Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Сағыныш.
Ажарыңды айыра алмай еліктен,
Сені ойлаумен күлкімді де кеміткем.
Саған қарай аңсары ауып бұл жүрек,
Сағынышы басылмады неліктен?

Арнап саған жырларымның үздігін,
Кешегі жаз сырғып өтіп күз бүгін.
Киік болып көрінгенсің көз тоймас,
Сезім болып өрілгенсің, сөзді ұғын.

Ыстық болып сезілгенсің өрттен де,
Көркем болып көрінгенсің көктемде.
Жанарыңмен жаутаңдадың жәудіреп,
Сағынышың қалып қойды тек менде.
                                       06.07.2008жыл.
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Сағыныш....

Сағындым бәрін, сарғая өткен шақтарым,
Алыста қалды аралап өскен бақтарым.
Балалық шақтың бал күнін есте сақтадым,
Аңсаумен атты ақ таңым...

Сағындым тағы аяулы ата анамды,
Аңсарым ауып жаулап та алды санамды.
Іздедім дағы жаза алмай жанда жарамды,
Тартылыс тылсым ұстап тұр ғажап ғаламды...

Ынтықпын тағы естуге жылы сөзді де,
Көңілім көктем күй болып әлем кезді де.
Алаңдап көңіл, көп ойлар мені езді де,
Серпілтті сезім, жүрегің мені сезді ме???
                                                                                 20.11.2012жыл.
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Сағыныш
Сағыныш мені кетті орап,
Үніңе тағы құштармын.
Сырласым болып ақ парақ,
Аңсауға тағы ұсталдым.

Елжіреп, елітіп елеске,
Күн кештім өткен күнменен.
Шуақты сәттер бәрі есте,
Ұмытылмас кезім гүлменен.

Жайнаған кезім жалынмен,
Сұлулық бойды тербетті.
Арпалыс өтті ағынмен,
Көңілде тұрар келбетті.

Үміттен тұрар дүние,
Тілеулес жанмен тартымды.
Құрметке өмір иіле,
Абыройға салмақ артылды.

Күйім боп тұрсың күмбірлеп,
Ән болып әсем шырқалдың.
Жүректе мәңгі үн жүрмек,
Аңсаумен іздеп буырқандым.

Көңілдің болып көктемі,
Жаз болып келдің жаңарып.
Жемісті күзсің, көп кені,
Қыстағы әппақ жаңалық!

Сағыныш мені кетті орап,
Үніңе тағы құштармын.
Сырласым болып ақ парақ,
Аңсауға тағы ұсталдым.
                                                                                      02.11.2009жыл.
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Сағыныш.
Сағыныш екен ең қиын,
Күтудей азап бар ма екен?
Өмірден алар мың сыйың,
Сақталған ұятың арда екен!

Сағынған жанмен көңіл күй,
Байланып тұрар жіпсіз де.
Хабарын алсаң барлық сый,
Аяулы жанды күткізбе.

Сағыныш екен сарғайтар,
Санаға салмақ түсірер.
Үзілген үміт қартайтар,
Басына түскен түсінер.

Сағыныш екен сезімді,
Ең тәтті сәтке көшірер.
Бақытты балдай кезіңді,
Мәңгілік сақтап, өсірер.

Арманмен адам өтер ме?
Сағыныш кәрі жаста бар.
Табысып тұрып кетерде,
Сағыныш қайта басталар...
                              08.06.2009жыл.
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Сағыныш.
Тағы да сені сағындым,
Жанымнан алыс кеттің де.
Ең ыстық нұрлы шағымның,
Елесі болып өттің де.

Бал шырын әсем бағымның,
Келбетін көркем өптім бе?
Ағысы қатты ағынның,
Кеніне қанып жеттім бе?

Жайнауы қалып лағылдың,
Қиялда кеуіп кептім де.
Тағдырым саған таңылдым,
Езілдім өткен екпінге.

Жоғалттым, қалай жаңылдым?
Аңсарым қалды тек күнде.
Сарғайып күзде сағындым,
Алаңдап, уайым шектім де.

Алыстан үн боп табылдың,
Жұлдызым болып бек түнде.
Жауқазыны деп жанымның,
Қарап та қалам пәк гүлге.

Сұлуы сырлы сағымның,
Жазуы жүрек беттің де.
Аңсаудан моншақ тағындым,
Сезімдей, ыстық  өрттен де.
                            28.09.2009жыл.
ответил от Saiynbek_pro

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка