Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Лучший ответ
Биофармация – бұл фармацевтік технологияның маңызды саласының бірі, атап айтқанда дәрілер технологиясының  теориялық негізі.
Биофармация дербес ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 50 жылдарының соңы мен 60 жылдарының басында қалыптасқан. “Биофармация” термині алғаш рет 1961 жылы АҚШ-ның ғылыми фармацевтік әдебиетінде жазылып, халықаралық термин ретінде мойындалды. Бұрынғы кеңес одағында биофармация бойынша алғашқы жұмыстарды А.И. Тенцова және И.С. Ажгихин жариялады.
Биофармацияның пайда болуы және оның фармацевтік ғылымнан бөлек дербес салаға бөлінуі фармацияның, фармакологияның, іс-тәжірибелік медицинаның, биохимияның және т.б. ғылымдардың алға дамуына байланысты. Қазіргі уақытта бірде-бір дәрілік зат алдын-ала жүргізілген биофармацевтік зерттеулерсіз дәріхана немесе өнеркәсіптік өндіріске енгізілмейді.
Дәрілерді қолданудың әртүрлі аспектілерін көптеген елдерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде дәрілік препараттардың терапевтік эффективтігі, сонымен бірге кейбір жағдайда пайда болған бірқатар қиындықтардың деңгейі мен сипаты бірнеше факторларға тәуелді болады. Соның ішінде дәрілік препараттардың тек қана олардың фармакологиялық тобы және химиялық құрылысы емес, сонымен бірге бұрында дәрінің әсеріне қарай индифферентті деп саналған факторлар: дәрілік зат физикалық жағдайы (дисперстік дәрежесі, полиморфты модификациясы); көмекші заттардың табиғаты және мөлшері; дәрі түрі және ағзаға енгізу жолы; дайындау технологиясы және т.б.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ