Сағыныш күй.
Сен мені сағын,сағына күткен жан аз ба?
Алшы бір дамыл,бәрін де салшы таразға.
Телміріп тұрып,теберік тілеп тағдырдан,
Сағынғандардың саны аз ба?
Сағынады адам санаға салмақ түскенде,
Алаңдау,аңсау жасалмас зорлық күшпен де.
Жаныңа жақын,өмірде ақыл,демеушің,
Жанардан таныр, қамқоршы сөзбен,іспен де.
Сағыныштағы жылылық неден басталар?
Жан жүрек еріп,көздегі мөлдір жас тамар.
Өзегіңді өртер өкінішіңді өзге сезе ме?
Табиғатыңды түсіне ала ма басқалар?
Сағыныш оты, жылы леп соқты сен жақтан,
Дірілдеп жүрек айныды еркін ырғақтан.
Шуақты күндер өтіпті-ау бастан еске алсақ,
Таусылмай сырлар, аралап қырлар түн қатқан.
Әлемді қимай сарғая күліп, күн батты,
Көл беті көлбеп, мөлдірей қалды сымбатты.
Өрнегін салып, өрілетұғын гүл-өмір,
Бір-бірін аңсап, сағынуыменен қымбатты.
26.12.2008жыл.