Кітап-жан азығы
Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап- адал пейіл, асыл дос.
Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?
Кітап сарқылмас рухани қазына, білім кітап арқылы беріліді. Ұл қызымыздың аламшылықты саналы болуының бірден-бір құралы ол кітап. Кітап оқуға төселенген бала- зерек, сауатты тіл орамды болып өседі. Ана тілімнің қасиетті қазынасын игереді.
Қазіргі таңда кітап кейінгі орынға ығысып қалғандай. Заман талабына сай жетік технология бар, не керекті интернеттен жүйесінен табасың. Кітаптың керегі де болмай қалуы мүмкін деген күдікті ой шырмайды.
Кітап – жан азығы, жақсы дос, заманалар сыңынан өткен асыл қазына. Мұны әркім -ақ біледі. Әрбір көркем шығарма асыл сөз сарайына бастар сырлы соқпақ бола береді. Бұған бабаларымыздың ісі дәлел бола алады. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Кітаптың адам өмірінен алар орнын, рухани маңызын білімділер жеткізіп ұғындырды.
«Кітап- білім бұлағы» деген қанатты сөзді бала бастауыш сыныптан-ақ естиді. Кітап оқуғада үйреніп қалады. Қазіргі кезде балалар небір фильмдер қарап қызығады, компьютерлік ойындар да баланың уақытын алып қояды. Балаларда кітап оқуға уақытта қалмайды. Ата- ананың өздері кітап оқымай тұрып, баланы қызықтыру оңай емес. Ата- ана баласын кітапқа баулу арқылы компьютерлік клубтарды кезіп жүруіне тосқауыл қойып, уақытты үнемді пайдаланады.
Кітап- оқу мемлекеттік мәселе деп ойлаймын. Сондықтан балаға қалайда кітап оқыту қажет. Ұрысып, зекіп, қинап оқытуда дұрыс емес. Баланың кітап оқуға қызығушылығын арттыру керек . Баланы кітапқа өте ертерек үйреткен жөн. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Міне бала кішкентайынан кітаппен дос болуы керек. «Өнер алды -қызыл тіл» дейтін.қазақ сөз өнерінің тіккен халық. Балаларға бай ауыз әдебиетінің түрлеріде ұшан теңіз. "Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Осы даналық сөздерден кітаптың адам өмірінде қаншалықты роль алатынын байқаймыз.
Кітап оқыған бала- зерек, сауатты, тіл орамды болып өседі. Ешбір техникалық құрал кітапты ауыстыра алмайды. Бірақ әр нәрсенің өз орны бар. Заман талабына сай жаңа технологияларды меңгерген әрі көркем әдебиеттен сусындап кітап оқумен жан дүниесін байытқан жан-жақты дамыған ұрпағымыз болса нұр үстіне нұр емес пе?