Сыныптан тыс іс-шара:«Күш- білімде» интеллектуалды ойыны
Сыныбы:2- «А, Б»
1. Тақырыбы :«Күш - білімде»
интеллектуалды ойыны
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту
талабына қол жеткізу тәртібі:Оқушылардың алған білімдерін сыныптар арасында сарапқа
салу; логикалық ойлау машығын қалыптастыру .
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен
сабақтағы жұмыс түрі:
Жеке жұмыс , топтық жұмыс
4.Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін,
түсінетін болады және жасай алады):
Білу: Әдебиеттік оқу
пәнінен «ҚАДІРЛІ ӘКЕЛЕРІМ, МЕЙІРІМДІ АНАЛАРЫМ» бөлімін біледі (барлығы);
Түсіну: Қазақ тілі пәнінен дыбыс және оның
түрлері, түбір сөз, қосымшаның түрлері бойынша алған білімдерін түсіндіреді
(барлығы);
Қолдану: Дүниетану пәні бойынша тест жұмысын
орындайды, постерде өсімдік мүшелерінің атауы мен қызметін жазып қорғайды. Алған
білімдерін қолданады (көпшілігі);
Талдау: Математика пәнінен «Зымыран сұрақтарға»
жауап беру арқылы өлшем бірліктеріне талдау жасайды (көпшілігі);
Жинақтау: Логикалық есептерге жауап беру арқылы
өз ойларын жинақтайды (кейбіреуі)
Бағалау: Алған білімдерін өмір бойына жинақтап,
кез-келген жерде пайдалана алу керектігіне баға береді;
5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін
бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу):
Мадақтау, топтарда өзара
бағалау, сарапшы бақылаушысының бағалауы
6. Жоспарлау барысында әр оқушының
сұраныс-талабын есепке алу:
Мен тапсырма мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Мен сондай-ақ қатарларды
аралап жұмыс бағытын анықтап беремін.
7.Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала
тапсырыс беру қажет тех.құрылғылар тізімі): пауер пойнт, үлестірмелер,
плакаттар, кеспе, плакаттар, тест жұмысы
Сайыстың барысы:
Сабақтың кезеңдері. Жұмыстың мазмұны. Мұғалім іс-әрекеті. Оқушының іс –әрекеті.
Моти-вациялық
кезең
1.Амандасу.
Білімменен тәнті етеді
тектілер,
Мұратына білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
2. Топтардың өзін-өзі таныстыруы
3.Бағалау сарапшыларымен таныстыру
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына
4.Сайыс барысымен таныстыру
Салемдесу. Сайыстың барысын түсіндіру
Сарапшалар сайлап , бағалау түрін,шарттарын
түсіндіру, бағалау парағын тарату Мұғалімді мұқият тыңдап,өзін-өзі бағалау
парағын толтырады
Топ басшысын сайлайды.
1. Әдебиеттік оқу пәні патшалығы
1. 1.“Ширату”
Сұрақтарға “иә” немесе “жоқ” деп жауап бер
1. “Ата ақылы” өлеңін жазған Спандияр Көбеев пе?
2. “Шал мен балалар” мәтініндегі шал бай адам
ба?
3. “Жезде” деп апатайымыздың күйеуін айтамыз ба?
4. Бауыржан Момышұлы екі мәрте Кеңес Одағының
Батыры атағын алған ба?
5. “Әже ” өлеңін Фариза Оңғарсынова жазған ба?
6. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара
сөйлесуі диалог деп атала ма?
1. Соңғы оқыған бөлім “Қадірлі әкелерім, мейірлі
аналарым” деп атала ма?
2. Спандияр Көбеев ақын болған ба?
3. “Мысық пен тышқандар” атты мәтін аңызға жата
ма?
4. Жеңге деп ағамыздың әйелін атаймыз ба?
5. Қабуснаманы жазған Қайқаус па?
6. “Қарттарды сүйем” өлеңін жазған Ыбырай
Алтынсарин ба?
1. Жеті атаңды білу парыз ба?
2. “Ата-әжеге хат” жазған Бауыржан Момышұлы ма?
3. Жиен деп ұлдың баласын атайды ма?
4. Бесік жырын мектеп жасындағы балаларға айта
ма?
5. “Апаның тілін алса егер...” өлеңін жазған
Жақан Смақов па?
6. Әркімді келемеждеп, мұқатуға бола ма?
“Ойлан, бірік, бөліс”
• Осы бөлімде жаттаған бір өлеңді мәнерлеп жатқа
айтындар
• Осы бөлімде жаттаған жаңылтпашы жатқа,
жаңылмай айтындар
• Осы бөлімде жаттаған мақал-мәтел не болмаса
тыйым сөздерді жатқа айтындар
(дайындыққа 2 минут) АКТ-ны пайдалана отырып ,әр
топ мүшесіне сұрақтар оқиды.
“Ойлан, бірік, бөліс” стратегиясына ойлануға
1минут уақыт береді
Сұрақтарды тыңдау,шапшаң әрі
дұрыс жауап беру.
Белсенділік танытып,ұпай жинау.
Балалар оқылған тап-сырманы тез түсініп, дұрыс
жауап беруге тырысады.
Әр оқушының жауабын сигналдық белгімен
бағалайды.
Жасыл-дұрыс
Сары- дұрыс емес
Топбасшысымен бірге ойланып, жауап беретін
оқушыны негіздейді.
Бөлімде өткен ұнаған мақал-мәтелдерін, жаттыған
жаңылтпаш пен жаттаған өлеңдерін мәнерлі оқиды.
Операциялықкезең
Қазақ тілі пәні патшалығы
2.1. “Құрамақ”
Тапсырмаларды жауабын алдын ала қиылған
құрамаққа жазып, уақыт аяқталған соң, постерге жапсырады. Құрамақ аққала болып
шығу қажет.
o Құрамаққа тапсырма жазылған, сол тапсырмаларды
әр оқушы жеке-жеке орындайды. Орындап болған соң, жауаптарын топта тексереді.
Дұрыс жауап ашылған соң, құрамақты ақ қағазға жапсырамыз. Кімнің құрамағында
қате болса, ол құрамақты жапсырмаймыз. Орны қалады. Қай топтың құрамағы дұрыс
шығады, сол топ жеңімпаз.
(дайындыққа 5 минут)
Дұрыс жауаптар:
Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, (у)
Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч,
ш, щ;
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін
түбір (түбір сөз) дейміз.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ
дейміз.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау
дейміз.