Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Металлдардың бір қатар артықшылықтары бар:
1.    Механикалық кедергілерге едәуір тұрақты;
2.    Металдық тара әр түрлі форма беру мүмкіндігі (туба, цилиндр, 4 – қабырғалық форма);
3.    Дәнекерлеу жолымен металлдық тараны герметизациялау мүмкіндігі;
4.    Металл тараның салыстырмалық массаның төмендігі (яғни орауыш массаның ішіндегі өнімнің массасына қатынасы өте төмен);
Ең кең қоланылатын – қаңылтыр болады (ангро босату үшін қаңылтыр банкалар қолданылад).
Әр түрлі көлемді ктубалар дайындау үшін табақ (листовый) алюминий қолданылады.
Аэрозоль баллондарды, стерилизатор дайындау үшін тотықпатйн болат ( сталь) қолданылады.
Цинкпен өңделген темірден банка, бочка, бидондар дайындалады және чемодандар, кейбір МҚБ,ьСҚБ және т.б.
Алюминий фольгасына және қаңылтыры бұрап жабылатын және айналдыра бекітілетін (под обкатку) қақпақтар жасау үшін кең қолданылады. Кәдімгі жағдайда алюминий  және қаңылтырдың ішкі беті лакпен немесе БФ – 2 желімімен жабылады.
Өндірісте кең қолданылатын алюминий фольгасы (қалындығы 0,04 мм немесе 40 мкм) оның сыртын эмаль немесе полипропилен пленкасымен (12,5 мкм) жабылады, сонда жазулар фольганың бетіне жеңіл түседі. Ішкі жағын термобалқыту арқылы жеңіл жабыстыру үшін тығыздығы жоғары полиэтиленмен өңдейді. Осындай пленка таблеткалар және  т.б. контурлы ұяшықты орауышты  жабу үшін, және контурлы ұяшықсыз орауыштарды дайындау үшін кең қолданылады. Алюминий фольга су буын және басқа газдарды өткізбейді, сонымен қатар бөтен иістерден қорғайды. Фольганың сыртындағы пропилен оның жылу өткізгіштігін төменж,детеді (артықшылығы).
Барлық металл таралық бұйымдар белгілі НТҚ бойынша дайындалады.

Синтетикалық полимерлі материалдар мен тара.
ТМД (СНГ) 30 типтерден көп жоғары молекулалық полимерлер, олардың негізінде 100 түрден көп пластмассалар шығарылады.   

Шыны және басқа орауыштармен салыстарғанда полимерлі және  пластмассты бұйымдардың артықшылықтары.
1.    Орауышқа әр түрлі форма беру мүмкіндігі;
2.    Шыны орауыштармен салыстарғанда полимерлі және пластмассты орауыш
3.    Олар сынбайды: - шыны сынықтарды орауыш линиядан жинақтауды талап етпейді;
-    шыны сынықтарды дәрінің ішіне түспейді;
-    тасымалдау, қоймаға жинақтау, дәріханаларға бөліп босату және т.б. жұмыстарда сыну арқылы өнім жоғалмайды.
4.    Оларды жасау технологиясының қарапайымдылығы мен арзандығы бір реттік қолданылатын және бір реттік дозасы бар орауыштар мен бір реттік қолданылатын МҚБ және СҚБ шығару мүмкінді кбереді;
5.    Осы материалдарға бөлшектеу – орамдау жұмыстары толық механизацияланған және автоматтандырылған, сол себептен өнімділігі және рентабельдігі жоғары.
Медициналық және фармацевттік өнеркәсіпте тара – орауыш және тығын бұйымдарды жасау үшін келесі синтетикалық полимерлер рұқсат етілген:
1.    Тығыздығы төмен полиэтилен (ТТПЭ) немесе қысымы жоғары ПЭ – қ.ж. ПЭ. Оның тығыздығы 0,91 – 0,93 г/см3. Одан пленка өте жұмсақ және мөлдір болады.
Қ.ж. ПЭ келесі қасиеттерге ие:
-    жоғары молекулалық полимер полимер материалдардың ол ең таза болып саналады;
-    дәрілік заттарды сіңірілуі өте төмен, бірақ препаратты сіңіріп, оның иісіне түсіне ие болады. Скипидар, валидол, диэтил эфир, хлороформ, 4 – хлор – көміртек, эфир майлар, инъекциялық майлы ерітінділерден басқа әр түрлі заттарды свқтау үшін әр түрлі ыдыстар дайындалады.
Қ.ж. ПЭ – нен пленка түрде, құйылған, экструзия әдіспен дайындалған бұйымдар түрде тара – орауыш және тығын заттар ретінде қолданылады:
1. Әр түрлі қалындықтағы пленкалар пакеттер, қаптар, «АУТ» типті таблеткаларға арналған контурлы орауыштар дайындау үшін қолданылады;
2. Үрленген бұйымдарға флакондар мен банкалар жатады;
3. Қысым астында құю арқылы (стакан, өлшегіш стакандар, коробкалар, приборкалар және т.б.), сонымен бірге бұрап және тартып кигізілетін қақпақтар, тығындауыш пен қосымша салғыштардың бірнеше түрі жасалынады;
4. Экструзия арқылы полимерлі туба, тюбик – тамызғыштың және шприц – тубалардың өлшемдеріне байланысты бірнеше түрі шығарылады;
2.    Қысымы төмен ПЭ – қ.т. (немесе тығыздығы жоғары ПЭ).  Қаттылығы жоғарылықтан одан тығындар және қосымша салғыштар дайындалмайды, тек қана қатты флакондар, банкалар, пробиркалар, стакандар, коробкалар, бұрап жабылатын қақпақтар дайындалады. Қ.ж. ПЭ және қ.т. ПЭ бұйымдарды тіке күн сәулелерден және УФ – сәулеленуден қорғау керек, себебі олардың әсерінен және О2 барысында ұзақ қыздырғанда ПЭ тез «қартаяды», яғни жағымсыз иісті шығарады, механикалық беріктігі төмендейді, тотығу өнімдер түзіледі.
3.    Полипропилен (ПЭ). ПЭ ( қ.ж.; қ.т.) жасалынатын бұйымдар , ПП – ненде жасалынады. Сонымен қатар бұрап  ПП – нен қатты бұрап жабылатын қақпақтар, шыны аэрозоль балондардың қаптау, үлкен құтылар жасалынады. ПП – нен жасалынатын шприц – тюбиктер қазіргі кезде ПП – нен жасайды, себебі оларды автоклавта 121±10С стерильдеуге болады. Бірақ  ПП – нен жасалынған орауыштар мөлдір емес болады. ПП – ның дәрілік заттармен сыйымдылығы ПП қ.ж. ұқсас.
4.    Полистирол. Оның  механикалық көрсеткіштерінің көбісі ПП мен ПЭ  көрсеткіштерінен төмен, бірақ соғып ұрғанда оның беріктігі шынымен салыстырғанда 10 есе жоғары. ПС – дің қаттылығы 6 – 11 есе ПЭ – нің қаттылығынан жоғары. Бірақ тырнауға төзімсіз.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Бұйымдарды (флакон, банка, құты және т.б.) үрлеу әдіспен  ПС – дан жасауға болмайды, одан тек қана құю немесе штамптау әдіспен тара дайындауға болады, мысалы, пробиркалар, Петри табақшалары, стакандар. Осындай тара тек қана құрғақ қатты және жұмсақ ДТ сақтауға қолданылады. Сыйымдылығы ПЭ (қ.ж.) ұқсас және инъекциялық ДТ – мен.
5.    Поливинилхлорид (ПВХ) немесе полихлорвинил. Пленка түрде контурлы ұяышқты орауыш жасау үшін қолданылады. Несов нан
6.    Пооикарбонат (ПК) немесе дифлон. Сулы, сулы – спиртті, майлы ерітінділерге тұрақты, сол себептен инъекциялық ерітінділерге, көз тамшыларға арналған орауыштар, әртүрлі ішке және сыртқа қолданылатын Дʹпрепараттар үшін тығын бұйымдар дайындауға үсынған, себебі бұйымдар қатты және мөлдір  болады. Несов нпа  +деготь, камфора, фенол.
7.    Фторопласттар (ФТ). – этилен – фтор туындыларының полимерлері (фтороландар). Фармацияда фторолан – 4  қолданылады. Осы ФТ – тан жасалынған бұйымдар мөлдір емес, бірақ олар ең химиялық тұрақты тара және т.б. Оларға күшті қышқылдар  мен негіздер, тотығыштар, еріткіштер әсер етпейді, сондықтан ФТ – тардан осындай химиялық агрессивті заттарға арналған тығындар, қақпақтар, пробкалар, стакандар және т.б. жасалынады.
8.    Қ.ж. ПЭ – нің полиизобутиленмен қоспасы – (ПОВ). Осындай қоспалар әртүрлі қатынаста дайындалады. Фармацияда ПОВ – 30, ПОВ – 50  (қ.ж. ПЭ мөлшері 30  және 50℅) қолданылады. Олар суға, спиртке,  жуғыш және дезинфекциялық ерітінділерге тұрақты. Олар тек қана қақпақтың ішіне салатын қосымша салғыштар және сулы, спиртті ерітінділерге тығындар шығарады. Несов у ПЭ в.д. + жирн., минерал, эфир майлары және инъекциялық ерітінділер.
9.    Құрастырылған полиэтиленцеллофанды пленка (ПЦ). Целлофанның бетіне ПЭ жұқа қабатта түсірілген екі қабатты пленка. Фармацияда ПЦ – 2 маркасы қолданылады, себебі көп күн суда ұстасада қабаттарға бөлінбейді. Целлофанға жазу жеңіл түсіріледі, ал ПЭ – ді қабат термосварка арқылы тез жабысады, сондықтан ПЦ – 2 пленкадан ұнтақ тәріздес дәрілер үшін пакеттер, таблеткалар мен суппозиторияларға «АУТ» типті орауыштар дайындауға қолданылады. Несовм как у ПЭ в.д. бумаги писчей (целл.пленка).
10.    Резина. Табиғи және синтетикалық каучиктерді вулканизациялау арқылы дайындайды. Резиналарды сипаттайтын қасиеті – эластикалығы. Ол вулканизация кезінде  арнайы толықтырғыш және жұмсартқыш қосу арқылы қамтамасыз етеді. Фармацияда қолдануға рұқсат етілген тек қана бутилкачиктың негізінде дайындалған резина. Сол резинадан тек қанаттығындармен қосымша салғыштар жасайды. Резинаның  пластмассамен салыстырғанда герметизациялау қасиеті едәуір жоғары. Сулы, спиртті, майлы инъекциялық ерітінділері мен көз тамшылары, сонымен қатар ішке және сыртқа қолданылатын ДТ – рі бар құтыларды тығындау резина тығындауыштар ұсынады.
Кейінгі  кезде фармацияда синтетикалық каучуктың негізінде жасалынған резина қолдануға рұқсат етілген. Оның эластикалығы төмен болғанымен, көп заттарға сыйымсыздығы бар. Ал табиғи каучиктен жасалынған резина көбінесе еірткіштермен  (хлороформ, хлорэтил, ССІ4, формальдегид), қышқылдармен (НСІ), тотығыштармен (йод, Н2О2), NH3 – ерітіндісімен, KMnO4, диэтил эфир, фенол, камфора, майлы және эфирлі майлармен және т.б. сыйыспайды.
11.    Шайырлар. Кейбір жағдайларда, мысалы, гигроскопиялығы жоғары және иіс шығаратын заттарды герметикалық жабуын ангро – бөлшектегенде флакон және құты мойынын құрамы әр түрлі шайырлармен немесе балқытылған парафинмен құю арқылы қамтамасыз етеді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Бөлшектеу (фасовка).
Белгілі уақытқа тұтынушыға жеткілікті мөлшерге дайындалған ДТ – лерді дозалау техникалық ұйымдастырылған процессін «бөлшектеу (фасовка)» деп аталады.бөлшектеу келесі әдістермен жүзеге асырады:
    сұйық ДТ – лерді құю арқылы бөлу;
    сусымалы ДТ салмақпен өлшеп бөлу;
    даналы ДТ есептеп бөлу.
Бөлшектеу орамдаумен тығыз байланысты.
Әдетте бөлшектеу операциясы механизацияланған. Ол шығарылатын өнімнің стандарттықтын жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Осы операция бөлшектеу – орамдау жұмыстарының поток – автоматты линияларға кіреді.

Тара мен тығындау құралдарды бөлшектеу және орамдауға дайындау.
Дайындау жұмысы келесі операциялардан тұрады:
1.    Тара мен тығындау құралдардың сапасын жалпы тексеру. Ол құралдардың қабырғаларында дефектер мен жарықтар болмауын және тығындау құралдардың герметикалығын тексеруден тұрады:
а) шыны тараны метилен көкпен боялған сулы немесе спиртті ерітінділермен толтырады;
б) полимерлі бұйымдардың түстің біркелкілігін, сыртқы ластануын, көп мөлшерде қабырғаларында нүкте тәріздес қоспалар, ішкі көпіршіктер, сонымен бірге дәмі мен иісі болуын тексереді.
Әдетте, шыны және полимерлі бұйымдардың дефекттерін визуальды (көзбен) тексереді.
2.     Шыны тараны дайындау келесі операциялардан тұрады:
а) Тарагы зарарсыздандыру. Ол қолдануына байланысты өткізіледі: 2 – 3 сағат бойынша хлорамин Б 2℅ ерітіндісінде тұндырып, дистилденген сумен шайады.
б) Тараны жуу. Жуғыш заттардың ерітіндісінде  1 – 2 сағат жібітіп, ыстық деминерализацияланған (тұзсыздандырылған), содан соң дистилденген сумен арнайы шыны бұйымдар жуғыш аппаратта шайады.
в) Тараны кептіру.  Осы операция екі (кіріс және шығыс) есікті резина пердесі бар арнайы термостатта түбін жоғарыға қаратып, ыстық ауаның 150 – 1600С ағында кептіреді. Сонымен бірге стерильденеді.
3.      Полимерлі бұйымдарды дайындау.
     а) Жуу. Алдын ала оларды жуғыш заттар ерітіндісінде 1 сағатқа 50 – 600С жібітіп, содан соң жылы тұзсыздандырылған, кейін мұздай дистилденген сумен шайады.
    б) Суда еритін заттардан тазарту. Ол үшін
    1) ПС, ПОВ – 30, ПОВ – 50 жасалынған бұйымдарды – 3 сағат t0=600С;
    2) ПС қ.ж. – 2 сағат t0=700С;
    3) ПК, ПП,ПЭ қ.т. – 1 сағат t0=1000С  дистилденген суда ұстайды.
4.     Резина бұйымдарды көп рет сумен шайып, әртүрлі еріткіштерде 30 минуттан қайнатып, әр ерткіштен соң дистилденген сумен шайады. (Бұйрық №59 02.02.95 МЗ РК).
    а) Зарарсыздандыру:
    Егер полимерлі бұйымдар жоғары температураға тұрақты болса, оларды автоклавта t0=1200С, 30 минут, немесе бу ағынымен t0=1000С, 30 минут, немесе дистилденген суда 1 сағат қайнату, немесе тиндализация арқылы дистилденген суда t0=700С, 1 сағаттан 3 рет, әр 24 сағат сайын стерильдейді.
    Егер термиялық стерильдеуге шыдамаса, оларды 10℅ Н2О2 ерітіндісінде 3 сағатқа t0=400С жібітіп, стерильді дистилденген сумен шайады.
б) Кептіру. Көзге және шаншуға арналған ерітінділердің полимерлік бұйымдарды кептіруге ұсынбайды. Қолдану алдында оларды тағы бір рет стерильді дистилденген сумен шайады.
Басқа полимерлі бұйымдарды термошкафта температурасы t0=600С – тан жоғары емес 3 сағаттан көп емес кептіреді.
Резина, ПЭ және құрамында ПЭ бар материалдарданжасалынған бұйымдар t0=400С жоғары емес жылы ауаның ағынында кептіреді.
ПС – ді бұйымдарды бөлме температурасында кептіру қажет.
Дайындалған тара мен тығын құралдарды шаң кірмейтін тығыз жабылатын коробкаларда және бикстерде сақтайды.
 
ДТ – лердің тұрақтылығына орауыштың және орауыш материалдарының әсер етуі.
Әр жеке ДТ – ге орауыш материалдың таңдауын тек қана ДТ құрамындағы препараттың тұрақтылығына әсер етуін зерттеп болған соң белгілейді. Сонымен қатар орауыш материалдың эффективтілігін зерттейді, яғни сыртқы ортаның факторлар әсерінен (ылғалдылық, жарық, ауадағы О2 (оттегін), температура) қорғау қабілеттілігі.
1.    Атмосфералық ылғалдылық. Қазіргі уақытта жиі шыны бұйымдардың орнына полимерлі мен пластмассты орауыш, тығын құралдар қолданылады. Бірақ пластикалық материалдардың көбісі су буын және басқа газдарды өткізеді. Олар орауыштың ішіндегі препаратқа кері әсер етуі мүмкін. Мысалы, құрамында антибиотиктер бар таблеткаларды ПС – ды флакондарда сақтауға болмайды, себебі олар  су буын өткізеді, ал антибиотиктер тез гидролизге ұшырап, ыдырайды. Осы себепті әр ДТ дәл сол орауышта сақтау кездегі тұрақтылығын зерттеу қажет, қай орауышта осы ДТ өндіріске енгізілетін болады.
2.    Ауа температурасы. Дағдыдағыдай, не неғұрлым температура жоғары болса, соғұрлым препараттын ыдырау қауіптілігі жоғары. Сондықтан, орауыштың сыртында әр қашанда сақтау температурасын көрсетеді.
3.    Жарық.   Препараттардың көбісі жарық әсерімен тек қана физико – химиялық қасиеттерін емес, сонымен бірге фармакологиялық белсенділігін (активтілігін) өзгерту мүмкін. Жарықтан препараттарды қорғау үшін келесі жолдар қолданылады:
а) СО – 1, СНС – 1 және т.б. сары түсті шыны қолдану;
б) егер шынының  осы маркаларын қолдануға болмаса,  қабырғаларының әр түрлі қалындығымен түссіз шыныдан құралдар қолданылады. Қабырғаларының қалындығына байланысты шыны 30℅ - тен 70℅-ке дейін жарықты өткізбейді;
в) мөлдір емес пластмассты орауыштар қолдану;
г) жартылай мөлдір полимерлі (қабырғалардың қалындығына байланысты) орауыштарды қолдану;
д) қызыл түске боялған орауыштарды жасау үшін ПВХ – пленкасын қолдану, бірақ олардың бағасы жоғары болады;
е) алюнимий бұйымдар, қаңылтыр банкалар қолдану;
ж) ақ немесе боялған ПЭ – мен қабатталған жазу қағазды қолдану;
з) міндетті түрде картон пачкаларға біріншілік орауыштарды орамдау.
Егер жаңадан зерттеліп жатқан орауыш материал гіме жүрсе, оған бақылаудың барлық түрін (физикалық, химиялық, биологиялық, микробиологиялық) өткізу  керек. Олар дәл осы дәріге жаңа немесе белгілі материалдардан таңдап алған біреуін қолдануға жарауын көрсетеді.
Бірақ әр қашанда ескеру керек – қазіргі уақытты медициналық және фармацевттік өнімдерді орамдау техникасында әмбебеп (универсалды) материал жоқ. Әр қашанда пластмасса немесе полимерге орамдауға болмайтын препараттар  табылады, немесе шыны ыдыспен сыйыспайтын және т.б. Мысалы, пластмассты ыдыста эмульсияларды, әсіресе, майлы түрлерін сақтауға болмайды. Сол себептен фармацияда және медицинада қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар едәуір жоғары.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы