Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т.б. еріткіш ретінде қолданылады.

Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнім ерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген[28].

Эфир майлары тамақ өнімдерін ароматтау үшін, сусындарды, тұрмыстық химияның заттарын жасауда, фармацевтика өндірісінде, медицина мен ароматерапияда, сондай-ақ еріткіштер (скипидар) жасау үшін қолданады.

Әсіресе самырсын (хвой) ағаштарынан алынған скипидарлар, жалбыз эфир майлары, цитрустардың эфир майлары кеңінен қолданылады.

Эфир майлары әр түрлі өсімдіктерден бөлініп алынатындықтан емдік мақсатта қолдануы да әр түрлі. Әрі оларды қасиеттеріне байланысты жіктеп көрсетуге де болады.

Шикізат базасының қысқаруына байланысты дүнижүзінде эфир майлары өндірісін ығыстырып, орнын органикалық синтез өнімдері басқан.

Кең таралған өнімдерінің бірі- скипидар және онымен бірге апельсин, лимон, жалбыз майлары.

Эфир майлары тамақ өнімдеріне хош иіс беру үшін, сусындар, тұрмыстық химияның заттарын жасауда, фармацевтика өндірісінде, медицина мен ароматерапияда, сондай-ақ еріткіштер (скипидар) жасау үшін қолданады.

Әсіресе самырсын (хвой) ағаштарынан алынған скипидарлар, жалбыз эфир майлары, цитрустардың эфир майлары кеңінен қолданылады.

Эфир майлары мен эфир майлы өсімдік шикізаттары биологиялық белсенділігі жоғары және бронха, бүйрек, бауыр арқылы ағзадан шығарылады
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов