1. Бөлшектерді процентпен жазыңдар: 0,2; 0,8; 0,75; 2,3. 2. Кітапханада 35 000 кітап бар. Оның 22%-і әдеби кітаптар. Кітапханадағы әдеби кітаптардың саны қанша? 3. Бензин құйған соң біраз жүргеннен кейін машинаның бензин құятын багында 25 л бензин қалды. Бұл алғашында құйылған бензиннің 50% -індей. Машинаның бензин құятын багында алғашында неше литр бензин болған? 4. Сынып оқушыларының 40%-і шаңғы тебе біледі. Қалғандары конькимен сырғанай алады. Сынып оқушыларының шаңғы тебе білетіндерінің және конькимен сырғанай алатындарының дөңгелек диаграммасын салыңдар. 5. Есепте: 365,5 : (6,2 – 4,5) * 0,01 + 1,85 2-ші нұсқа 1. Бөлшектерді процентпен жазыңдар: 0,5; 0,4; 0,15; 1,25. 2. Мектепте барлығы 1 500 оқушы бар. Оның 42%-і ұл балалар. Мектепте қанша ұл бала бар? 3. Оқушы кітаптың 124 бетін оқыды. Бұл кітаптың барлық бетінің 62% -і. Кітапта неше бет бар? 4. Мектеп кітапханасында кітаптардың 80%-і оқулықтар, қалғаны әдеби кітаптар. Мектеп кітапханасындағы кітаптардың дөңгелек диаграммасын салыңдар. 5. Есепте: 408,8 : (6,3-5,18)*0,01 + 1,35 |