Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Білім беру саласы:  Қатынас

Пәні: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:  З дыбысы және әрпі

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: З дыбысы және әрпімен таныстыру. З дыбысына   

сөз, сөйлем құрастырту арқылы есте сақтау  қабілетін дамыту. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға қолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.

Көрнекілігі: кеспе әріптер кассасы, түрлі түсті суреттер, жұмбақтар жинағы, з

дыбысының баспа және жазба түрі.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың

 іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.

а) Сұрақ-жауап:  - Дыбыс деген не?

                             - Дыбыстар нешеге бөлінеді?

                             - Әріп деп нені айтамыз?

                             - Әріптерді не істейміз?

Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі.

Сұрақтарға жауап беріп, өтілген сабақтар бойынша ойын ойнайды.

Ұйымдастыру-ізденістер

Негізгі бөлім.

Жұмбақ шешу.

                           Ләззатта  бар,

                           Жанатта жоқ.

                           Азатта бар,

                           Қанатта жоқ.             ( З әрпі)

Жауабын айтқаннан кейін балалар сол дыбысқа сөз ойлап айтады.

 «Сөз ойла, көп ойла» дидиктикалық ойыны.

Ойын шарты: барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.

   Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

2. Тіл ұстарту жаттығуы.

            Ыз-ыз-ыз

            Анар-сүйкімді қыз.

   Әліппе дәптермен жұмыс.  

а) Жүзік, зымыран, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

ә) З дыбысын екі жолға толтырту.

б) З дыбысын ауада жазу.

      Өз бетімен жұмыс.

 Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрату.

Мысалы:  Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі.

         Сөздік жұмыс.

Қазына-  түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік, байлық.

Сергіту сәті:

                          Ұзын қанат инелік,

                          Инелікке тимелік,

                       Ұшақты біз жасадық

                 Инеліктен үйреніп,

            Зу-зу, зу-зу, зу-зу.       ( Қимылмен көрсету)

Сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы орындайды.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Сөздерді буынға бөледі.

Суреттерді атап, з дыбысының орнын анықтайды.

Үлгі бойынша з дыбысының әріп таңбасын жазады.

Қимылмен көрсетеді.

Рефлексивтік-түзетушілік

Қорытынды.

 Тақтаға әріптер тізбегі жазылған плакат ілінеді. Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше сөз құрату.

Құрастьрған сөздердің ішінен з дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: сөздерді анық айтып, байланыстыра сөйлей алады.

Түсінігі:  з  дыбысына қатысты сөз, сөйлем ойлай білуі.

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов