Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
туған жер туралы шығарма шағын эссе керек тауып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Шығарма
Туған жер
    Атамекен. Ол сенің кіндік қаның тамған жер. Алғаш өмір есігін ашқанда аяғыңды тәй-тәй басып жүретін,аяғың тиетін жер.Оның тасы да жұмсақ, суы да мөлдір болады.Сағынған да көзіңе жас келер,айтарға сөз жетпейтін өзіңе ғана аян болар бір жер бар екенін білесің ол –туған жер.
    Басқаларға мақтанып айтар ақыны болса, жақсы көлі,өзені болса неге айтпасқа.мен үшін өзімнің атамекен туған жерден артық жер жаннаты жоқ дер едім.Мейлі топырағында аунаған ауылыма еш жердің тауы да,ну орманы да тең келмейді. Алыс сапарда жүрсеңде,басқа өлкеге көшсеңде сен үшін бір жер аяулы да ,ыстық болып тұрады. «Туған жердей ел болмас,туған жердей жер болмас» деп бекерге айтпаған ғой.
 Ол сенің асық ойнап , асыр салған балалықтың ең қызық шағын думандатқан ауылың екенін ұмытпайсың.Жасың бол мейлі кәрің бол туған жер десе елеңдемей тұрмайды.
Жылына бір рет барып аунап келсең бірнеше жылыңа жетер дәру аласың.
   Соңғы кезде «Туған жерге тағзым»атты жаңа қозғалыс болып жатыр.Бұл өте құптарлық идея.Себебі көкейлерінде жүрген орындай алмай тұрған армандарын жүзеге асыруға жол ашады.Көкірегіндегі ауылына деген азаматтық борышын өтеуге мүмкіндік береді. Аяғына тұрғызып осындай дәрежеге жеткізген сол ауылдың ауасы,суы,топырағы екенін бір мезгіл есіне салатын шаруа.
   Мен өзім туған жер десе жүрегім сыздап балалық кезді бір еске аламын.Шіркін сол кез қайта келсе,достарымды көрсем,сағынышымды бір басар едім. Осының өзінде менің көзіме жас келеді ,ол сағыныштың жасы екенін білемін.
Құмында ойнап , суығында сезбей қолымызда қатты пряник,төбелесіп жеуші едік.Оның дәмі кәзіргіден өзгеше болатын. Қыста жиналған тау қардан төмен қарай шанамен сырғанап ойнаушы едік.Құдығынан қыста  шелекпен су алып ішсекте бір жөтелмей өстік емес пе.Ал қазіргі балалар ше ,баптасаңда ауыршаң болады.Кермек дәмі шықса да суына ауылдың еш дәм жетпейді.Сол судан қуат алып өстік емес пе.
Туған жерін сүмейтін, сағынбайтын жан жоқ шығар бұл өмірде .Астана да жүрсеңде ,Бурабайда жүрсең де мейлі саған ең бір жақын көрінетін орын бар, ол сен үшін жердің ең сұлуы туған жерің .
    Туған жер өзің деген де, жүремін әркез елеңдеп –деп сөзімді аяқтаймын.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма
Туған жер
Жоспар:
Ι. Туған жер – алтын бесік.
ΙΙ. Ақтоғай нулы, орманды жер.
ΙΙΙ. Балалық шақ сәттері.
ΙV.Елге, жерге деген құрмет

   Туған жер – алтын бесік, дегендей әр адамға өз туған жері ыстық болады.Туған жердің ауасын жұтып, қыр гүлінің аңқыған иісін сезінгенге не жетсін.Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас деген астарлы сөздің мағынасында терең ой жатыр.Әр адам өз туған жерін ұмытпайды, жүрегінде әрбір сәтін сақтайды.
   Менің балалық шағым  Ақтоғай деп аты айтып тұрғандай, нулы орман, ағаштары көп жерде өстім.Сол туған жерімді бір көруге асықпын.Қала тірлігі ауыл тірлігінен өзгеше.Ауылдағы адамдар бір шаңырақтың астында өскендей тату- тәтті болады.Әр адам үшін көрші – қолаң алаңдайды.Әр қуанышын бірге бөліседі.Ал, қалада көрші тұрмақ, туған ағайынның қалын сұрауға уақыт жетпейді.Бір жанталас өмір зулайды да жатады.
  Бала кезімізде қыр гүлін теріп, кең жерде домалап асыр салып ойынға берілетінбіз.Туған жердің әр жері ыстық болады екен.Әрбір басып жүрген жерің, таза ауасы, жеміс- жидектері, бәрі ыстық екен.Жол бойындағы ағашта өсіп тұрған қарақатты теріп бір мәз болатынбыз.Бір күні көрші балалармен ойнап жүріп, жол жиегіндегі қарақат теріп жейік деп шештік.Сол қуаныш сәт әлі есімде, балалармен бірге шаттанып, балалық шақтың құшағына еніп, жол бойымен жүре беріппіз.Енді жан-жағымызға қарасақ, көрші ауылға таяп қалыппыз.Кеш мезгілі де таяп қалған екен.Ойынның құшағына енгеміз сонша, қанша уақыт өткенін де, аңғармаппыз.Содан арамыздағы нағашымның қызы бұл ауылда туыстары тұратынын айтты.Қарнымызды ашқан сияқты, сол үйге барып шөлімізді қандырайық деп бардық.Бұл ауылдың да, адамдары мейірімді, қонақжай екен.Он шақты баланы, үйіне кіргізіп, кішкентай болсақта, қонақ қылып, шайын, бар тәттісін алдымызға қойды.Тәтті көрсе бала алданады дегендей, бәрін де ұмыттық.Шөлімізді қандырып, тәттіге тойып отырғанымызда, сол үйге әке, шешеміз кіріп келді.Сол кезде ғана кеш қарайғанын, ата-ана уайыдап, алаңдайтынын ойладық.Оған дейін таза, пәк, бала бойында еш қауіп қатер болмайды екен.Әкеміздің ашулы даусын естіп, орнымыздан атып тұрып, далаға қарай жүгірдік.Ана шіркін, біздің аман- саулығымызды көріп, бар ыза, ашуын ұмытып кетті.Біз үшін қалай уайымдағандарын сезіндім.Енді ешқашан алысқа ұзап шықпаспын деп ойладым.Туған жердің қызығы мол шақтары өте көп.Әр басқан жер, өзінің таза ауасымен, өзінің жұпар иісімен баурап алатын.Туған жердің жері де, елі де ерекше болады екен.
   Бір күні ата-анамыз, аға, бауырларымыз, көршілермен тоғайға қарақат теруге бармақшы болдық.Ат арбаға азық- түлік, самауырынымызды тиеп жолға шықтық.Бір сағат болатын жерге жеткенше, ересектердің қызықты әңғімелерін тыңдап, мәре- сәре болатынбыз.Ата-анамыз бастарынан кешкен қызықты әңгімелерін айтып, балаша қуанып қалатын.Арбада отырып, әртүрлі гүлдерді көріп, әдемі көбелектердің ұшып жүрген, табиғаттың сұлулығына қарап, бір тамаша әлемге енесің.Биік ағаштар,ұзын қоңыр қоғалары әлі көз алдымда.Шегірткенің дыбысы, құстардың шықылықтаған дыбысы еріксіз өзіне қарататын.Ұзын соқпақ жол, әрбір көл, адамға қуаныш сыйлайды.Әсіресе, көкектің дыбыс естілгенде, қанша рет дыбыс шығарды деп, санай бастайтынбыз.Табиғатты тамашалап, бір кезде қажетті жерге де жеттік.Арбадан секіріп түсіп, тоғайдың ішіне жүгіре кеттік.Біреуіміз көбелек қуып, біреуіміз қызыл, жасыл гүл теріп, біреуіміз тәтті қарақат жеп әлек болдық.Содан анамызға болысу керек екені есімізге түсіп, шелекті қолға ұстап, ойнап жүріп, шелекті аузы- мұрнына дейін тез қарақатқа толтыратынбыз.Ол кездің қарақаттары үлкен болатын.Содан шаршап, ыстыққа шыдай алмай, арбаның астына, көлеңкеге шөптің үстіне жата кететінбіз.Ағаларымыз самауырынды бұрқыратып қайнатады.Сосын бәріміз, таза ауада, тамаша табиғаттың ортасында отырып қызыл күрең шайымызды ішетінбіз.Жарты сағат демалып, қайта қарақат жинаймыз.Шелектерімізді толтырып, тағы да , жүрек жалғау үшін жерге отыра кетеміз.Үйден алып келген қарбызымызды кесіп, жеп, шөлімізді қандырдық.Содан біраз табиғатты тамашалайық деп, жаяу алға қарай жүрдік.Сонда алғаш рет, Ертіс өзенінің биік жерден төменге қарап, тамашаладым.Сондай әдемі көрініс еді.Ертістің ар жағындағы адамдарды көрдік.Олар алыс болғасын, дұрыс көрінбеді.Арамыздан бір бала жеген қарбызымыздың қабығын алып келіп, суға лақтырып еді, қарбыз қабығының ұсақ бөліктерге бөлінгенін көріп, таң қалдым.Міне, бала шағымнан табиғат сұлулығын көріп өстім.Әр сұлулығын тамашаладым.Көктем мезгіліндегі тамаша көріністері де көз алдымда.Туған жер, әр адамға ерекше әсер береді.Табиғат ғажаптары өте көп.Алайда өзің туып, өскен жерің арқылы, туған жердің қадірін түсінесін.Сол жермен іштей сырласасың, мұңыңды шағасың.Өзіңнің туған анаңдай болады екен.Туған жерімді ешқашан ұмытпаймын, әрбір ерекшелігін айтып жүремін.Туған жер, мен үшін ең қымбат жер деп санаймын.
ответил от Batyirxanov
0 голосов

Шығарма

Туған жер.

Туған жер- адам өміріндегі киелі орын алады. Адамның өткенімен және

болашағымен байланысты. Міне, сондықтан балалық шақтан бастап- ақ Отанға, деген махаббат сезімім оянады.

Менің туған жерім Ембі қаласы. Мұғалжар ауданында туылдым. Менің

ауылым кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер. Осы ауылда менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтіп жатыр.

Менің туған жерімнің табиғатты көркем, ауасы таза, әр түрлі ғимараттар

бар. Мен дүниеге келгелі осы ауылдың ауасымен дем алып, есейіп келемін. Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр. Туған жеріміздің біліп жүрейік. Әр кімге өз туған жері ыстық әрі қымбат!

Туған жерімнің тілімен байлығымен мақтанамын. Мен өз туған жерімді

жақсы көретіндіктен жүректен шыққан өлеңімді арнаймын.

Кең далада жүремін,

Бауырында ойнап күлемін.

Туған жерімді сүйемін,

Ол үшін отқа түсемін.

Өз ойымды қорытындылай келе, кең байтақ туған жерімде тұратыныма

мақтанамын.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

Ембі қаласы №2 орта мектеп

3 сынып оқушысы Жеделбай Дильназ

Мұғалімі: Шакибаева Алия Сагидуллаевна

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Атырау облысы

Атырау қаласы.

Облыстық тіл мүкістігі бар балалардың

3-мектеп-интернатының 3 “а” сынып оқушысы

Мұрат БекзатРусланұлы

Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі

Тойлыбай Ақтолқын

«Жас талант» номинациясы бойынша

Туған жер

Біздің Қазақстан-көпұлттымемлекет.Мемлекетіміздіңшекарасыөтеүлкен.ОндатуғанжерімАтырауқаласыдаорналасқан.Туған жер адам өмірінде үлкен орын алады. Əрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады. Мен өз Отаным, өз туған жерімді қатты жақсы көремін.

Менің туған жерім, кіндік қаным тамған жер- Атырау қаласы. Атырау Қазақстанның батысында Каспий теңізінің жағалауына жақын орналасқан. Атырау қаласының бұрынғы атауы Гурьев болған. Кейін тəуелсіздік алған жылдары Атырау болып атауы өзгертілді. Қаламызды Еуропа жəне Азия деп екі үлкен бөлікке Жайық өзені бөліп тұр.

Мен өз туған жерімді алыс жаққа қыдырып кетсем қатты сағынамын. Мұнда ата-əжем, ата-анам, бауырларым, достарым тұрады. Атырау қаласы жаңбыр жауғанда балшық жəне күн жылынғанда масасымен ерекше. Масасын көбі ұнатпайды, дегенмен масаның да пайдасы өте көп. Жайық өзеніндегі балықтар масамен қоректенеді. Жайығымда балықтың сан алуан түрі бар. Мақтансам Атырауым мақтануға тұратын əдемі, көне қала. Мұнда көптеген жоғары жəне арнаулы оқу орындары бар. Дарынды күйші-Құрманғазы Сағырбайұлы, батырлар Махамбет пен Исатай, Қаршыға Ахмедияров, Айгүл Үлкенбаева, ақын Фариза Оңғарсынова, атақты ұшқыш батыр қыз Хиуаз Доспанова, Кеңес Одағының батырлары Қайырғали Смағұлов, Боран Нысанбаев, Шүкір Еркіновтер дүниеге келген киелі жер.

Мен Атырау облысындағы жалғыз ғана тіл мүкістігі бар балалардың 3-мектеп-интернатында білім алып жатырмын. Ержеткен соң өз туған жерімді көркейтуге үлесімді қосамын. Себебі əр адам туған жеріне қызмет ету керек деп ойлаймын. Атырауымды жақсы көріп, Атырауымды мақтан етемін. Жасай бер, жайнай бер Атырауым!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов