Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы Қарамұрт ауылы

№ 57 И.В. Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің

4-«Б» сынып оқушысы Мухсумбаев Лазизбек

мұғалімі Наралиева Каромат Сайдинабиевна

Математика - ғылымдардың жарық жұлдызы

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық.

Абай

Математика... Сені жұрт «ғылымдар патшасы» деп құрметтейді. Ал мен үшін сен биік шың болып алыстан көз тартасың. Кейде сенің ұшар басыңа қиялап қыран, өрмелеп жылан шыға алмай жатады. Саған талпынып биігіңе жетсе, көлеңкеде емес, күн көзі шыжғырып тұратын күнгейден көрінуі керек! Ал мен биік шыңның шынарында тұрмасам да, тырбанып алға ғана ұмтылып, өрмелеп жатқаныма мәзбін. Шыңыңа жетермін бе, әлде жетпеспін бе? Жалпы адамзат тарихына үңілсек, математика ғылымының кіндігі де, тұсауы да кесілген жер – ертедегі Шығыс, яғни ежелгі Египетте, Финикияда, Қытай мен Индияда, екі өзен аралығындағы Вавилонда алғашқы математикалық тұжырымдар пайда болған. Сайын далада көшпелі ғұмыр кешкен біздің ата–бабаларымыз үшін де математика ғылымы жат болмаған. Қазақ – тумысынан математик, дарынды да қарымды халық. Оған ешкімнің дауы болмаса керек. Қай дәуірді алсаң да, қазақтың қайраткерлері айбынымен де, айбарымен де, ақыл-парасатымен де, қарым-қабілетімен де дараланып тұрады ғой. Ғылымды өмірінің мән-мағынасына балаған, мамандығын ар туындай ұстаған Асқар Жұмаділдаев «Қазақ балалары математикаға өте қабілетті келетіні рас. Қазақ – ілім-білімнің кез келген саласына бейім халық. Оның бір себебі – біздің ұлтымыздың өз тарихында көп сұрыпталғанынан. Небір алапатқа ұшырадық. Мұндай құбылыс адам бойында ширығуды, өмірге, қоғамға икемделе өмір сүруге деген ішкі түйсікті оятады. Ішкі түйсік логикаға, ал логика есепке жетелейді», - деген болатын. Сондай-ақ, ол ертедегі қазақ жылқышыларының алдынан ағын судай жөңкіліп өтіп жатқан үйір-үйір жылқыны көзбен «іліп» санап үлгеретіні және ойыншы жігіттердің «теңге ілу», «жамбы ату» ойындарында теңгені қапысыз іліп алу не жамбыны қағып түсіру үшін белгілі бір арақашықтықты, ағызып келе жатқан аттың жылдамдығын, қас-қағым уақытты асқан дәлдікпен есептеп әрі тепе-теңдік сақтауы қазақтың асқан математикалық интуицияға, қабілетке ие болғанын дәлелдейтіні жөнінде әдемі пікірін білдірді. Ғалым-математик өзінің осы сұхбатында батырлар жырын қызыға оқып өскен қазақ баласы ондағы бейнеленетін тұлпарлар шабысына еліктемей тұрмайтынын да айтады. «Себебі бұл – динамиканың, қозғалыстың көзге көрінбес жері, ықпалы. Динамика – математиканың қозғаушы элементі», - деп тұжырым жасайды. Асқар Жұмаділдаев ағамыздың осы ой-толғамдарының алдында мен бас ием. Сары далада ұшқан құспен, жүгірген аңмен, жауған жаңбырмен, соққан желмен жарыса өскен қазақ баласының қанында ата-бабаларынан дарыған қисын, логика, динамика бар екендігіне көзім жеткені рас. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйсінерге жарар ол», - деп Абай атамыз айтпақшы, қазақ жерінде математиканың сүйегін кемірген ғалым ағаларымыз баршылық. Солардың ішінде ауызға бірінші түсетіні – Әлімхан Ермеков. Өткен ғасырдың басында ерекше зеректігімен көзге түскен ол – қазақ топырағында тұңғыш математик ғана емес, халқының ұлттық мүддесі үшін күрескен қайраткер. Тарих көшінде өзіндік ізін қалдырған тағы да бір екінші тұлға – Сәдуақас Боқаев Хасенұлы. Ол – физика-математика ғылымдары бойынша қазақтан шыққан тұңғыш ғалым. Өзінің қысқа, бірақ жарқын да мазмұнды өмірінде математика ғылымын дамытуға зор үлес қосқан. Сәдуақас ағамыз, өкінішке орай, 1937 жылы репрессияға ұшырап, ажал оғына атылды. Ол атаның ғана емес, күллі қазақ халқының сүйген перзенті болып қала бермек.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
спросил от аноним в категории Естественные науки
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ