Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың қысымы. П.Лебедевтің тәжірибелері. Жарықтың химиялық әсері және оны қолдану. Фотосинтез туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: білімалушының білімін, дағды деңгейін бақылау, бағалау.

Дамытушылық мақсаты: жарықтың қысымы. П.Лебедевтің тәжірибелері туралы білімалушының білім деңгейін және тақырыпты игерудегі іскерлік пен дағдыны дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, табиғатты аялауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, практикалық, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: слайд,  эл.оқулықтан бейнеролик, тақта.

Пәнаралық байланыс: химия, биология, математика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру, қайталау, есептер шығару (электронды оқулықтан)

                         «Өзіңді өзің тексер» әдісі (слайдтан)
1. Сыртқы фотоэлектрлік эффект деген не? (қатты денелер немесе сұйықтардан жарықтың әсерінен электрондардың ұшып шығу құбылысы)

  1. Ішкі фотоэффект деген не? (сәулеленудіңәсерінен жартылай өткізгіштегі еркін зарядтардың арту құбылысы)
  2. Фотон деген не? (жарықтың тек кванттар түрінде шығарылып қана қоймай, сонымен қатар кванттар түрінде жұтылуы)
  3. Фотоэффектіні қай жерде қолданады? (фотоэффект құбылысы ғылым және техниканың әр түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Фотоэффект негізінде жасалған құралдар фотоэлементтер деп аталады. )
  4. Жарық дегеніміз не? (толқын ұзындығы белгілі бір аралықта жатқан электромагниттік толқындар)
  5. Жаттықтырушы-есептер жинағы бойынша  №5,6,10 есептерді шығарту.

№5.  Индуктивтілігі 95 мГн шарғының магниттік өрісінің энергиясы 0,19 Дж. Шарғыдағы токтың күші неге тең болады?

Берілгені:                                Шешуі:

L= 95мГн = 95*10-3 Гн           W =          I =  =      = 2A

W = 0,19Дж

I=?                                                          Жауабы: 2А

№6.   Тербелмелі контурдың индуктивтілігі мен сыйымдылығы сәйкес түрде 70Гн мен 70 мкФ-ға тең. Контурдағы тербелістер периодын есепте.

Берілгені:                                Шешуі:

L= 70 Гн                                 Т =2 π =  2 *3,14  70*7*10-5=  0,44с

С = 70 мкФ = 7*10-5Ф

Т=?                                                          Жауабы: 0,44с    

№10.    Егерде радиолокатордан жіберілген сигнал жіберілген сәттен кейін ұшақтан шағылып 0,2 мс ішінде қабылданған болса, онда ұшақ радиолокатордан қандай қашықтықта тұр?

Берілгені:                                Шешуі:

t= 0,2с                                     S =  =      = 30км

c = 3*108 м/с

S =?                                                          Жауабы: 30км  

Үй тапсырмасы №5 (электронды оқулықтан орындайды)

Сыртқы және ішкі фотоэффекттің айырмашылығы неде екенін түсіндіріп бер. Сыртқы фотоэффекттің принципиальді айырмашылығы мынада:

Сыртқы фотоэффектіде   (электрондар заттан жұлынып шығады)

Ішкі фотоэффектіде        (электрондар заттың ішінде қалады)

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

ЖАРЫҚ ҚЫСЫМЫ

image

(Бейне ролик көрсету)

Максвелл жарықтың электромагниттік теориясы негізінде жарық қарсы кездесетін тосқауылдарға қысым көрсететіндігін алдын ала болжап айтты.

Максвелл теориясының дұрыстығын дәлелдеу үшін жарық қысымын өлшеу маңызды болды. Көптеген ғалымдар солай жасамақшы еді, бірақ жарық қысымы өте аз болғандықтан, image оның сәті келмеді. Ашық күндері 2 ауданға не бары 4×10-8 Н күш өсер етеді. Жарық қысымын алғаш рет атақты орыс физигі Петр Николаевич Лебедев 1900 ж. өлшеді( Лебедов туралы қысқаша мәлімет көрсету слайд арқылы).

Лебедевтің аспабы жіңішке шыны қылға ілінген өте жеңіл стерженьнен тұрады, оған жеңіл қанатшалар жапсырылған.Аспап ауасы сорылып алынған ыдыстың ішіне тұтас орналастырылған. Жарық стерженьнің бір жағына орналасқан қанатшаларға түскен.

Лебедев тәжірибелерін фотондарды импульс болады дегеннің эксперименттік дәлелдемесі ретінде қарастыруға болады.Әдеттегі жағдайларда жарық қысымы өте аз болса да, оның әсері едәуір болуы мүмкін. 

ответил от Ulia
0 голосов

Жарық қысымы – жарықтың шағылдыратын немесе жұтатын денеге түсіретін қысымы. Күн маңынан ұшып өткен кезде құйрықты жұлдыздың (кометаның) құйрығының қисаюына жарық қысымының әсері болатындығын 1619 ж. алғаш рет неміс ғалымы Иоганн Кеплер болжаған. 1873 ж. ағылшын физигі Джеймс Максвелл электрмагниттік теорияға сүйене отырып, жарық қысымының шамасын анықтады.

1899 ж. орыс физигі Петр Лебедев жарықтың қатты денелерге, кейінірек газдарға (1907 – 10) түсіретін қысымын өлшеді.

Жарықтың түсіретін қысымы келесі формуламен анықталады:

image image мұндағы: -шағылу коэффициенті,  -жарық түскен беттің     ауданы,    -жарық интенсивтілігі.

Молекулалардың - кез келген түрленуi — химиялық процесс. Көбiнесе жарықтың әсерiнен молекула ыдырағанда, тiзбектелген химиялық түрленулер басталады. Күн сәулелерiнiң әсерiнен матаның оңуы және күнге тотығу — бұлар жарықтың химиялық әсерінің мысалдары.

image Жапырақтар ауадан көмiрқышқыл газды жұтады да, оның молекулаларын құрама бөлiктерiне: көміртегi мен оттегiне ыдыратады. Орыс биологы Климент Аркадьевич Тимирязев анықтағандай, бұл хлорофилл молекулаларында күн спектрiнiң қызыл сәулелерiнiң әсерiнен орындалады.

Өсімдік неге жасыл түсті? Себебі, клеткада жасыл пигмент – ХЛОРОФИЛЛ бар.   Осы хлорофилл органойдында өсімдіктің бірегей процесі – фотосинтез өтеді.

Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, т.б. пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. 
Терінің не көздің зақымданулары, фотоаллергия жатады.

Фотосинтез процесінің жалпы реакциясы:  6СО2 + 6 Н2О = С6Н12О6 + 6О2

Сабақты бекіту

1. Жұмбақ:  Нені  сандыққа  тыға  алмайсың? (жарықты)

2. Формуланы  жылдам  жазу:

3. Оқулықтағы 8-жаттығу №3,5,7 есептер шығару.

Бағалау.  

Үй тапсырмасы:  Г. Мякишев 11с     §70-71.  Рымкевич есептер жинағынан №1104, 1122, 1125 есептерді шығару.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н.Физика 11-сыныбына арналған оқулық/. -Алматы: Мектеп, 2006     

3. Рымкевич А.П. Физика есептерінін жинағы. -Алматы: Мектеп, 2011

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз