Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

«Бала тәрбиесіндегі ата- ана рөлі»

Треинингтің өту жоспары:

Мақсаты:Қазіргі кездегі баланың дамуына ,жеке тұлға болып қалыптасуына ата –ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып қарым- қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.

Міндеттері:Ата –аналардың балабақшамен тығыз байланысын арттыру. Ата –аналарды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиесінің аз да болса жоғарлауына ықпал ету.

Қажетті құрал – жабдықтар:үлестірілмелі қағаздар, А4форма,қалам , доп және мақал –мәтелдер плакат,т .б.

Әдістері:пікір алмасу, сұрақ-жауап,тест, психологиялық жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы:

1. «Танысу» жаттығуы.

2. Топқа бөлу .

3. «Ата –ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік туралы» қағидалар.Аяқталмаған мақалдар.

4. Ой жинақтау .

5. «Жанұя ойыны »сергіту жаттығуы

6. Ситуацядық сұрақтар.

7. Тест «Бала тәрбиесі»,«Ашық айтсам.» анкетасы.

Психолог сөзі :

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар !

Бүгінгі біздің « Бала тәрбиесіндегі ата – ана ролі » атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер ! Ата –ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы ,еңбек сұйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы бастан бақпасаң ,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай боларсың,

Кешкенің өмір босқа тек , – дегендей, баланың ыстық – суығына күймейтін , жақсылығына сүйінбейтін ата – ана жоқ шығар . Балаға білім , тәрбие беруде басты тұлға ұстаз балса ,оны жалғастырушы , демеуші –ата-ана.

1. «Танысу» жаттығуы .

Ата –аналар шеңбер бойымен тұрып , әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.

Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді ?

2. Топқа бөлу .

Ата – аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды.Түстер бойынша топ құрып , үстелдерге жайғасаып отырады.

3. Тақырып . «Ата –ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік»

Мақал – мәтел жарысы , аяқталмаған мақал – мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау.

4.Ой жинақтау .

Үш топқа тақырып беріледі . Ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

1топ .Баланы сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар .

2топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері .

3 топ .Бала үшін тәрбиеші мен ата – ана арасында қандай байланысболуы керек ?

4. «Жанұя ойыны » сергіту жаттығуы :

1. Балаңыдың туған күні ?

2. Топ тәрбиешісінің толық аты –жөні ?

3. Балаңыздың парталас көршісі кім ?

4. Балаңыз қандай қандай өлшемді аяқ киім киеді?

5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6. Балаңыздың сүйікті ісі?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

Ата-аналар ортаға шығып ,сұрақтарға тез жауап береді.

6.Ситуациялық сұрақтар

Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп

алып,сұрақтарға жауап береді.

1.Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса не істер едіңіз?

2.Баламен сөйлесе білуде үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрнеді. Мысалы: түн неге қараңғы? Күн қайда кетті?Ұшақ қалай ұшады? … деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба,әлде елеусіз қалдырасызба?

3.Сізге балабақшадағы тәрбиешілер «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік.Не істейсіз?Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс- әрекетіне көңілі толмай : «Сен сала алмайсын, сен істей алмайсың» ,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5.Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиеші сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алады. Сіздің әрекетіңіз?

Қорытынды:«Жан- жүрек жылуы» жаттығу.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ