«Әр бала бір жарық жұлдыз,
жарқырауына жәрдем бер» деген қағиданы ұстанған
бірден-бір өнер шаңырағы Үржар аудандық «Е.Рахмадиев атындағы музыка
мектебі» өз жұмыс барысында шәкіттерді
шығармашылық тұрғыдан қолдауды жүзеге асырады. 7.
Білім беру жүйесінде, оның ішінде
мектептен тыс көп қазыналы мектептердің көркем эстетикалық бағыттағы жұмысы
туралы пікірлер толассыз жалғасуда. Осыны жүзеге асыру мақсатында балалар
музыка мектебі ұжымының мектептен тыс балаларды, өнерге баулуда елеулі жұмыстар
атқаруда.
Е.Рахмадиев атындағы музыка
мектебі 1973 жылы ашылып, 1978
жылы алғашқы түлектерін ұшырды, осы
жылдары ішінде 38 шығарылым кештері өтіп, мыңнан аса оқушыға мектеп бітіру
туралы куәліктері тапсырылды. Мектеп
түлектерінің ішінде әр түрлі маман
иелері - ұстаздар, дәрігерлер, жазушы,
заңгерлер, инженерлер, т.б. маман иелері бар.
Кәзіргі
таңда музыка мектебінде төрт:
фортепиано, ішекті аспаптар, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары
бөлімдері: 10 - арнаулы сыныптарда: фортепиано, скрипка, домбыра-тенор,
қобыз-прима, бас - қобыз, баян,
домра-прима, вокал, шертер, қыл
қобыз аспаптары бойынша 245 оқушы білім алады.
Мектебіміздің 3
филиалы : Мақаншы, Қарақол, Жарбұлақ ауылдарында орналасқан. Мектебіміздің
мәртебесін көтеріп, ұлттық өнерімізді
насихаттауда еңбек етіп келе жатқан орта және жоғары білімді, білімге, өнерге
бай ұстаздар көп.
Педагогикалық ұжымының 30 пайызын
өз шәкірттері құрайды. Оқу жылының басында педагогикалық кенестің
шешімімен оқу жылына, оқу тәрбие
жұмыстарының жоспарлары бекітіледі. Академиялық концерт, техникалық сынақ,
тыңдаулар мен ашық сабақтар, тәрізді
оқыту процестерімен қатар әр
түрлі кештер, мейрамдар, семинарлар, сайыстар, лекция - концерттер,
байқаулар енгізілген.
Туа
біткен талантты, дарынды балалар болса ерекше көңіл аударылып қосымша жұмыстар
жүргізіледі. Таңдаған аспабын жетік меңгеру үшін әртүрлі инновациялық әдіс-тәсілдер қолданып, оңай шығармадан
күрделі шығармаларға дейін, қазақ, орыс, шетел шығармаларын кәсіби тұрғыда
талдап, нақышына келтіріп ойнауға дағдыландыру іске асырылады. Осындай дарынды
оқушыларды аудандық, облыстық, республикалық конкурстарға, концерттерге
қатыстырып, сахна мәдениетіне тәрбиелеп, артистік қабілеттерін
жетілдіру – ұстаздар алдындағы үлкен міндет. 8.
«Әнге
әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге
ғашық болып өседі» - деп М.Әуезов айтқандай, музыка олардың өмірлерінде де әсер
қалтыратыны сөзсіз. Дегенменде қабілеті
жақсы дарынды балалар ары қарай музыкалық білімді жалғастырып кәсіпқой музыкант
болғандары да аз емес. Қазір олар Қазақстанның, Ресейдің, тіпті алыс шет
елдердің түкпір-түкпірінде өнер, білім
және мәдениет салаларында қызмет істеуде.
Мектеп оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық
деңгейдегі фестиваль-сайыстар мен
конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Мектеп ұжымы аудан ішінде өтетін
барлық мәдени шараларға қатысып,
белсенділік танытып отырады. Аудандағы
«Көңіл толқыны» қазақ халық аспаптар
оркестрінің, «Барқытбел» фольклорлық
ансамблінің белді мүшелері.
2013 жылы мектебіміз Халықаралық
/Россия, Қазақстан, Украина, Беларусь/
бизнес-рейтингтің қорытындысы бойынша «Сала көшбасшысы» медалімен
марапатталды.
2015 жылы
қазан айында мектебімізде «Оқушының жеке тұлғасын әлеуметтендіру
факторы ретіндегі негізгі және қосымша білім берудің интеграциясы» атты өңірлік семинар өтті. Оған Шығыс Қазақстан
облыстық Білім басқармасы «Шығыс»
Өңірлік Орталығының Тәрбие ісі жөніндегі кабинеттің меңгерушісі Каусов Амангелді Әділбекұлы және осы кабинеттің әдіскері Нурмухамедова
Эльста Алибекқызының қатысуымен Тарбағатай, Аягөз, Зайсан, Ақсуат, Жарма,
Көкпекті т.б аудандардың
музыка мектептері, өнер мектебі мен жас техниктер станциясының
жетекшілері, шығармашылық үйлерінің
ұстаздары қатысты. Онда мектептің тыныс
– тіршілігі, жетістіктері, тәжірибелі ұстаздардың жұмыстарымен танысып, пікір
алмасты.
Өнердің қай саласы болмасын, ұлттық
тамырынан нәр алып, соны негіз етіп, дамитынын бүгінде мойындамауға болмайды.
Ұлттан алыстаған өнердің құны болмайтыны қашанда шындық. Өйткені, өнер – ұлттың болмысы, арманы, туған
тарихы. Келешек ұрпағымыздың білімді де
білікті болуына негіз қалау – басты борышымыз.
Аталар сөзімен өсіп-өнген, бабалар
бұлағынан нәр алған, даналар өсиетінен тәрбие алған, ұлылар ұлағатына тағзым
еткен, ұрпағымызды тәрбиелеу -
ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгі келер тарихқа аманаты.