Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Ертеде әртүрлі кәсіпорында дайындалған, құрамында препараттың бірдей дозалары бар, бірдей дәрілік түрлерде шығарылатын  дәрілер терапевтік әсерді бірдей деңгейде (дәрежеде) көрсетеді деп есептеген. Науқастардың шағымдары бойынша сәйкес емес болып көрінген жағдайлардың барлығын ағзаның жекеленген ерекшеліктеріне, науқастардың психо-эмоционалдық мінезіне, сонымен бірге жарнаманың әсеріне жатқызуға тырысқан.
Бірақ, өткен ғасырдың 50 жылдарының соңы мен 60 жылдарының басында бірнеше зерттеуші бір мезетте және бір-біріне тәуелсіз осы уақытқа дейін есепке алынбаған факторларға байланысты дәрілердің терапевтік әсерінің дәрежесіндегі едәуір маңызды айырмашылығын көрсететін, мұқият түрде тексерілген эксперимент нәтижелерін хабарлады. Мысалы, препараттың ұнтақтау дәрежесі де кейбір жағдайларда оның биологиялық белсенділігін және сонымен бірге оның жанама улы әсерін бірнеше есе күшейтетіндігі немесе төмендететіндігі белгілі болған. Сонымен дәрілердің терапевтік эффективтілігіне технологиялық процестің орындалу жағдайлары мен құрал-жабдықтарды таңдауда немқұрайлы емес. Мысалы, Нью-Йорктың бір ауруханасында науқастарға дәрілік заттардың дозасы бірдей, бірақ екі әртүрлі фирмаларда шығарылған бисгидроксикумарин
таблеткаларын антикоагулянт ретінде берген. Осы кезде бір фирмада шығарылған таблеткалардың белсенділігі екінші фирмада шығарылған таблеткалардың белсенділігімен салыстырғанда 2 еседен де жоғары екендігі байқалған. Химиктер жедел бисгидроксикумарин таблеткаларының құрамын тексерген кезде екі фирмадан да шығарылатын таблеткалардағы  препараттың сандық мөлшерінен ауытқулар таппаған. Бұл бірінші эксперимент түрінде айқындалған жағдай болды. Кейінірек осыған ұқсас құбылыс антибиотиктердің көбісінде (тетрациклин, левомицетин, эритромицин және т.б.), стероидті гормондарда, сульфаниламидтерде және басқа препараттарда айқындалған. Осылайша, дәрілердің “Терапевтік эквивалентсіздігі” (адекватсыздығы) термині пайда болды. Бұл құбылыс тек дайындау тәсілдерімен немесе қолданылатын көмекші заттардың әр түрлілігімен ерекшелінетін, құрамында препараттың мөлшері бірдей болатын, фармакопеяның немесе басқа да нормативтік-техникалық құжаттар (НТҚ) талаптарына сай бірдей дәрілік түрлер терапевтік эффект көрсеткен жағдайда сипаттайды.
Ғылым ретінде биофармация мазмұнын дұрыс түсіну үшін келесі терминдерді түсініп, есте сақтау керек:
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Дәрілердің терапевтік әсері – бұл препаратты оның фармакологиялық тобына сәйкес бағытталған әсері.
Дәрілердің терапевтік эффективтілігі (терапевтік эффект) – бұл препараттың терапевтік әсерінің дәрежесі. Ол фармацевтік, физиологиялық және биохимиялық факторларға тәуелді. Биофармация дербес ғылым ретінде бөлініп шыққан соң, оған тағы да жаңа терминдер енгізілді:
Химиялық эквиваленттер – бұл құрамында дәрілік заттың дозасы бірдей, фармакопеяның және басқа да НТҚ талаптарына, физико-химиялық стандарттарға толық жауап беретін бірдей дәрілік түрде шығарылатын, бірақ әртүрлі тәсілдермен немесе әртүрлі кәсіпорындарда жасалынған дәрілер.
Биологиялық эквиваленттер – бұл препараттың абсорбциялануын (оның биологиялық тиімділігін (БТ)) бірдей дәрежеде қамтамасыз ететін химиялық эквиваленттер. Препараттың абсорбциялау дәрежесін оның биологиялық сұйықтықтарда (қан, лимфа, несеп және т.б.) мөлшері бойынша анықтайды.
Терапевтік эквиваленттер – бұл емдеу кезінде екі бірдей аурудың симптоматикасының адекватты өзгерістерін туғызатын химиялық эквиваленттер.
Дәрілердің терапевтік адекватсыздығы (эквивалентсіздігі) құбылысы дайын дәрілік заттар сапасына фармацевтік факторлар әсерінің биологиялық маңызы туралы биофармацевтік концепциясының негізі болды.
Дәрілердің терапевтік адекватсыздығының пайда болуы ертеде көмекші заттар, препарат модификациясы, машиналар мен автоматтар, орауыштар және т.б. тауарлық, технологиялық және экономикалық сапасын қамтамасыз ету үшін таңдалуына байланысты болған. Яғни биофармация фармациядан дербес ғылым ретінде бөлініп шыққанға дейін клиникадан, фармакологиядан алыс болған және дәрілер тек оның физико-химиялық қасиеті және тауарлық сипаттамасы: белгілі салмағы, түсі, исі, әсер етуші зат мөлшері, сыртқы түрі (беріктігі және т.б.), орауышы және т.б. бойынша қарастырылған.
Терапевтік адекватсыздықтың пайда болу себебіне жеке субстанцияның (дәрілік зат) өзі әр түрлі фирмаларда шығарылуы, яғни, қазіргі уақытта Польша, Индия, Израил және Испанияда шығарылатын диклофенак натрийдің 7 субстанциясы және ТМД мемлекеттерінен алыс шет елдерде шығарылатын құрамында белсенді ингредиент ретінде диклофенак натрий бар 100-ден астам препараттар белгілі. Сондықтан қазіргі уақытта фармацевтік нарықта шығарылатын дәрілік заттардың (дженериктер) ұлғаюына байланысты олардың эффективтілігін және қауіпсіздігін стандартпен салыстырғанда дәлелдеу мәселесі едәуір өзекті болып жатыр.
Ал оригиналды препарат ретінде оның өндірісінің лицензиясына және эксклюзивті технологиясына патентті құқығы бар компаниямен (өндіруші-кәсіпорын) шығарылатын дәрі болып саналады.
Фармацевтік нарықта дженериктер санының өсуіне байланысты, әр түрлі фирмаларда шығарылатын фармацевтік өнімдерді бір-бірімен алмастыру туралы үлкен мәселе тұр. Бұл кейбір дженериктердің  фармацевтік эквиваленттігі (яғни химиялық эквиваленттік, сонымен қатар стандартқа сәйкес адекваттылық) терапевтік эквивалентілікті әр уақытта көрсете бермейді. Мысалы, ТМД фармацевтік нарығына түсетін верапамил гидрохлорид таблеткасының ерігіштігін зерттеу нәтижелері олардың БТ әр түрлі екендігін көрсетеді.
Фармакологиялық белсенді препараттың дәрілік түрін жасау оларды ағзаға енгізу жолына, сол немесе басқа көмекші затты дұрыс таңдауда, белгілі технологиялық операциялар мен сатыларды дұрыс жүргізуге және әр түрлі технологиялық қондырғыларды қолдануға негізделген.
Биофармацевтік кезеңге дейін барлық фармацевтік факторлар (көмекші заттардың табиғаты мен мөлшері, технологиялық құрал-жабдықтардың  түрі және т.б.) есепке тек экономикалық (арзандығы, қол жеткізу мүмкіндігі, энергия шығынының төмендігі) және технологиялық (сыртқы түрі, механикалық беріктігі, ерігіштігі және т.б.) көзқарастан алынған. Сонымен көмекші заттарды, машиналар мен аппараттарды және т.б. таңдау дәрілік түрдің керекті тауарлық және технологиялық сапасын қамтамасыз етуіне байланысты болған, соның нәтижесінде дәрілердің терапевтік адекватсыздығы пайда болды. Осы феноменді фармацияның жаңа саласы – биофармация түсіндіреді.
Биофармация – бұл дәрілік және көмекші заттардан тұратын күрделі физико-химиялық жүйе ретіндегі дайын дәрілік құралдың терапевтік эффективтілігіне фармацевтік факторлардың әсерін зерттейтін ғылым.
Биофармацияның негізгі міндеті – терапевтік эффективтілігі максималды және жағымсыз жанама әсері минималды болатын жаңа дәрілік түрлер жасап шығару.
Қазіргі уақытта дәрілердің терапевтік эффективтілігіне әсер  ететін негізгі факторларды 3 үлкен топқа бөледі:
-    физиологиялық факторлар;
-    биохимиялық факторлар;
-    фармацевтік факторлар.
Биофармация сонымен қатар ағзадағы дәрілік препараттардың абсорбциялануын, олардың  ұлпалар мен ағзаларда таралуын, биотрансформациясын (метаболизм) және препараттардың немесе олардың метаболиттер түрінде ағзадан элиминациялану (шығарылу) процестерін және осы процестерге дәрілердің физико-химиялық қасиеттерінің әсерін зерттейді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Физиологиялық факторларға науқастың жасы, жынысы, ағзаның жалпы жағдайы, жасушалық мембрана жағдайы, созылмалы аурулардың болуы және т.б. жатады. Олар дәрілік заттардың енгізу орнындағы жасуша мембраналары арқылы сіңірілу жылдамдығына және абсорбцияланған препараттардың (немесе олардың белсенді метаболиттерінің) ағзадағы ұлпалары мен қанда таралу жылдамдығына әсер етеді.
Биохимиялық факторлар (зат алмасу процестерінің, ағзадағы биохимиялық реакциялардың жылдамдығы, мүшедегі, ұлпадағы, ас қорыту сөлдеріндегі ферменттердің сандық және сапалық құрамы) дәрілік заттардың биотрансформациясын және олардың (немесе олардың метаболиттерінің) бүйрек, ішек-қарын трактысы (ІҚТ), өкпе, тер бездері арқылы элиминациясының жылдамдығына әсер етеді.
Препараттардың физико-химиялық қасиеттеріне (ерігіштігі, тұрақтылығы және т.б.), сонымен олардың ағзаға сіңірілу жылдамдығына бір қатар фармацевтік факторлар әсер етеді. Осы факторлардың әрбір жағдайларға әсерін биофармацевтік зерттеулерсіз бір де бір дәрі шығарылмайды.
Барлық фармацевтік факторлар 5 топқа бөлінеді:
а) дәрілік заттың химиялық табиғаты (тұз, негіз, Н-форма, қарапайым және күрделі эфирлер және т.б.);
б) дәрілік және көмекші заттардың физикалық жағдайы (бөлшектердің дисперстік дәрежесі, полиморфтық модификациясы және т.б.);
в) көмекші заттардың табиғаты мен мөлшері;
г) дәрілік түр және оны ағзаға енгізу жолы;
д) технологиялық процестің сипаты (технологиялық операциялардың тәсілдері және технологиялық жабдықтардың түрлері).
Ағзада дәрілердің жылжуын (транспортын) әртүрлі топ факторларының әсерін келесі схема түрінде көрсетуге болады (схема 1):

        А  1 саты   Б  2 саты   В  3 саты   Г  4 саты    Д   5 саты

А  – бастапқы дәрілік түрдегі препарат мөлшері;
1-ші саты –  дәрілік түрден дәрілік заттың босап шығуы (либерация);
Б – дәрілік түрден қолдану орыны бойынша босап шыққан препарат
      мөлшері;
2-ші саты –  қолдану орыны бойынша босап шыққан препараттың сіңірілуі
                  (абсорбция, резорбция);
В – сіңірілу орны бойынша биологиялық сұйықтықтардағы препарат
      мөлшері;
3-ші саты –  препараттың ұлпалар мен мүшелерде таралуы;
Г  – ағза ұлпалары мен мүшелеріндегі препарат мөлшері;
4-ші саты –  ағза ұлпалары, мүшелері және биологиялық сұйықтарындағы
                  препараттың биотрансформациясы (метаболизм);
Д – ағзадан шығарылған препарат немесе оның метаболиттерінің мөлшері;
5-ші саты – ағзадан әртүрлі жолдармен препарат немесе оның
                 метаболиттерін шығару.

1-ші сатыда дәрілік түрлерді қолдану орнында дәрілік заттың бөлініп шығуының жылдамдығына және толықтығына әсер ететін фармацевтік факторлардың маңызы ерекше болады.
2-ші сатыда дәрілік түрлерді енгізу орнындағы биологиялық сұйықтықтарда препараттың мөлшері фармацевтік факторлармен қатар физиологиялық факторларға да (науқастың жасына, жынысына және т.б. байланысты болатын кілегей қабаттардың, тері беткейінің, бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен физиологиялық жағдайы) тәуелді болады.
3-ші сатыда физиологиялық және биохимиялық факторлардың зат алмасу деңгейі, жасушалардағы судың мөлшері, олардың ферменттік белсенділігі және т.б. маңызы ерекше болады.
4-ші сатыда дәрілік заттардың биотрансформация жылдамдығын анықтайтын биохимиялық факторлар (ағзадағы ас қорыту сөлдері мен ұлпаларының сандық және сапалық ферменттік құрамы) ерекше орын алады.
5-ші сатыда препарат және оның метаболиттерінің бөлініп шығу жылдамдығы физиологиялық және биохимиялық факторларға елеулі деңгейде тәуелді.
Сонымен, дәрілік заттардың ағзада жылжуына (транспортына) және оның емдік белсенділік көрсетуіне әсер ететін жоғарыда аталған факторлардың комплексінің әсерін зерттеу биофармацияның негізгі мазмұны (құрамы) болып саналады.
Бірақ, биофармация ешқандай жағдайда фармакологияның орнын алмастырмайды, себебі биофармация дәрілік препараттардың терапевтік әсерін және қолдану орындарын зерттейтіндігін ескеру қажет.
Биофармация фармакокинетикамен бірге дәрілік препараттардың терапевтік әсерінің дәрежесін, яғни терапевтік эффективтігін зерттейді. Сонымен, биофармация фармакокинетикамен бірге “дәрілік зат – дәрілік түр” жүйесінің және терапевтік адекватты дәрілік түрлерді зерттеп шығару мақсатымен қарастырады. Бірде-бір жаңа препараттың қолдануына, егер оған рационалды дәрілік түр ұсынбаса, егер оның негіздермен, еріткіштермен, толықтырғыштармен және басқа көмекші заттармен байланыстыру мәселесі шешілмесе, егер дәрілік түрді өндіру едәуір жетілдірілген технологиялық тәсілдер және дәрілік препаратты дайын өнімде және тірі ағзада талдаудың адекватты әдістері табылмаса, рұқсат етілмейді.
Биофармацевтік зерттеулер келесі бағыттарда жүргізіледі:
-    дәрілік препараттың ағзада тасымалдануын (сіңірілуі, ұлпаларда таралуы, препарат биотрансформациясы, оның метаболиттерінің бөлініп шығуы) зерттеу;
-    дәрілердің терапевтік эффективтілігіндегі фармацевтік факторлардың маңызын зерттеу;
-    дәрілердің биологиялық тиімділігін және оның анықтау әдістерін зерттеу;
-    дәрілік заттардың (немесе оның белсенді метаболиттерінің) мөлшерін биологиялық сұйықтықтарда (қан, несеп және т.б.) анықтау әдістерін зерттеу;
-    дәрілік препараттардың фармакокинетикасын және қандағы басқа биологиялық сұйықтықтардағы немесе мүшелердегі әсер етуші заттардың мөлшеріне байланысты терапевтік эффективтілік көрінісінің тәуелділігін зерттеу. Бұл бағыт бірнеше пәндер аумағында (биофармация, клиникалық фармакология, фармакология) дамиды.
Келтірілген мәлімет биофармацевтік зерттеулердің аумағын кеңейтіп, биофармацияны ғылым ретінде кең спектрлігін көрсетеді.
Биофармация үшін фармацевтік факторларды зерттеудің маңызы ерекше.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов