Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Эфир майларыны спирттерде, майларда және басқа да органикалық қосылыстарда жақсы ериді, оларды алу кезінде жиі қолданылады. Эфир майларын алудың негізгі әдістеріне дистилдеу, салқын күйінде нығындау, мацерация және анфлераж және еріткіштермен экстракциялау, қазіргі таңда жаңа газды сұйылту (CO2 және басқа газдар) әдістері жатады[22].

Сумен айдау әдістері. Эфир майларын өсімдік шикізаттарынан бөліп алудың ескі әдісі. Бұл әдіс физикалық заң Дальтона-Ренье парциалды қысымына сүйеніп анықталады. Бір-біріне араласпайтын екі сұйықты бірге қыздырғанда әрбір сұйықтың жеке қайнау температурасынан төмен температурада қайнайды. Бу түзетіннің су буы өсімдік шикізатынан өтеді де, тоңазытқышта конденсирленіп, қабылдауға жиналады.Эфир майларының жеке компоненттерінің қайнау температурасы 150−350°С аралығында болады. Мысалы, пинен 160°С−та қайнаса, лимонен−177°С, гераниол−229°С, тимол−233°С−та қайнайды.

Бұл заттар су буының қатысында 100°С шамасында айдалады. Скипидар мен судың қоспасы атмосфералық қысым 95,5°С жағдайында айдалып, қоспаның парциалды қысымының булары қайнау жағдайына, яғни, судың қайнауына дейін жетеді .

Бұл әдіс аз құрал жабдықты қажет еткенмен, майдың шығымы аз болады, шикізаттың қайнауының әсерінен сапасы да төмендеуі мүмкін.

Су буымен айдау әдісі. Эфир майларын өндірісте алудың кең таралған бұл әдісі-медициналық практикада, сонымен қатар, парфюмерия және тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Аталған әдіс те физикалық заң Дальтона-Ренье парциалды қысымы бойынша анықталады. Бұл әдісті шикізаттың құрамындағы эфир майлары жеткілікті жоғары мөлшерде және оның қайнау температурасы сапасына әсерін тигізбейтін уақытта қолданады. Су буымен айдау үздіксіз жұмыс жасайтын айдағыш аппараттарда жүзеге асырылады. Айдағыш аппараттар немесе кубалар конденсатор, қабылдағыштан тұрады. Қабылдағыштарда май судан жеңіл болған жағдайда жоғарғы қабатына жиналады. Су түтікше арқылы тубусқа скянканың түбіне жиналады. Егер эфир майы судан ауыр болса, судың түбіне батып кетеді. Су түтікше арқылы сыртқа шығарылады. Вентиль арқылы кубқа бу жібереді. Кейде айдалған судың құрамында еріген күйде немесе эмульгирленген күйде бағалы эфир майы (мысалы, раушан майын алу кезінде) қайта дистиляттау арқылы алынады.

Шикізаттың көп мөлшерін өңдеу үшін үздіксіз жұмыс жасайтын айдау аппараттарын қолданады. Су буымен айдау тек қана атмосфералық қысымда ғана емес, қатты қыздырылған буда да жүргізіледі. Айдалып жатқан майдың артуына байланысты эфир майы мен судың қатынасы өзгеріп отырады. Төмен қысымда айдау кезіндегі температураны төмендете отырып, эфир майларының құрамдық бөліктерін өзгермеген күйде сақтап қалуға болады.

Тығыздығы бірден төмен эфир майлары судың бетінде қабылдағыштың жоғарғы бөлігіне жиналады. Айдау кезінде тығыздығы бірден жоғары эфир майлары судың астына жиналады[23].

Газды сұйылту (CO2 және басқа газдар):Бұл әдіс эфир майын алудың жаңа әдістерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл әдіс жеңіл эфир майларын алуда кең қолданылады (мысалы, раушан, жасмин өсімдіктерінен) Аталған әдіс сұйық көмір қышқыл газын және тағы басқа газдар жоғарғы қысым және төменгі температурада сұйылту арқылы жүреді. Бұл әдісте көміртек сұйық күйге өтіп, өсімдіктің эфир майын бөліп шығарады. Сонан соң қысымды төмендетіп көмрітекті газ күйіне көшіреді. Соңында көміртек газ болып ұшып кетеді. Таза эфир майы ыдыста қалады. Бұл әдістің артықшылығы ешқандай қоспасыз таза эфир майын алуға мүмкіндік береді. Кемшілігі бұл әдістің көп қаражатты қажет етеді.

Эфир майларын балғын және кептірілген шикізаттан да алуға болады. Кейбір өсімдіктердің түрлері (лаванда, раушан, мелисса, бұрыш жалбызы) эфир майларын балғын күйінде айдауды талап етеді. Себебі, кептірілген шикізаттағы эфир майларының көп мөлшері азайып, су буымен айдау кезінде шығымы аз болуы мүмкін.

Өсімдік шикізаттарынан эфир майларының шығымын арттыру мақсатында тұздау әдісін немесе дистилденген суға қандай да бір тұзды қосу әдісін де қолданады

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов