Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Эфир майлары - өсімдікте кездесетін биологиялық активті заттардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта эфир майларының орнықты рыногы қалыптасып отыр, оның жалпы тенденциясы – өнімге деген тұрақты сұранымы. Эфир майларының аса ірі тұтынушылары фармацевтік саламен қатар парфюмерлік және тамақ өнеркәсібі болып табылады. Эфир майының әлемдік рыноктағы 1кг-ның бағасы оның түріне қарай 1,6- дан 3990-ға дейінгі АҚШ долларын құрайды. Халықаралық саудада эфир майының 200 түрі бар. Сату көлемі бірнеше килограмнан 10 мың тоннаға дейін және одан жоғары деңгейге ауытқып тұрады. Әлемдік өндірістің жалпы деңгейі 40 мың тоннаға жуық. Оның 40 проценттейі америка континентінің үлесіне тисе, Азия елдерінің үлсі 30 процентке дейін, қалғандары Африка, Австралия және тағы басқа мемлекеттердің үлесінде[9].

Бұл өнімді көтерме сатып алушыларға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония,ГФР жатады. Соңғы 10 жылда эфир майларының импорты Еуропа мемлекеттерінде 2 есе, АҚШ-та 2,5 есе, Жапонияда 1,5 есе өскен. Бұрынғы КСРО аумағында эфир майын шығаратын және плантациялық шикізатпен жұмыс істейтін 40-тан аса кеңшар –зауыттар болған. Алайда сол кездің өзінде бұл өнімге деген сұраным 40 процентке ғана қанағаттандырылды. Қазақстан Республикасында таяу уақытқа дейін эфир майлары мен көмірқышқылды экстрактілерінің өндірісі болған жоқ. Қазіргі кезде Қазақстанда меншік түрлері әртүрлі бірқатар кәсіпорындар эфир майлары негізінде жаңа дәрі –дәрмек препараттары өндірісін игеріп үлгерді. Қазақстанның эфир майларына деген ішкі сұранымы үлкен емес, бірақ шет елдер оны жылына 60 мың литр мөлшерінде сатып алуға дайын. Сөйтіп, эфир майларының өндірісін құру негізінен республика үшін басқа фармацевтік жобаларды жүзеге асыруға соншалықты қажет валюта табу мақсатында экспортқа бағытталған[10].

Алайда эфир майының мұнша мөлшерін алу үшін орта есеппен 6000 тоннаға дейін шикізат өңдеуге тура келеді. Мұнша мөлшердегі жбайы өсетін шикізатты дайындауды және өңдеуді ұйымдастыру экономикалық жағынан да, экологиялық тұрғыдан да тиімсіз, сондықтан эфир майы дақылдарының плантациясын құру қажет.

Медициналық препараттар алу үшін дәрілік өсімдіктерді өңдеу базаларын құрған кезде экологиялық таза аудандардың шикізатын пайдалануға баса ден қойылады. Алайда оны дайындау, сақтау және өңдейтін жерге тасымалдау көбіне –көп экономикалық тиімсіз болып табылады. Осыған байланысты жабайы өсетін шикізатты жинаудан гөрі оны плантациялық өсіруге және қазақстандық ғалымдар жасаған қалдықсыз технологияны пайдалана отырып эфир майын алатын жылжымалы шағын зауыттар құруға көшу пайдалы. Осы технология бойынша өңделген өсімдік шикізатынан азықтық витаминделген ұн алынады.

Жылжымалы эфир майы зауытының негізгі технологиялық модулі КрАЗ автомобилінің шассигіне орнатылған өнімділігі бір ауысымда (8 сағат) 4-5 литр эфир майы болатын бу генераторы қондырғы болып табылады. Жобаның есептік құны 25-30 мың АҚШ доллары. Өтем мерзімі 1-1,5 жыл. Осы зауыттарды өндірісін, сондай-ақ дәрілік шикізатты өңдеу, жинау және ұқсату үшін мамандандырылған басқа да техникалық осы өнімдерді шығаруға барлық мүмкіндігі бар Қазақстанның конверсиялық кәсіпорындарында жолға қойылуы қажет[11].

Сонымен қатар өсімдіктің бұл түрлерін өңдеу үшін Алматы облысында жалпы өңдеу көлемі жылына 400 тонна шикізат болатын және 4000 литр эфир майын алатын үш қондырғыдан тұратын тұрақты өңдеу кешендерін құру ұсынылады.

Қазақстан Республикасының аумағында эфир майы бар 450-ден астам өсімдік түрлері анықталған, олардың 68-і өзінің жоғары эфир майымен және мол құрамды бөлігімен ерекшеленеді. Эфир майының құрамы 1 проценттен асатын 38 түр анықталған. Эфир майлары өндірісін құрудың бірінші кезеңінде эфир майлы дақылдардың құраушы бөлігі құнды мына түрлері таңдалынған: киікоты, Бунге зизиформасы, лимон мелиссасы, ақ топырақ жусаны, ақбас жусан. Алдағы уақытта, ұзақ мерзімдік кезеңде, Қазақстан Республикасы Ғылыми министрлігі – Ғылым Академиясының ХҒИ Өсімдіктер химиясы лабораториясында және «Вита - Вент» ШҒЕК –да жасалған негізбен Қазақстанда аршадан, самырсыннан, жусаннан, тас шөптен, құлмақтан, шалфейден, иссоптан, андыздан, түймедағынан, шыршадан және т.б. жалпы саны 50-ден астам атаудағы эфир майын өндірудің нақты мүмкіндігі бар[12].

Көмірқышқылды экстракция-шығымдылығы жоғары ( 2 процентке дейін) және өз бетінше тиімді дәрілік зат болып табылатын аралық өнімнің жоғары биологиялық белсенділігімен сипатталған эфир майын алудың тәсілі. Бұл технологиялық процесс жоғары экологиялық тазалығымен сипатталады.

Көміртегінің сұйық қос тотығының сұрыпталушылығы мен жоғары диффузиялық қасиеті көмірқышқылды экстрактілердің қасиеті мен құрамын реттеуге мүмкіндік береді. Бұл орайда алынатын биологиялық активті заттар (БАЗ) табиғи ортада болады және витаминдерге, провитаминдерге және каратиноидтерге бай болады, ол көмірқышқылды экстрактілердің тканьдарды радионуклеидтерден қорғайтын биокатализаторларға жақындата түседі. Реактор көлемі 100 кг болғандағы көмірқышқылды экстракцияның технологиялық мүмкіншіліктері жылына 120 тонна шикізат өңдеуге және 4800 кг экстракт алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы алғашқы көмірсутекті экстракция цехы Талғар қаласындағы «Аромат» ШК-

да пайдалануға берілген, оның өнімділігі күніне 10 килограмға дейін эфир майын береді[13].

Көкөніс пен жеміс-жидектен вакуумды кептіру және криогенді ұнтақ алу тәсілі бастапқы шикізаттың биологиялық құндылығын толық сақтауға мүмкіндік береді және алынатын өнімді арнайы сақтауды талап етпейді. Алынатын криоұнтақ-түйіршіктерінің өлшемі 5 мкм-ден аспайтын және ылғалдылығы 2-3 процент болатын ұсақ дисперсті жүйе сақталу мерзімі шектелмеген витаминдерді, пектиндік заттарды, микроэлементтерді және т.б. қоса алғандағы биологиялық активті заттардың бірқатарының табиғи концентраторы болып табылады. Ең төзімсіз витаминдердің бірі – С витаминінің өзі мұндай әдіспен кептіргенде барлық сақтау мерзімінде өзінің бастапқы деңгейінің 63 процентін сақтап қалады.

Крио ұнтақтардың жоғары сапалық сипаттамалары оны балалар тағамын жасауда бағалы шикізатқа айналдырады. Криоұнтақтарды балаларға арналған ұндық және сүттік негіздегі құрғақ қоспаларға қосу, сондай-ақ оларды сусын даярлауда пайдалану Қазақстанда әлі кездеспеген балалар тағамының жаңа өнімдерін алуға мүмкіндік береді
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов