Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Сағыныш

Біреу үшін əке қорқынышты бейне болса, енді біреу үшін сағыныш.Əкеге деген сағыныш күн өткен сайын жанын жегідей дендеп барады .Көз алдында суреті,кейде табжылмай отырып қарау дан жалықпайды. Күніге суретін қарап, бір сипап қояды бетін.Гүлжайна əкесінен айырылғанда не бəрі 3 жаста еді.Тіпті əкесінің бейнесі есінде де қалмаған.Атасы мен апасы əкесі туралы айтқанда жаны жадырап кетеді.Əкесінің жасаған істерін қайталағысы келеді.Анасы қанша тəрбиелеседе əкеге деген сағыныш басылар емес.Өйткені ол əкеден қалған жалғыз ескерткіш еді.Өзін елсіз жерде өсіп келе жатқан жалғыз қызғалдаққа теңейді.Жіп-жіңішке ,бойын енді тіктеп,
қалт-құлт етіп басын көтеріп тұрған гүл тектес сияқты сезінетін өзін, кішкентай кезінде.Əкеден қалған жалғыз тұяқ бүгінде қызғалдақ сияқты əлсіз болса да алға қойған талап мақсаттары жоғары.Əкесі жетпеген асуға жету,əкесінің атын шығару.Кішкентай жүректің əкеге деген сағынышы, енді оның мақсат талабына айналды.Сол арқылы əкесінің алдындағы президенттік борышын өтейтінін түсінді.

Сарсенбаева Жақсы Бике

Жамбыл облысы

Қордай ауданы
спросил от аноним в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

+1 голос
Шығарма жақсы жазылған. Алдағы уақытта табыстар тілеймін
ответил от Вопросы и ответы
0 голосов
Шығарма
Сағыныш
Жоспар:

Ι. Өмір қамшының сабындай.
ΙΙ. Әкесіз өмір.
ΙΙΙ. Сағыныш.
ΙV. Естелік.

    Адамзат үшін өмір қамшының сабындай  қысқа ғана екен.Бұрын бұл сөздің мағынасына онша мән бермеп едім.Енді міне, ең қымбат адамнан айрылған соң, бұл сөздің мағынасын терең түсіне бастадым.Кеше ғана өзімді еркелетіп, маңдайымнан иіскеп, еркелеткен әкем, енді бұл өмірде жоқ.
   Асқар таудай, ардақты әкемнің жоғына әлі де сене алар емеспін.Әр балаға ең қымбат ата- анасы екенін жақсы білеміз.Қыз бала әкесіне жақын болады екен.Мен кішкентайымнан әкемнің ерке қызы болдым.Әкемсіз жүре алмайтынмын.Әкем алысқа жұмыс бабымен кетсе, қатты сағынатынмын.Орайы келсе, жол болса анаммен еріп, әкеме баратынмын.Кішкентайдан әкемнің мейірімен өскен балаға, әкесіз өмір сүру өте қиын екен.Өзім қырық жасқа таяп қалсам да, әкем үшін баладай көрінетінмін.Әкем еркелетіп, әр мерекеде сыйлығын даярлап қоятын.Әкесіз өмірімнің әдемі өрнектелген бояуларының түрі азайғандай көрінеді.Шіркін, өмір қайта оралса, әкемді қалай жақсы көретінімді, өмірімнің ең қымбат жан екенін айтар едім.Әрине бұл бос қиял, арман.Өмірдегі жақын адамдардан қысқа уақытта айрылып қалатынын ойламай жүреді екенбіз.Бір күнде көз жазып қалдғанда, сол адамның ең қымбат адам екенін түсінесің.Қарап тұрсаң өмірге келу, өмір сүру, өміріңдегі әрбір адам ыстық көрінеді екен.Сондықтан да, әр адамды бағалай білген дұрыс.Менің әкем мен асыл анам алты ұл, екі қызды оқытып, жақсы тәрбиелеп өсірді.Сегізімізді де ерекше жақсы көрді. Әрбірімізге қол ұшын тигізбей, еркелетіп өсірді.Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға ұшырды.
   Менің арманымның орындалуы үшін, ауылдан қалаға оқуға түсіруге зыр жүгірді.Қазір әкемнің арқасында өзімнің сүйікті мамандығым ұстаздықты атқарыпжүрмін.Әкеме зор алғыс айтамын.Жалғыз қалған сәтте, көзіме жас келіп, әкеммен іштеі сырласамын.Әрі дос, әрі сырлас құрбымдай, әрі ақылшы ұстазымдай болған әкешімді бір көруді аңсаймын.Қазірдің өзінде көзіме жас толып, іштей уаймға салынып отырмын.Енді еқашан маңдайымнан иіскейтін адам болмайтыны, еркелететін тәтті сөздерін естімейтінім, жаныма қатты батады.Әкемнің жатқан жері жарық, топырағы торқа, жаны жұмақта болсын деп тілеймін.Әкенің орны ерекше екенін, енді түсінгендеймін.Ендігі әкеме деген сағынышты, ақ қағаз бетіне түсіріп, мауқымды бір басатындай көрінеді.Әкеме деген сағыныш күннен күнге артуда.Әкемнің артында қалған ұрпақтарына амандық, саулық тілеймін.


Әкешімді сағындым

Әкешімді сағындым, сағынамын,
Өзіңді ойлап, қалың ойға шомыламын.
Кеше ғана қасымда болып едің,
Енді міне, мәңгілікке кете бардың.


Жан жүрегім өзіңді сағынады,
Басқа әкелерге қарап, қызығады,
Әкешімді ешқашан ұмытпаймын,
Жүрегімде мәңгілік сақталады.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
4 ответов
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ