ІІІ. Оқушылардың зейінінің даму деңгейін анықтау
әдістемесі. «Үй» әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың зейіндерінің даму деңгейін анықтау
Әдістеме барысы: әдістеме үйдің суретін көшіріп салуға
негізделген. Тапсырма баланың үлгіге сәйкес сурет салып, оны көшіре білуіне,
еркін зейіін дамуының деңгейін, қабылдау түйсігінің ауқымдылығын, сенсомоторлық
үйлестіру мен саусақтың жұқа бұлшықеттерінің жылдамдығын анықтауға бағытталған.
«Үй» әдістемесініңнәтижесін шығаруда
қателердің саны есептелінеді. Қате ретінде:
1.
дұрыс бейнеленбеген бөлшек – 1ұпай
Мысалы: үйдің оң жақ қақпасындағы
шарбақтардың бір-екеуі дұрыс салынбаған делік, бұл жағдайда қате көшірілген әр
шарбаққа 1 ұпай емес, барлық шарбаққа 1 ұпай беріледі. Сонымен қатар тағы бір
мысал келтірейік, үйдің мұржасынан шыққан сақина тәрізді түтіндердің біреуінен
немесе екеуінен қате жіберілді делік, қателігі үшін әр сақинаға 1 ұпай
берілмейді, мұржадан шыққан сақина тәрізді түтіндердің барлығына 1ұпай
беріледі. Қақпаның оң жақ және сол жақ қапталы екі бөлек бағаланады. Оң жақ
дұрыс, сол жақ қақпа қате салынса, бала 1 ұпай ғана алады. Ал екі жақ қақпа да
қате салынса, екеуін қосқанда 2 ұпай алады.
Мұнда тағы бір есте сақтайтын жайт;
шарбақты көшіргенде саны алтау емес бесеу болса, терезе екеу есмес үшеу болса,
ол қатеге есептелмейді.
2.
Бір бөлшекті басқа
бөлшекпен алмастыру ( 1 ұпай)
3.
Бөлшектің мүлде болмауы
(1 ұпай)
4.
Байланысып тұрған
сызықтардың бөлініп көрсетілуі ( 1 ұпай)
Суретті қатесіз бейнелесе 0 ұпай
бағаланады. Сондықтан бала суретті салуда қате жіберген сайын оның ұпай саны
көбейе береді. Еркін зейіні жақсы дамыған бала 0 ұпай алады. Даму деңгейі орта
бала 1-2 ұпай жинайды. Еркін зейіні нашар дамыған бала 4, одан да көп ұпай
жинақтайды.
І. Психологиялық ойындар.
Мақсаты: Оқушылардың ішкі жан-дүниесін ашу және еркіннндікке
үйрету
«Танысу» ойыны
Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Қазір шеңбер бойымен
кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап, топқа
таныстырамыз. «1-2 сөйлем арқылы, сыныбын, өзінің есімін, мінезін, жақсы
көретін ісін, ұнататын пәні туралы әңгімелейді. Осылайша барлығы өздерін
топтағы қатысушыларға таныстырады.
«Карусель» ойыны
Топ мүшелері екіге бөлінеді. І топ ішкі, ІІ топ сыртқы
болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ
сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің белгісі бойынша олар тоқтайды да,
екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір
топ кезекпен жетекшібелгілі бір роль беруі керек, олар тез арада сол рольді 2-3
минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы-сатып алушы, мұғалім-оқушы,
дәрігер-қарлушы, полиция-жүргізуші, әкесі-баласы, анасы-қызы. Бұл ойын әрбір
адамның өзінің мінезін, көңіл-күйін, қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы
өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
«Бүлінген телефон» ойыны
Есту қабілетін дамытуға арналған бұл ойында мұғалім бір
баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды, ол келесі балаға соны қайталайды, солай
жалғаса беріп, барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп,
дауыстап айтады: «Мен әрқашан шындықты айтамын».
«Көңіл-күйімізді жаттықтыру.
Жүргізуші. Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен
сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
1.
Қабағы түйілген ашулы адамның кейпі
2.
Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған
балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті
3.
Жылап тұрған адамды көрсету
4.
Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды
көрсету
5.
Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу
Ауызша волейбол ойыны
Допты бір-біріне
берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек. Мысалы:
шыншылдық, мейірімділік, адамгершілік, әділдік, кішіпейілдік, батылджық,
ұстамдылық, жанашырлық.
«Кім екенін тап» ойыны
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық
мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме
жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан беіреуін алып,
дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.
«Көпір» ойыны
Еденге бормен «көпір» (түз ) сызылады. Екі топ, бір-біріне қарсы шыққанбалалар «көпірден» құлап
қалмай өтуі керек.
ІІ. Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру \
тренинг\
Мақсаты: оқушылар арасында өзара қарым-қатынасты дамыту,
бір-біріне деген сенімді нығайту, жаңа ортаға жақсы бейімделуге ықпал ету,
еркіндікке үйрету.
1-жаттығу «Сәлемдесу»
Мақсаты:бір-бірімен сәлемдесіп, еркін қарым-қатынас жасауға
бейімдеу.
Оқушыларға нұсқау: қазір сендер үш топқа бөлінесіңдер
І топ. «Европалықтар -қолдарын алып сәлемдеседі.
ІІ топ. «Жапондықтар» -қолдарын бір-біріне
түйістіріп, басын иеді.
ІІІ топ. «Африкандықтар» -орнында секіріп,
«уу» деп айқайлайды.
Талқылау: жаттығуды орындау барысында қандай эмоцияларды
сезіндіңдер?
2-жаттығу. «Мен қандай адаммын?»
Мақсаты: жаман және жақсы қасиеттерді ажырата білуге, жаман қасиеттерден
арылып, жақсы қасиеттерді бойна сіңіру керектігін түсіндіру, оқушыларға дұрыс
бағыт беру.
Оқушыларға нұсқау: әр оқушы өздерінің жағымды, жағымсыз
қасиеттерін айтып әңгімелейді. Ойлануға біраз уақыт беріледі. Қатысушылар
өздерінің қасиеттері туралы ойларын ортаға салып, қорытындыланады. Жаман
қасиеттерден арылу үшін не істеу керек? Өздеріне ұнайтын жақсы қасиеттерін атап
айтып, осындай жақсы қасиеттер көбею үшін қандай әрекет жасау керектігі
сұралып, әңгіме жүргізіледі.
3-жаттығу. «Танысу» ойыны.
Мақсаты: Оқушыларды еркін сөйлеуге, көпшілік алдына шыға білуге,
өзі туралы мағлұмат айта білуге тәрбиелеу.
Оқушыларға нұсқау: барлығымыз шеңбер жасап отырайық.
Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан
бастап, топқа таныстырамыз. «1-2 сөйлем арқылы сыныбын, атын, өзінің мінезін
айтуы керек. Алдымен мен (психолог оқушыларға түсінікті болуы үшін) өзімді
таныстырып, өзім жайлы әңгімелейін. Менен
кейін әрбіреуің шеңбер боймен өздеріңді таныстырып, мінездерің жайлы
әңгімелейсіңдер.
Талқылау:таныстыру қалай өтті? Кімнің
таныстыруы естеріңде қалды және ол несімен естеріңде қалды?
Қорытындылау:Бүгін сендерге тренинг ұнады
ма?
Ұнаса несімен ұнады, ұнамаса қай жаттығуды орындаған
ұнамады?
Бір-біріңе келесі тренингкке дейін қандай тілек
тілейсіздер?