Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от аноним в категории Семья, Дом, Дети

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Қазақ халқы қыз тәрбиесiне ерекше қарап, оның өзiндiк ерекшелiгiн ескере тәрбиелеген.
Жаным — арымның садағасы. Қазақ халқы неке тазалығына, қалыңдықтың арын сақтап, қыздың қасиетiн жоғары ұстауына өте зор мән берген. “Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын” деп, ата-бабаларымыз қыздың абыройын бүкiл ауыл-аймақ болып қорғаған.
Неке тазалығы — болашақ шаңырақты  қолайсыз жағдайда қалдырмау үшiн бойжеткен қыздарды жеңге-лерi үнемi қорғап жүрген. Айт пен тойға бiрге барып, жалғыз жiбермейтiн болған. Ар тазалығы үшiн күрестi жоғары санаған ата-бабаларымыз ”қыз қылығымен” деп, әдептi, инабатты, арлы болуын қалаған. ”Жаным — арымның садағасы” деп санаған.
Ар тазалығы отбасы берiктiгiне де себепкер болған.    Қазан төңкерiсiне дейiнгi отбасында айрылысу, баланы тiрi жетiм ету дегеннiң болмауына да осы ар тазалығы үлкен әсер еткен.
Бұл тұрғыда мектебімізде ерте жүктілік және оның алдын-алу бағытында түрлі іс-шаралар жоспарланып, жоспарға сай жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде, мектебімізде ерте жүктілікке қатысты тіркеуде тұрған оқушы жоқ.  
Ұлттық құндылықтарымыздың санатына сәндік әшекей бұйымдарды да жатқызуға болады. Сәндік әшекей бұйымдар – тазалық таразысы. Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.
Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап  алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар.
Мұндай әшекей-нақыштар жүн бұйымдарының (текемет, сырмақ, алаша, қоржын т.б.), киіз үйдің бау-басқұрларының, ат жабдықтарының (былғары тоқым, кежім, жабу), құрылыс-сәулет орындарының (есік, маңдайша, ұстын, жақтау, дуал және т.б.), киім-кешектердің, ыдыс-аяқтар мен жиһаздардың, қару-жарақтардың т.б. өн бойында қолданылады. Қазақта әшекейленбеген зат, бұйым жоқ деуге болады, себебі қазақ қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы әшекейлерді өңдеп, түрлендіріп, жетілдіріп қолданып отырған. Кәсіби деңгейдегі шеберлер қазақ даласының әр өңірінде болған.
Сырға мен сақинаның қазақ салт-дәстүрінде алар орны ерекше. Бұл екі бұйым да алтын және күмістен жасалады. Ықы¬лым заманнан келе жатқан зергерлік бұйымдар қатарында. Қыз бала жеті жасқа толғанда оның құлағын тесіп, сырға тағатын бол¬ған. Бұл - баланың білімге, ілімге назар аударатын уақыты. Яғни сырға салғаннан кейін, қуыршақ ойнауды қояды. Ал бүгінде баланың тұсауын кеспес¬тен, құлағына сырға салатын болдық. Әрине, мұның мәнін ешкім де түсіндіріп бере алмайды. Сақи¬наны да сәнге айналдырып алдық. Той-томалақсыз-ақ, барын қолдарына жалт-жұлт етіп тағып алатын бикештер қатары артты. Атам қазақ «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас»  деп айтып кеткен. Ертеде халқымыз ас адал болу үшін, тамақ даярлайтын әйел қолында міндетті түрде сақи¬на не жүзік болуы керек деп есептеген. Себебі, сақина соғылатын күміс, алтынның даттану¬ға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа пайдалы әсер ететінін сол кезде білген. Тіпті күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншектер нәрес¬тесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек жаялығын жуар сәтте, оған сол үйдің үлкендері: «Қолыңа сақина салып¬ ал, тазалыққа тән болады», - деп ескертіп жүреді. Біреу білер, біреу білмес, бірақ қазақ халқының «ит аяғына салу» дәс¬түрі бойынша, жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда не «есік көруге» шақырылғанда, әйелдер мен әжелер оған «итаяғына сал» деп сақина, күміс жүзік сияқты заттарды береді. «Ит¬ая-ғына салу» дегеніміз – келіншек  босанып, баланың «шілде суын¬а» әлгіндей күміс жүзік, сақина, түйме секілді заттарды¬ ыдысқа салады. Содан кейін жүзік салынған суға нәрестені жуындырған. Шомылдырып болғаннан кейін, әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алады. Мұнда¬ғы мақсат сыйлық жасау емес, асыл бұйымдарды қасиетті санау¬дан, тазалыққа мән бе¬руден шыққан. Жақсылыққа жорып, бұл фәниде әрдайым сыңғырлаған күмісті көлде шомылсын, «басы алтын, ар-қасы күміс» жаратылмаған пендесін алтындай, күмістей қымбат етпек болғаны шығар.
Бүгінде сақина неке қиған екі жастың символына айналды. Неке жүзік арқылы адамдардың отбасылы екендіктерін айырамыз. Бір қызығы, уақыт өткен сайын қолданыстағы неке сақиналарының бейнесі де, пішіні де өзгеріп келеді. Мәселен, бұрнағы жылдары жіңішке неке сақина¬ сән болса, ал бүгіндері жалпақ, қалың неке сақинасы көп сұранысқа ие. Сақинаның қалың болуы некеде екендігін анығырақ айшықтаудың, иесінің отбасылы екендігін дәлелдей түсуінің жаңа тәсіліндей. Бір айта кетерлігі, ер адамдарға алтыннан жасалған бұйым тағуға шариғатта тыйым салынған.
«Дәстүрдің озығы бар, тозы¬ғы бар»  дегендей, бүгінде қыз балаға балиғат жасында сырға салуға қарсы шығып жат¬қандар бар. Керісінше, бесік¬тен белі шықпастан балаларының аузы-мұрнына дейін сыр¬ға тағып, «бояушы, бояушы дегенге сақалын бояптының» керін келтіріп жүргендер де кездеседі. Негізі қазақ халқында сақина мен сырғаның орны ерекше. Тек батысқа еліктеп, артық қыламыз деп, тыртық қылып жүрген жайымыз бар.
ответил от аноним
0 голосов
Мұндай сұрқия іс-әрекетке бой бермес үшін, менің ойымша, әр ана, әр тәлімгер, ең алдымен, өз бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, оны қыз бала бойына құюға жұмыстануы керек.
Осы тұрғыда Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» атты кітабындағы мына бір жолдар еріксіз еске оралады.
-Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі ол жерге көп көзінің құрты түскіш келеді;
-Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың;
-Қарқылдап күлу – дарақылық белгісі!
-Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны жетіп жатыр;
-Ауыз шешендік әркімде болады.Әсіресе, қыздың аузы сүйреңдеп, көп сөйлемегені абзал. Өйткені, қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы – бәрі де сайрап тұрған сөз;
-Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді;
-Махаббат барша байлықтан күшті;
-Еркекке жүрек, әйелге тірек керек;
-Жазғы салқыннан жаныңды аяма;
-Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
Жоғарыда атап көрсетілген ұлттық құндылықтарымызға ой жүгіртіп, бір сәт құлақ түріп, қыз бала бойына дарытуға жұмыстанар болсақ, қазақ қыздары ешқашан ардан аттамас еді.
Қыз бала тәрбиесіне тек ата-ана немесе мұғалімдер ғана емес, қоғам болып алаңдауымыз керек. Себебі, ертеңгі ел болашағы – қыз балаға тікелей қатысты. Қыздарымыздың бүгінгі жағдайы осы болса, олардан үлгі алар болашақ бүлдіршін қыздарымыздың ертеңін елестетудің өзі қорқынышты. Әрине, мен көпке топырақ шашудан аулақпын. Көргенді ата-ана тәрбиесін алып өсіп келе жатқан бойжеткендеріміз де баршылық. Алайда, ескеретін бір жай – «бір құмалақтың бір қарын майды шірітпесе» болғаны.
Тек өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады.
Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы.    
          Ертеңгі күні не болатынын білмегендіктен, тек өздеріне сеніп, бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін адамдар тобына айналып бара жатырмыз ба? – деп қорқамыз. Себебі, біздің қоршаған ортамыз келген жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Сондықтан шығар, біз, өзіміздің адами құндылықтарымызды жоғалтып, кейбірі ну орманның ішінде жүргендей адасып, теріс жолға түскендері қаншама?
Қазір қазақ қыздары бұзылу қаупін бастан кешіруде. Олардың бірсыпырасының әрекеттері ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны байқалады: ар сақтау, ұятты білу, үлкенді ардақтау, кішіні құрметтеу, адамды сыйлау ұмытылып барады, тіпті жойылып барады деуге болады. Сондықтан барлық оқу орындарында қыз тәрбиесіне арналған арнаулы курс жүргізілсе, бұл ұлттық маңызы бар оқиға болар еді. Қыз тәрбиесіне байланысты арнаулы оқулықтар шығарылуы қажет.
        Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та молынан табылады. Жас өскін талшыбық сияқты. Оны аялап-мәпелесең, бәйтерек болып өседі. Қыздар саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінеріміз хақ.        Жастардан жиіркенуге шақырудан аулақпын. Күнделікті өмірде  тіл мен сипаты бұзылмаған, көркемділігі мен инабаттылығы бойына жарасқан қаракөз апай-сіңілдерімізді топтап жолықтыруға болады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай заман ағымынан қалмау – уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің тірегі жастар! Ал біздің жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз мол! Қыздарымыз сұрқия саясаттың құрбаны болмай, ар-намысы мен ожданын биік қояр қазақ қызы деген атқа лайық болсын!
ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов