеру;
3.
«Математикалық
ойындар» атты әдістемелік шығару.
Күтілетін нәтиже:
1.
Сабақта тұрақты
белсенділік, қызығушылық пайда болады;
2.
Оқушы тұлға ретінде
өзін көрсете біледі, оның іс – әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты
болады;
3.
Ойын арқылы
оқушылар бір – бірімен тез тіл табысады, жақыс ұғысады, бір – бірінен
ептілікті, сергектікті үйренеді;
4.
Оқушылардың
математикалық қабілеттері айқындалады.
Тақырыптың
өзектілігі: Егер математика сабағында,
1.
ойын элементтері
жиі және жүйелі пайдаланса;
2.
уақытты тиімді
пайдаланса;
3. тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе, онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге
деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады
І. Ойын технологиясының теориялық негіздері
1.1. Ойынның
педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір
оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен
жумыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәні
оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айтып бере алуы үшін зор мүмкіндіктер
туғызады. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс жасауды
талап етеді. Мұғалімнің басты мақсаты оқушыларға терең де тиянақты білім
беру. Сабақты қызықты, тартымды өткізу мұғалімнің білімділігіне, қабілетіне,
тапқырлығына және сабақтың әр түрлі әдіс тәсілдерін орынды қолдана білуінде.
Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы жоғары болса ғана бала оған
көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Мұғалім үнемі оқушының
ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ
мақсатына жетеді. Мұғалім математика сабағында оқушылардың қызығушылығын
тудыру үшін ойындар ұйымдастыруына болады.Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын
қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар
пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді
әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін
жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру.
Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып
бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б.
пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы
артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы
әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын
арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог
В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да
басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі.
Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде
ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі
керек.