Балаларға жұмбақ, өлеңдер, жаңылтпаштар
жаттатып, тез жаттау үшін өлең жолындағы зат есімдердің суретін тақтаға іліп
тірек сигналдарын пайдаланамын.
Мысалы:
Алтын ,сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап
Күз сурет пайдаланылып, көрсетіледі.
Ойынға жақсы қатысқан балалар жұлдызшамен мадақталып отырады.
Ойын
элементтерінен байқағаным, балалардың белсенді іс – әрекетін дамытады, жүйелі
ойлау дағдысы қалыптасады, ізденуге деген қызығушылығы артады.
Мектепалды дайындық сыныбында оқыту мен
тәрбиенің тамыры тереңде. Ол тәрбиеші – мұғалімнен іскерлікті күтеді. Сол кезде
ғана жас ұрпағымыз үшін бұл істің берері мол.
Осы бағыттың бір көрінісі ретінде мектепалды
дайындық сыныбында сауат ашу сабағынан өткізген «Э дыбысы мен әрпі» атты өткен көрнекі ашық сабағымды ұсынамын.
Тақырыбы: Э
дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Э
дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра
отырып, сөз, сөйлем ойлап
табуына көңіл бөлу.
Дамытушылығы:Сөздік қорын, ойлау
қабілетін, айнала қоршаған
ортаға көзқарасын, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыпты таза жазуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру ,
сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: айналаны қоршаған орта,
бейнелеу, тіл дамыту,
Педагогикалық технология: сын тұрғысынан ойлауды
дамыту
Қолданылған технология: ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: суреттер, текшелер,
дидактикалық материалдар,
әліппе-дәптер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Ізетпенен біз
ІІ.Өткен сабақты пысықтау
«Ой қозғау» әдісі
Балалар жылдың қазір қай
мезгілі? /Көктем/
Көктем хабаршысы қандай құс ?
Бұл құс маңғазданып,қанаттарын керіп
жүреді,тұмсығымен жерден құрт
- құмырсқа теріп жейді.
·
Бүгін аптаның
нешінші күні?
·
Үшінші
·
Үшінші күнді қалай
атайтын едік?
·
Сәрсенбі
·
Ендеше, балалар
сәрсенбі күні қандай сабақ болатын еді?
·
Сауат ашу
·
Өткен сабақты сауат
ашудан В,Ф дыбыстарымен таныстық,
дыбыстар өзі неше топқа бөлінеді?
·
Екі топқа дауысты,
дауыссыз.
·
Қандай текшемен
белгілейтін едік?
·
Дауысты - қызыл,
дауыссыз - көк
(Балалар текшелерін көтереді. )
·
В, Ф дыбыстары
дауысты ма? Дауыссыз ба?
·
Дауыссыз (көк текше
көтеріледі)
|
|
1.
Неше дыбыс бар ?
2.
Неше әріп бар ?
3.
Дауысты дыбыс нешеу ?
4.
Дауыссыз дыбыс нешеу ?
|
|
ІІІ. Жаңа сабақ «Ой шақыру»
o
Жаңа сабақ жұмбақ шешу арқылы баяндалады.
Жер қатпарын қашайды,
Тау да, сай да жасайды
Қыршылдатып тістерін
Топырақты асайды /Экскаватор/
o
Міне, балалар
бүгінгі сабақта Э дыбысымен танысамыз.
Э дыбысы - дауысты дыбыс.
Экскаватор сөзінде неше
буын бар?
ІV. Әліппе - дәптермен
жұмыс
Экскаватор - жерден топырақты қазады,оны машинаға тиейді.
Құдықта
қазады. Ауыл шаруашылығы үшін өте
пайдалы трактордың бір
түрі.
Экран – теледидар экраны; Электр-ток көзінен келетін жарық
o
Енді осы сөздерді текшелермен буынға бөлейік
·
Э – кран ;
Э –лектр
o
Э дыбысына байланысты кісі аттарын білеміз бе?
·
Эльмира,Эльвира,
Эленора
-
Э дыбысы сөздің басында, сөздің ортасында
кездеседі. Э дыбысы қазақ тілінің төл
сөздерінде кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздерде ғана айтылады
V. Сергіту сәті
«Көктем» әні
Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала
|
|
VІ.
Шығармашылық жұмыс
«Галлереяны шарлау»
І – топ
экран суретін салу
ІІ- топ экран сөзіне сөйлем құрау
ІІІ- топ экран сөзіне дыбыстық талдау жасау
VІІ.
Ойын: «Кім шапшаң»
Шарты: экранда жазылған сөздерді оқы, э дыбысын
ажырат
VІІІ. Әліпбимен жұмыс
Әліпбидің кез-келген
әріпті көрсетеді.Атын атайды, сөз ойлайды, буынға бөледі
ІХ. Қорытындылау
o
Қандай дыбыспен таныстық?
Х.Мадақтау /жұлдызшамен мадақтау/
Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық
процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс
болып табылады. Оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал
болып есептеледі.