Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Рухани -адамгершілік білім беру бағдарламасына ықпалдастыру іс-тəжірибелері, жаңа бағыттары туралы
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасына ықпалдастыру әлеуеті: іс-тәжірибелері, жаңа бағыттары

Адилшиева Гаухар Маратжановна
Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебі
5- сынып жетекшісі

 «Балаңды өз тәрбиеңмен
тәрбиелеме, өз ұлтыңның
тәрбиесімен тәрбиеле!»
 Халық мақалы

Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі, оңтайлы өзгерістер пайда болып, жүзеге асырылуда. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”, “2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы”, “Мәдени мұра” бағдарламасы қолдау тауып, үлкен іс-әрекеттер орындалып, жасампаздық пен жаңарулар туындап, барлық салаға дамыту алып келу кезеңінде, оқу орындарының педагогикалық үдерісіндегі тәрбие салаларындағы жұмыстарға жаңа белесте, тың көзқарастармен қарауды алға қояды, жауапкершілікті, талапты туындатады.
Осыған орай қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында адамның адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, әсіресе, адамның бойында құндылықты, отаншылдықты, ұлтжандылықты қалыптастыру міндеті тұр. Себебі, ХХІ ғасырдың басында адамзаттың алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір елде тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту, азаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды өмірге ендіру, қоршаған ортаны қорғау, спорт, дін салаларында ынтымақтастықты арттыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Осы мәселелерді шешуге жасөспірімдердің лайықты үлестерін қосу үшін адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға оқушылардың бейім-қабілеттерін дамытуға өзін-өзі қатыстыруды, жағдай туғызу қажет.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да қоғамның дамуы мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы деңгейге көтерілуі білім берудің сапасын арттыруға тікелей байланысты екендігі көрсетілген. Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден телекоммуникация, ақпараттық, интернеттік байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ азғынданудың да қатарласа дамуы мүмкін. Жеткіншіктердің санасын түрлі жолдармен уландыру тәрбие жұмыстары әлеуеттерінің әлсіреуі, нашақорлық, жұмыссыздық, тастанды балалар санының көбеюі, кейбір сапалардың төмендігі де ықпал жасайды. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын бұзатын жәйттердің бірі – дүниеқұмарлық. Нарық заманы біреуді бай етсе, біреуді кедейлендіріп, дүниенің қызығы адамгершілік міндеттерінен ажыратуға себеп болады. Болашағымыз – жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік, еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен қайырымдылық, өзін -өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін білуі және оларды игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды болмақ.
 Адамгершілік тақырыбы –мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата- ана мен ұстаздардың басты міндеті.
 Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар көзі – халқында,отбасында, олардың өнерлерінде, әдет – ғұрпында.Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс –тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,- дейді.Демек, шәкіртке жан жақты терең білім беріп оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
 Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам тәрбиесі .Сол келешек қоғам иелерін жан- жақты жетелеген, ақыл парасаты мол ,мәдени ғылыми өріс озық етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз .Мектептегі адамгершілік тәрбиесі балалардың адамгершілік сана- сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда ,адалдық пен шыншылдық, адамгершілік ,кішіпейілділік ,қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен

сыпайылылық ,үлкенді сыйлау мен ибалық –адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері . Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білген ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан – жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.
 Халқымыздың әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық , ізеттілік, қонақжайлылық секілді асылда абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл – парасатына азық ете білу тек ұстаздың ғана емес, жанұяның да міндеті.
 Ата – ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ . Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бірімізде білеміз. Балалардың үйден көргені, етене жақындарынан естігені – ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.
Жасөспірім тәлім –тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, мұғалімдерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
 Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін- өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім- тәрбие берілуі керек.
 Баға жетпес игі бастаманы дер кезінде дұрыс жолға қоймаған балаға, жас кезінен көңіл бөлмеген отбасында тәрбиеленген бала тентек, өтірік айтқыш, екіжүзді, адам сыйлауды білмейтін, өркөкірек, тікмінез, қасарыспа болып өседі.Олар үшін адамгершіліктің құны көк тиын болары сөзсіз.
 «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам»,- депті Ақан Сері. Олар: жалған айтпағандығым, жақсылықты сатпағандығым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбағандығым Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. Өз құдайынан айырылған адам боскеуде, өлгенмен тең»деген екен. Шындығында ол ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сеніммен қарап, әрбір іс- әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне - өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету жолында сан алуан кедергілер орын алуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
 «Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз – адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақан Серінің осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек – ұлы жеңіс болары анық.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Жомарттық Амандасу Кішіпейілділік
 Тәртіптілік
 Қайырымдылық


 Қанағат
 
 Сабырлық Әдептілік
 Ынсап Адалдық

 
 Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани –адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту – заман талабы. Рухани бай тұлғаны қалыптастыру деп аталатын жалпыадамзаттық мәселе, Қазақстан үшін ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр.Бүкіл әлем жұртшылығы сияқты жаңа мыңжылдықта білім беру міндеттерін шешуге кіріскен, Қазақстан әрі заман рухына, әрі өз халқының діліне сай келетін ұлттық білім беру үлгісін іздестіруде.
 Ұлтты ұлт ретінде танытатын үш нәрсе бар: бірі – қасиетті Жер – Ана, екіншісі –тіл, үшіншісі – Қазақтың дәстүрі, ұлттық құндылықтары.
 Қайырымдылық, адалдық, ізеттілік, мейірімділік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіре білу біздің парызымыз.
 Рухани білім беру мәселесінің көкейкестілігі , әсіресе мектеп жасында арта түседі. Мектеп басшылығы мен мұғалімдер арасында және мұғалім мен шәкірт арасында түсіністік, мәдениетті орта жасалынып, әміршілдік пен өктемдікке қажеттілік жойылады. Мектептерде рухани таным мәдениеті қалыптасады.Жеткіншектерде өмірдегі өз орнына сын көзбен қарауға талпынады.
 Ендеше, олардың тағдырына немқұрайлықпен қарауға мұғалімнің әуел бастан құқығы жоқ. Сол себепті де шәкірттердің бойындағы адаигершіліктің төмен болуын педагогикалық қателіктің салдары деуге болады.
 Рухани – адамгершілік ұғымының мәні мен мағынасына көз жүгіртер болсақ, ол қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты білдіретін моральдық ұғым. Ал, адамгершілік тәрбиесі – ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы болып табылады. Осы деңгейге жету үшін бала өзі нақты адамгершілік қатынастар мен мінез – құлықтарын тәжірибеге енгізуі қажет. Мұндай тәжірибелік жұмыстарға ақыл –ой тәрбиесі, жан тәрбиесі, отбасы тәрбиесі ендірілген тренингтер, тезистер, топпен жұмыс, өзіне - өзі баға беру, экологиялық тәрбие беру, дидактикалық, спорттық, шығармашылық, интеллектуалдық ойындар, дүниетанымдық қойылымдар жатады.
 Білім беру мекемелерінде баланың ой - өрісі , сөйлеу жылдамдығы, сөздік қорының артуы, өзіндік пікірінің дұрыс қалыптасуы үшін орта буын оқушыларымен «Аяқталмаған тезис» әдісінің берері мол.
 Француз психологы Жан Пиаже: «Адамгершілік дамудың: балалар үлкендер талабын орындау барысында және өзінің қатарымен қарым – қатынаста дамиды» деген екі кезеңін көрсетеді. Балаларды айналадағыларды көре білуге үйрету біздің басты мақсатымыз. Балаларға: «Әлдекім сендерге жаман сөз айтса, сендерді ызаландрғысы немесе жәбірлегісі келсе, онда бұл адамның сендердің сезімдеріңді бақылай білушіліктеріңді тексергені. Оның көмегінсіз біздің жеке басымыздың әлсіздігін жеңе білетін қажетті тәжірибе болмаған болар еді. Олай болса ол сенің көмекшің, ол саған өзіңді тәрбиелеуге көмектеседі»- деп түсіндіру қажет. Мұндай толғаныстар біз таңдаған адамгершілік құндылықтар мен қағидаларды анықтап, адамгершілікке лайықты шешім қабылдауды қажет етеді. Сондықтан да біз өмірімізде адамгершілік құндылықтарды таңдауымыз әрқайсымыз үшін маңызды. Одан балалардың мінез – құлқы, тұлғалық қасиеті дамиды. Осы мақсатта өскелең ұрпақтың адамгершілік – рухани даму мәселелерін бірлесе әзірлеу, шешу жолында балалар құқығын қорғау мәселесімен барлық білім беру мекемелері, жоғарғы оқу орындарының үйлесімді жұмыс жүргізгендері өте орынды болар еді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Сонымен адамгершілік құндылық дегеніміз не? Құндылық – ол адамның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, сөйлеу мәдениеті, қызығушылығы, еңбек сүйгіштігі, қоршаған қоғамдық ортада алатын орны екені тарихи-педагогикалық әдебиеттерде айқындалған.
Мәдениетті деген ұғым әдепті, білімді, сауатты, түсінігі жеткілікті, өз заманның алдыңғы буыны екендігі туралы ойға келеді. Ақиқат, еркіндік, сұлулық, игілік тәрізді рухани әлемнің құндылықтарын табиғи әлеммен байланыстыра қалыптасуымен бірге нақты әсерлер мен ақыл-ой санасы байланысты болып келеді.
 Түйіндей келгенде, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы мәселе - өмір. Өмір – адамның күнделікті және өмір бойында жалғасатын тіршілік. Тіршілік иесі ертеңін ойлап еңбек етеді, білім алады, тәжірибе жинақтауды, өмірдің мәні де сонда, жалғасы, ізбасары, көмекшісі болуында, қуаныш пен қайғы, бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ сияқты құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетеді.
В.Франкл айтқандай өмір мәнін адам жаны ұмтылатын рухани деп түсіндіреді. Өмір мәнін түсіну әр түрлі жас кезеңінде және әртүрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мән беруі тиіс, әйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мәні жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мәнін іздестіру адам үшін табиғи құбылыс болып саналады.
Еліміздің қазіргі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізін зерттеу барысында, өзіндік жаңа ұстанымға негіздей келе, жалпы адамзаттық құндылықтар ішінен Адам, Еңбек, Білім, Отбасы, Ұлт, Бейбітшілік, Жер, Отан, Мәдениет деген құндылықтарға, ерекше назарымызды аудардық.
 Жоғарыда айтылған пікірлерді тұжырымдай келіп, қорытындыласақ: құндылық зат та, нәрсе де, мәселе де емес, олардың қасиеттері де емес, ол адам ойының қандай да бір жоғары түрі екендігі анықталады. Құндылықтар дегеніміз – ұнатқан игіліктер мен оларға қол жеткізу тәсілдері туралы қорытындылаған, белгілі көзқарастар, орнықты ойлар, үлгі аларлық объектінің озық тәжірибелері, сыннан өткен пікірлер арқылы өзінің мінез-құлқын анықтайды.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтармен тәрбиелеу мәселесінде баланың ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында сыныптан тыс жұмыстар арқылы ізденістер жасаймыз. Ол үшін:
- оқушылардың іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әртүрлі қабілеттер мен қажеттіліктерді бойға жинақталған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибелерде нақты жүзеге асырылатын үдеріс;
- олардың адамгершілік жолындағы ізденістер білімнің, біліктің және дағдының жай жиынтығы емес;
- оқушылар ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, ұжымшылдығы, білім және басқа да көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді.
Сыныпта қайырымдылық, адалдық, ізгілік, батылдық қасиеттер ерекше бағаланады, тіпті жеке тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Оларды төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
1. Ұжымшылдық – жұмыла бірлескен іс-әрекет, ынтымақтастық және ұйымшыл орта (ауызбіршілік, татулық, сыйластық);
2. Ұжымшылдық – топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық (өтірік айтпау, ұрлық жасамау, уәдеде тұру);
3. Ұжымшылдық–ынтымақтастық, өзара түсіністік, басқаларға қамқорлық (көмектесу, ақыл-кеңес беру және т.б.). Демек, адамгершілік күрделі құбылыс болып табылатынын ескерген жөн.
Ал, бүгінгі күндегі оқушы бойындағы адамгершілік құндылықтарының мәні мен мазмұнына келсек:
- оқушы жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен жеке қазақ халқына тән құндылықтарды анықтап тануға, одан қажеттісін ала білуге бағдарланған, ғалымның қол жеткен ғылыми жетістіктерді өздігінен білім алу дербісінде қолдануға, жаңашыл, қайырымды, туған елін, жерін отбасын, Отанын, мектебін сүйетін және олардың алдында парызын түсініп, бар құндылықтарды толықтыра түсетін, табиғатты, өсімдіктер мен жан-жануарларға қамқор болуы керек;
- бүгінгі күнгі жеткіншек еңбек етуге қабілетті, жинақты, ұқыпты, іскер, өз қажеттілігіне орай болашақ мамандығын таңдаған, жауапкершілігін түсінетін, өзін-өзі қызмет етуге дағдыланған, уақытты тиімді пайдаланатын, қоғам – адам өміріндегі еңбектің орнын түсінген, жауапсыздықты, еріншектікті, табиғат байлықтарын рәсуә етушілерді жаны сүймейтін, оқу-тәрбие үрдісінде білім мен ғылым негіздерін сапалы игеріп, болашақ кәсіпкерлікті шығармашылық деңгейде көрсете білуі керек,
- оқушы – дені сау, төзімді, шымыр, ширақ, қайратты, сымбатты, талғампаз, батыл, өжет, салауатты, жүйкесі мықты, Отанын қорғауға даяр, жеке бас гигиенасын сақтайтын, жұмыс орнын жинақты ұстайтын, зиянды әдеттерден аулақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылатын, адамға тән қасиеттерді бойына сіңірген әлеуметтік белсенді жеткіншек болып өсуіне қол жеткізу.
 Жоғарыдағы осы айтылған жеткіншектердегі адамгершілік құндылықтарының мәні мен мазмұны жүйелі түзілген педагогикалық шарттар және оның моделі арқылы жүзеге асатындықтан бұл мәселеге де көңіл бөлінді.
Әр түрлі әлеуметтік жағдайлар балаға түрліше әсер етіп, бір-бірімен байланысып, жалғасын табуында да қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан, жеке дара ерекшеліктері мен әрбір тұлғаның эмоциясын, жігер-қайратын, көңіл-күйін ескеріп, білім беретін мектептердің оқу тәрбие жұмыстарында қазіргі экономика, әлеуметтік, нарық замандарына сай жаңаша, өмір талаптарына сай өзгерістердің болып, қарым-қатынастарында бейім-қабілеттерін дамытуға үлгі аларлықтай бағыттар болатындығына күмән жоқ.
Қазіргі нарық заманында ХХІ ғасырдағы ауыл мектептерінің көпшілігінде кешенді тәрбие үдерісі негізінен 8 бағытта, атап айтқанда: адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық, саяси сауаттылық тәрбие бағыттары бойынша жүргізіледі. Оқу-тәрбие жұмыстарында адамгершілік бағытындағы тәрбие жұмыстарына назар аударсақ мәнді адамгершілік құндылықтары қалыптастырылады. Ол дегеніміз оқушыларда әдепті, мәдениетті, білімді, мейірманды, қайырымды болып өсуі арқылы адамгершілік құндылықтары жетілдіріледі.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы