Білім беру саласы: Қатынас
Пәні: Сауат ашу және жазу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: З дыбысы және әрпі
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: З дыбысы және әрпімен таныстыру. З дыбысына
сөз, сөйлем құрастырту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға қолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.
Көрнекілігі: кеспе әріптер кассасы, түрлі түсті суреттер, жұмбақтар жинағы, з
дыбысының баспа және жазба түрі.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Адал жақсы ниетпен, Бар адамға бақ тілеп. Жарып шыққан жүректі, Сөздің бәрі ақ тілек. а) Сұрақ-жауап: - Дыбыс деген не? - Дыбыстар нешеге бөлінеді? - Әріп деп нені айтамыз? - Әріптерді не істейміз? | Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі. Сұрақтарға жауап беріп, өтілген сабақтар бойынша ойын ойнайды. |
Ұйымдастыру-ізденістер | Негізгі бөлім. Жұмбақ шешу. Ләззатта бар, Жанатта жоқ. Азатта бар, Қанатта жоқ. ( З әрпі) Жауабын айтқаннан кейін балалар сол дыбысқа сөз ойлап айтады. «Сөз ойла, көп ойла» дидиктикалық ойыны. Ойын шарты: барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. Суретке қарап дыбыстық талдау жасату. Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлу. 2. Тіл ұстарту жаттығуы. Ыз-ыз-ыз Анар-сүйкімді қыз. Әліппе дәптермен жұмыс. а) Жүзік, зымыран, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасату. ә) З дыбысын екі жолға толтырту. б) З дыбысын ауада жазу. Өз бетімен жұмыс. Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрату. Мысалы: Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі. Сөздік жұмыс. Қазына- түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік, байлық. Сергіту сәті: Ұзын қанат инелік, Инелікке тимелік, Ұшақты біз жасадық Инеліктен үйреніп, Зу-зу, зу-зу, зу-зу. ( Қимылмен көрсету) | Сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы орындайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөздерді буынға бөледі. Суреттерді атап, з дыбысының орнын анықтайды. Үлгі бойынша з дыбысының әріп таңбасын жазады. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексивтік-түзетушілік | Қорытынды. Тақтаға әріптер тізбегі жазылған плакат ілінеді. Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше сөз құрату. Құрастьрған сөздердің ішінен з дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
| Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: сөздерді анық айтып, байланыстыра сөйлей алады.
Түсінігі: з дыбысына қатысты сөз, сөйлем ойлай білуі.