Шығарма
«Қыстың қызығы»
Күздің ең соңғы айының күндерінің бірінде қыстың ызғары сезіледі. Қыстың келбеті алғашқы қардың жапалақтап жауғанынан, терезені қырау басқанынан, аяздың бетіңді қаруы, боранның соғуы, сырғыма желдің гуілі, мұздың қалың болып қатуынан байқауға болады. Қыс мезгілінде ит пен баланың құтыруы- деп ата бабаларымыз бекерге бекер айтпаған. Қыс, адам баласына ең ерекше жыл мезгілдерінің бірі, себебі қыс мезгілі мәз- мейрамға толы. Айналада аппақ мамық қар жатыр. Ағаштар ерекше киім үлгісіндегі көйлек киіп тұр. Күн суық. Күннің суығына қарамастан, балалар қыс қызығына тоймай, асыр салып ойын ойнап жүр. Әсіресе балаларды мұз айдынында көп кездестіруге болады. Олар қардан аққала жасап әлек, әртүрлі жануарлар, құстар бейнесін жасауда. Балалардың жүздері күлкіге, қуанышқа, жүректері жылулыққа толы. Қыстың адам денсаулығына да әсері мол. Себебі қыс кезінде ауа таза болады. Қыс қызығымен қызық. Қыста балаларды әртүрлі спорт ойындарымен шұғылданғанын байқауға болады. Балалардың біреуі коньки теуіп жатса, біреулері шаңғы жарысына қатысып жатады. Ал басқалары мұз айдынында шанамен қар үстінде сырғанайды. Қандай керемет!!! Қыс қызығы таусылмайтын байлық. Қыс айының алғашқы күні де мерекемен басталады. Желтоқсанның бірі ел болып, тұңғыш президент күнін тойлаймыз. Алғашқы мереке, балалар жүрегінде мақтаныш сезімі кернеп, қуанышқа толы күннің бірі. Ал, желтоқсанның он алтысы - бүкіл қазақстандықтар еліміздің тәуелсіздігін тойлап, патриоттық сезімге толы жүректерімен қуанышқа бөленеді. Ал, желтоқсанның отыз бірінен , қаңтардың біріне қараған түнінде күнтізбенің соңғы беттері жабылып, жыл басы Жаңа жыл мерекесі тойланады. Бұл мереке әр отбасымен, достарымен, туған – туыстарымен тойланатын мейрам. Жаңа жыл да ерекше ағашын әсемдеп, шыршамызды безендіріп, Аяз ата мен Ақша қардың келуін күтіп отыратын күндер. Дастарқанымызды жарқыратып, үйімізді сәндеп, сыйлықтарды дайындап, елбасымыздың құттықтау сөзін тыңдап , бір – бірімізге жақсы тілектер айтып, жақсы көңіл- күй сыйлап тойлайтын күндер. Әсіресе балалар үшін ерекше мереке. Қыс мезгілінде адамдар табиғаттың сыр- құпиясын, ерекше ұмытылмас сәттерін тамашалап қана қоймайды, ақын- жазушылар өлең жолдарын арнап, әңгімелерін жазып, суретшілер өз туындыларын елге паш етіп жатады. Қыс қызығын тамашалау әр адам бойына күш қуат, көңіліне нұр сыйлайды.