Сағыныш
Сағыныш мені кетті орап,
Үніңе тағы құштармын.
Сырласым болып ақ парақ,
Аңсауға тағы ұсталдым.
Елжіреп, елітіп елеске,
Күн кештім өткен күнменен.
Шуақты сәттер бәрі есте,
Ұмытылмас кезім гүлменен.
Жайнаған кезім жалынмен,
Сұлулық бойды тербетті.
Арпалыс өтті ағынмен,
Көңілде тұрар келбетті.
Үміттен тұрар дүние,
Тілеулес жанмен тартымды.
Құрметке өмір иіле,
Абыройға салмақ артылды.
Күйім боп тұрсың күмбірлеп,
Ән болып әсем шырқалдың.
Жүректе мәңгі үн жүрмек,
Аңсаумен іздеп буырқандым.
Көңілдің болып көктемі,
Жаз болып келдің жаңарып.
Жемісті күзсің, көп кені,
Қыстағы әппақ жаңалық!
Сағыныш мені кетті орап,
Үніңе тағы құштармын.
Сырласым болып ақ парақ,
Аңсауға тағы ұсталдым.
02.11.2009жыл.