Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Отбасы туралы шығарма тауып беріңіздерші. Керек болып тұр
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

6 Ответы

0 голосов
Шығарма
Менің отбасым
Отбасы-шағын мемлекет.Біздің отбасында тоғыз  адам тұрамыз.Анам,әкем және жеті бала. Әкем үйдің басшысы,анам отанасы.Менің  бір  апам ,үш  сіңілім және екі інім бар.
   Әкем ұзақ жыл бойы ауылда трактор айдады,ел құрметіне бөленген жан.
Қаланың,облыстың депутаты болып қызмет атқарды. Қазір еңбек демалысында. Еңбектің зейнетін көруде.Немерелеріне өз білгенін әлі де болса айтып үйретуде.Әкемнің мінезі бір беткей адамға ұқсады, бірақ негізінде олай емес,жүрегі жұмсақ адам.Бізге өзі сияқты жауапкершілікті талап етеді.
  Анам үй шаруасымен айналысады. Анамның қолынан бәрі келеді. Құрт қайнатады, тары түйеді, киіз басады,ұршық иіреді. Ауылда өтетін шараларда үнемі әділ қазы мүшесі болады.Ол да анамның дұрыс жан екендігін дәлелдейді.Алдынан ешкім кесіп өтпеген.
  Отбасында қазақтың салт-дәстүрлері сақталған. Үнемі отбасында жақсы тәлім  тәрбие беріліп отырады..
       «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің »дегендей мен әрқашан отбасымды үлгі тұтамын.
Бізде ата-анамызды ұятқа қалдырмауға тырысамыз.
 «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші менің атам 91 жыл өмір сүрді.Атамның әр сөзі бізге берері мол сабақ болды.
 «Ана көрген оқ жонар,әке көрген тон пішер» деп бекерге айтпаған.Себебі менің інілерім де әке жолын қуып ауылда трактор айдап,шөп шауып еліне,жеріне  адал  еңбек етуде.
Сіңлілерім  іс тігіп,қазы айналдырып,тары түйіп өмірден көрген, түйгендерін орындауда. Бұл да отбасындағы тәрбиенің далаға босқа кетпегенінің дәлелі болса керек.
 Мен өз ойымды түйіндей келе айтарым: ата-ана қандай болса бала сондай болады деп айтар едім.Сондықтан балаға  отбасында тәрбиені дұрыс берсек, болашақта өзіміз ұятқа қалмасымызға сенімді боламыз.  «Бала көргенін істейді,көрмесе несін істейді» орынды  айтылған сөз деп ұғамын.
 Мен өзімнің  осындай  тәрбие көрген отбасымды әрқашан мақтан етіп айтудан ұялмаймын,жалықпаймын.
 Отбасым аман болсын ,тіл көзден аулақ болсын. Бір ата-ана болса , ол менің ата-анамдай –ақ болсын дер едім.Біз балалары отбасымызды басқаларға үлгі тұтып айтудан еш қашпаймыз,егер оны тыңдайтын жан болса.
Ата –ананың міндеті баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу,өздерінің артынан  жаман сөз ерітпеу.Міне, менің ата-анам өз міндеттерін толық атқарды. Ендігі міндет біздікі.
   Болашақта бізде ата-анамыздың жолын қуамыз,соларға ұқсап отбасының ұйытқысы боламыз.Меннен алда керемет отбасы шығады деп айта аламын.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Отбасы
        Менің отбасымда төрт адам бар. Әкем, анам, ағам және мен. Менің отбасым тату, ұйымшыл. Отбасында бәрі бір-біріне көмектеседі, әрдайым бір-бірін сыйлайды. Әкем үнемі ақыл үйретіп отырады, ал анам болса, тәртіптілікке баулып, тиянақты болуымды қатаң қадағалайды. Ағам бірге  күреске барады, бірге үй шаруашылығына көмектесеміз.
Дастархан басына бір-бірінсіз отырмаймыз, әрдайым бірге отбасымызбен бірге тамақтанамыз. Демалыс сәттерінде  серуенге шығамыз,  мәдениет үйіне барамыз.  Мен өз  отбасымды өте жақсы көремін.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
«Отбасым-мақтаным»
"Отбасы-шағын мемлекет"деген сөздің мән-мағынасы тереңде екені сөзсіз. Мемлекет осы шағын отбасылардың үлкен мекені екені анық. Отбасы-әр адамның құрмет тұтып,қадірлейтін құндылығы. Біздің xалқымыз үшін отбасы тіптен ерекше орын алады. Ананы құрметтеу, әкені сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету -  қазақ xалқы үшін қанға сіңген қасиет. Кез келген адам отбасын сүйеді. Отбасының тату-тәтті өмір сүруін тілейді. Әрқайсымыз үшін орны бөлек жанұя-шаңырағымыздың шаттығы. Ол үшін біз жанымызды беріп, жүрегімізді ұсына аламыз.
"Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің" дейтін xалқымыз. Бұл адам өміріндегі отбасының алатын орнының ерекше екендігін көрсетуі. Бала тәрбиесі отбасынан басталатыны белгілі. "Текті жерден шыққан екен..."  деп жатады  үлкендер. Тектілік  те отбасы арқылы адамға берілетін ерекшелік.
Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан,  ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттеріміздің тамаша үлгілеріміздің  жиынтығынан туындайтындығын білеміз. Кез келген тәрбие отбасының тәрбиесімен берілетініне куәміз. Сондықтан отбасының әр мүшесінің өзінің орны болары анық. Халқымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген."Жігітке жеті өнерде аз",  "сегіз қырлы,бір сырлы" деген ұлағатты  ұғымдар  ұл баланың тәрбиесінде ерекше орын алса, "қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю", "қыздың жолы жіңішке"деген сөздер арқылы қыз баланың дұрыс тәрбие алуына ықпал етіп отырған.
Адам қоғамда "мен және менің отбасым", "жеті ата", "отбасының тариxы", "отбасылық аңыздар мен дәстүрлер" сияқты ерекшеліктерді есте ұстап, біле жүргені абзал. Себебі бұл ұғымдардың адам үшін, отбасы үшін қасиеттілігі де орны да биік. Әр адам өз отбасының тариxын, аңыздары мен дәстүрлерін білуі шарт. Және оны құрметтеуі керек.Сонда ғана ол отбасының діңгегі берік болатыны сөзсіз.
Анам маған:-үлкенді сыйла,-деген
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өздеріне сыйға берген.-
деген ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өзінің "Анам маған"деген өлеңінде. Ананың ақылы, әкенің айбары қазақ отбасының өсіп-өнуіне, дұрыс тәрбие алуына зор ықпал етіп келе жатқаны айдан анық. Ендеше ел ертеңіне үлес қосатын ұрпақты тәрбиелеуіміздегі отбасының рөлі арта берсін. Отан деген ұлы ұғымды құрайтын отбасыларымыз дін аман болсын!!!
                        №74 жалпы білім беретін мектептің
                        қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                        Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Отбасы тәрбиесінің ролі
Мен қарапайым қаймағы бұзылмаған қазақ отбасында дүниеге келдім. Осындай отбасында алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысқанымды мақтан тұтамын. Отан отбасынан басталады дейді. Бұған мен толықтай қосыламын. Өйткені Отанның бір кішкентай бөлшегі ол отбасы емес пе. Менің әке-шешем, әпкем мен ағаларым мен үшін өте қымбат жандар. Біз әр қияға ұшып кетсек те бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп, қиын сәттерде қол ұшын созып келеміз. Әкем мен шешемнің төрт баласы, 13 немересі, екі шөбересі бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, асқар таудай әкеміз, қамқоршымыз анамыз бар да біз де әрдайым бір жерден табылуға тиіспіз деп ойлаймын.Осындай отбасында жақсы тәрбие алдым. Сондықтан бала тәрбиесі үшін отбасының ролі зор екенін түсіндім.
           Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу ғой. Ал отбасы тәрбиесі- бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсіуі үшін қажет жағдай жасайды. Ал менің ата-анам осы қағиданы берік ұстанды. Ата-анаммен отбасы мүшелерінің арқасында жақсылықты үйреніп, жамандықтан жиренуге үйрендім. Қоғамның негізгі мақсаты-адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты болмақ. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық , адамгершілік сезімдерін туғызады. Қазақ отбасыларында арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің , бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.
             Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етіп тұр. Өйткені, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз –ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Ал отбасы болса қоғамның бір бөлшегі. Отбасына ұйтқы болатын алтын діңгегі-ол әйел деп ойлаймын. Отбасында жақсы тәрбие алған қыз бала өсіп бойжеткенде сол әдетін сақтайды. Мен өз әке-шешемнен алған тәрбиемді өз қыздарымма бергім келеді. Олардың болашағы үшін алаңдаймын.
Қорыта келе қыз болсын, ұл болсын жалпы бала тәрбиесін үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Демек, болашақ жас ұрпаққа адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу –әрбір отбасының міндеті. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі-ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау керек.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Шығарма
«Отбасы-алтын бесік»
Отбасының әр адам үшін орны бөлек.  Дүниеге келген әр сәби отбасы бақытына, мейірім- шапағатына  бөлену керек.  Сәби үшін ең жылы ұя - ата- ананың  аялы алақаны,  жылулығы, қайырымдылығы. Отбасын құрмас бұрын, әр азамат дайын екенін сезініп қана қоймай, жүрегімен қалау керек.  Отбасы тату-тәтті өмір сүру үшін, отбасы мүшелері бір-бірімен сыйластықта, мейірімділікте, кішіпейілдікте, адалдықта ғұмыр кешуіне әр отбасы мүшелері ат салысуы айқын. Отбасы – шағын мемлекет тәрізді екеніне көзіміз анық жетеді. Бала - ата - ананың ұрпағы, өмірдің жалғасы, қуанышы, үлкен үміті.  Бала отбасынан, ата - анасынан тек жақсылық жасауды үйрене отырып, жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіріп алады. Отбасының ірге тасының берік болуына үй- іші адамдары бар күшін аямай салып,  бақытқа бөленуі міндетті. Сол себептен қазіргі таңда басты мақсатымыздың бірі- жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Бала  десе  ата- ананың елжіреп,  жүрегі  махаббатқа  толы болу  белгілі.  Жас ұрпақты тәрбиелеуде  ата- аналардың  атқаратын міндеті зор.  Осыған орай, «Баланы  мақтау жетілдірмейді,  тәрбиелеу, баптау жетілдіреді» - деген  сөзді  ата- бабамыз тегін  айтпаса керек. Расында да, отбасында балаға  дұрыс тәрбие берудегі ең басты- ұстаз, ол өзіңнің ата- анаң.  Ата- анаң сенің дүние есігін ашқаннан бері  тек мақтау,  шексіз махаббаттан гөрі,  сені адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, мейірімділік сияқты жақсы қасиеттерге  баулу  міндетті. Жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді.  Шыңдап келгенде,  отбасы бақыты ата- аналардың  өз қолында  деуімізге болады.  Халқымыздың балаға,  бала тәрбиесіне арналған жақсы, асыл сөздері де бар.  Осының арасында мына сөзге мән берген жөн. «Бала- бақшадағы гүлің, оны тәрбиелеу- үлкен ғылым». Иә, бала тәрбиесі бұл әр отбасындағы маңызды міндет.  Баланың болашағы  ата- ананың, өзінің, қоршаған ортаның әсерінен байқалады.  Отбасындағы әр адамның бақытты болуы,  адам бойына сырттан келіп  сіңетін немесе  аспаннан құйылып денеге  жұғатын  нәрсе емес. Оның көктеп шығатын тұрағы бар, ол – отбасы. Отбасының амандығын, саулығын  тілеу, әр отбасы мүшелеріне қатысты.  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  отбасы туралы айтқан  пікірі  осыған  дәлел.
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Шығарма
Отбасы шаттығы

Өмірден  түңілсен де, қуансан да орнына дос болып табылатын отбасын. Отбасын құдды бір мықты, тамыры тереннен алатын емен агашына ұқсатамын. Нағыз баққытты  адамдар – отбасы мүшелері түгел әрі түсінікте болган адамдар.
Егер әжен мен атан жаныныздан табылып жатса ол үйдің берекесі деп ұғамыз. Осы асыл жанды әжелеріміз бен қарияларымыз үйге ерекше тәртіп еңгізіп, адамгершілік нормаларын қалыптастырады. Әсіресе бұл немерелеріне тікелей байланысты. Ата рөлі сабырлыққа шыдамдылыққа шақыруда, мысалы кішкентай немересіне қамшы жасау болса оның рет – ретімен үйретуі.
 Жақсы жар – болашақ ана  - Алланың  нығметі. Балаға ең көп көңіл бөледі десек қателеспейміз. Ананың мейрімі балаға өте қажет, себебі бала мейірімділік көрмесе қатаң,менмен, өркөкірек болып өсуі содан болары анық.
Сахабалары :«Жақсы әйел дегеніміз не?» – деп  сұрақ қойғанда пайғамбарымыз (с. ғ .с) «Жақсы әйел ол күйеуінің жүзіне қарап күлімсүрейтін, алыста жүрсе де арын сақтап, отбасының жаны мен малына қамқоршы болатын әйелді айтамыз»  - деген екен.
Әке отбасы асыраушысы. Әкеден қатан тәртіп болуын қалаймыз. Барлық қиын жағдай, ауыртпалық әкеге тіреледі.
Тек қана отбасымен сен өзінді сенімді ортада, тыныштықта екенінді сезіне аласын. Отбасы әрқашан сені түсінеді және қателігінді кешіруге дайын тұрады. Сенің отбасын үшін әрбір келеңсіз жағдайларға араласуға баратының анық. Баласы үшін,  адал жары үшін әкенің,  анасы мен әкесі үшін балалары кез –келген жагдайга дайын тұрады. Өйткені  олар қолындағы ең жақындарың және олар сендерге сенеді.
«Отбасы мақсаты неде?», «Не үшін үйленейін деп жатырсын?» – деген сұрақтар қазір көптеп кездеседі. Оған және себеп бар. Өйткені  қазіргі жастардан естейтініміз: «Жасымыз келді», «Еліміздің саның арттырамыз», «Ата- анамыздың қайта –қайта үйлен деуімен үйленгенмін», –деген жауаптар естейміз.  Бұның  сорақысы күйеу жігіттің байлығын есептеп отырған қалындықтың, қайын жұртының дәулетіне қызыққан жігіттердің де саны көптеп кездеседі. Алайда бұл табиғатымыздың қажеттілігі екендігін, пайғамбарымыздың сүннеті екендігін  айтқандары аз кездеседі.
Отбасы тізгіні – жастарда.  Енді жастарды ол не түзетеді? Қазіргі  кездегі бәз бір елге еліктегіштік пе, әлде имандылық па?! Соған орай жастарға қасиетті аяттардан мысал келтіріп кетсем бе деймін.
«Отбасында әйелдерімен жақсы мәмледе болыңыздар, егер әйелдерінің кейбір қылықтары ұнамаса  оған налымаңыздар, бәлкім сол қылықтарына Алла мол жақсылық жазып қойуы мүмкін» - Ниса сүресі он тоғызыншы аят.
«Шындығында да біз адам баласын бақытты еттік» –Исра сүресі жетпісінші аят. Олай болса біз неге отбасындағы берекені қолымызда үнемі ұстай алмай отырамыз. Ол да отбасы арасындагы мәмленің аздығын көрсетеді.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Үйленіңдер,көбейіңдер, ертен мен қиямет күні мен үмбетімнің коптігімен мақтанамын» – деп бір хадисінде айтып кеткен.
Енді тарихтан да тарихшыларымыздың үлгілі отбасылардан Қобыланды мен Құртқаны, Алпамыс пен Гүлбаршынды атап кеткені осыған ақиқат.
 Отбасы жағдайында бауырлардың қарым-қатынасы аз рөл ойнамайды
«Аға алдында пейілінді көрсет, іні алдында мейірінді көрсет»  – деген қазақтын дана создері бекер айтылмаган.
Менінше, отбасы кен мағыналы қасиетті сөз. Ол сөздің қасиетті ерекше екенің түсінетіндердің қарасы көбейіп келе жатқандары көңілінді қуантады. Иманды, өзіне сенімді отбасылар мемлекеттіміздің ертені. Осыған сай болу әр азаматтың парызы деп білімін.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы