Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aieke в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Қабанбай батыр
Қабанбайдың шын аты-Ерасыл. Оның ең түптегі бабасы Сәйбек деген хан болыпты. Сіздер хан дегенде неге бұрын естілмеген демеңіздер. Өйткені бұл кезде Шыңғыс заманынан кейін қазақта бір жылдың өзінде хан атанған жүздей адам болған. Он шақты ауылға билігін жүргізсе, өзін ханмын деп санайтындар көп. Сәйбек те қазақтағы сол көп ханның бірі болса керек-ті. Ләкин қалайда "тегін кісі таз бола ма?!" дегендей, бекер кісі хан атала қоймаған шығар. Мейлі, Сәйбек хан болсын, болмасын, бір нәрсе анық: әйтеуір, Қабанбай - қалай да жақсы тұқымнан шыққан. Сол Сәйбектің тұқымы ағайынды екі жігіт Тоқтарқожа, Тоқымқожа екеуі Найманның Қаракерейі ішіндегі Байыс деген байға сіңеді. Бұл жерде бір нәрсенің басын аша кеткен жөн. Адам ныспысының аяғына қожа жалған қалса, кейде кейбір шала молдалар ол қожа тұқымы дей салатыны бар. Ал Тоқтарқожа деген оның қожа болғандығынан емес, атасы азан шақырып қойған аты екен. Тоқтарқожа Байыстың жанын тындыратын, шаруаға өте бейім, тіршілігі мол жігіт екен. Жігіт байға ұнаған соң, оған өзінің қызы Мақтаны қосып, біржола бала қылып алады. Міне, Қабанбай балалары осылай Қаракерекй болады. "Өзі болған жігіттің түп атасын қумаңыз" демей ме қазақ? Демек, одан бұрынғысының бұл жерге еш керегі болмайды.
Тоқтарқожа Байжігіт, Жанжігіт деген екі балалы болған соң, Байжігіт осында қала береді де, Тоқтарқожа Жанжігітті алып еліне қайтып ктееді. Қабанбай Жанжігіт ұрпағынан ешбір хабары жоғын айтады. Ал Байжігіттен Мәмбет, Жұмық, Тоғас деген балалар болады. Қаракерей ішіндегі үш Байжігіт деген аталар, міне, осылар. Мәмбеттен-Қожағұл, одан үш ұл: Есенаман, Есенбай, Ерасыл.
Ерасылдың балалары ол туғанда Сыр бойын мекендейді екен. Ерасыл Сырдың жағасында Ұғырық деген өзен саласында дүниеге келген. Ерасылдың түп нағашысы Қатаған Тұрсын хан болса керек-ті. Ерасыл есін білген кезде Есіл-Нұра өзендерінің арасында Арқада, одан Аңқай төңірегінде ғұмыр сүрген. Бұл он жеті жасұа келгенде, әкесі Қожағұлды қалмақтар өлтіріп, жастай кекті болған. Екі жылдан кейін, ол бір кезде көрші отырған қалмақ елімен күнде араласып жатқан шақ, Ерасыл қалмақ ауылына барып, әкесін өлтірген Шоңжы деген батырды үйінде өлтіріп кеткен. Енді қалмақ кекті болып: "Ерасылды ұстап беріңдер!" - деп пәле салды. Қаракерейлер мынадай жүректі, болайын деп тұрған жігітті ұстап беруден бас тартып, оны ұзатылған апасының артынан Алтай асырып жіберді. Ол жерде оның аты өзгеріп Ізбасар болды. Оның бірнеше аты болуының осындай сыры бар еді. Онда ер жеті, есін біліп, етегін жинағанда бір-ақ келді.
Қарағайлыдағы он жеті күн болған соғыста Ерасыл бір күні кешке дейін майдан алаңында жалғыз тұрып, алты қалмақтың басын алған. Содан Жамбы дұшпан: "Мынау алған беттен қайтпайтын нағыз қабан екен",-депті. Міне, Ерасылдың Қабан атанғаны осыдан кейін. Кейін батырға ерлікпен бірге мал да бітіп, бай болғанда Қабанбай атанды.Дұшпан болса да Жамбының аузына Құдай салған шығар, шынымен Ерасыл бұдан кейін бет қаратпайтын Қабанбай батыр болды.
Қабанбайдың ең жақын көрер батырлары Керей Жәнібек пен Бәсентиін Малайсары болатын.
Қырғызбен болған ұрыста бір ақ атан қолға түсіп, Қабанбай мен Дәулетбай ақ атанға таласады. Былай қарағанда, малы мыңғырып жатқан қазаққа бір түйеге талас күлкі сияқты да болатын. Бірақ Қабанбай мен Дәулетбай осы үшін қатты таласып, әрқайсысы бірін бірі кешіре алмай, бақастасып, жаман болды. Майданда ғұмырын бірге өткізген , бірі десе екіншісі жан беретін достас-ағайындардың мұнысы "алтын көрсе періште жолдан таяды" дегенге сайды."Кеше ғана қанды көйлек дос едік, бір найзаның ұшында кетіміз әбден ықтимал еді",-деген оларды билемеді.  Әрқайсысы өзінікін жөн деді. Қабанбай мен Дәулетбайдың арасына ағайын түспеді. Өйткені түскенде де, олар оны тыңдамас еді. Өйткені екеуі де бұл кезде деміне нан пісіп, көкірегі кеуіп кеткен болатын.
Сонымен, ақ атан екеуінің өлгенде де кқріспеуіне себеп болды. Екеуі де пендешілік жасады. Ақыры Дәулетбай қылығына ыза болған Қабанбай елінен көшіп, Сарыбелге кетті де, сонда бір жылдан кейін көз жұмды. Сүйегі Арқада Сарыбелде қалды. Бірақ ол ешкімге белгілі емес. Өйткені Қабанбай ғұмырында көп адаммен сайысқа түсіп, қасын-жауын мерт қылған адам.  Сондықтан ол көрінде тыныш жатуы үшін, сүйегі жатқан жерді белгісіз етті. Батырдың жатқан жері бейіш болсын!
ответил от Aieke
редактировать от Aieke

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Gulimzhan в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
спросил от Диана в категории Другое
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов