Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бөгенбай батыр

Біздің қазақ не көрмеді?  Қаншама ғасырлардан бері  халқымыз небір зұлмат соғыстар мен тарихи оқиғалардың бел ортасында жүрді, құрбанына да айналды. Әрбір арайлап атқан тәуелсіздік таңын көріп жүрген бүгінгі ұрпақ - қазақтың маңдайына біткен батырлар ерлігі мен аманатын сезінуі керек.

   Қашанда қазақтың белін сындырмақ болғанның өз омыртқасы үзіледі, оны мына жер бетінен біз біржола жойып жіберген Жоңғар қалмақтарынан көру қиынға түспес. Әрине, басына пәле тілеп алған құба қалмақтың өздері. Ата-бабаларымыз өздері еш елге шабуыл жасамаған. Бағдары қашанда бейқұтшылық болып, тыныш өмірді қалаған, бірақ қызымызды қатын, қатынымызды отын, жерімізді қанға суарғандарды аямаған.

    Міне, сондай ерлеріміздің бірі - жауға қарсы ерлікпен шайқасқа түскен, қол бастап, үлкен жеңістерге бастап отырған Бөгенбай батыр. Оның ерлігі сөзсіз әмбеге аян. Бірақ  Бөгенбай  батырдың  соғыс барысында ұрыстың қандай әдіс-тәсілдерін қолданғанын, қандай тапқырлықтары болғандығын көпшілік жұрт біле бермейді.

   Қазақ батырларының соғысу әдістері айрықша. "Екі аша соғысы", "Жүре соғыс", "Аламан соғыс", "Үш тоғыс соғысы", "Шұбыртпалы соғыс", т.б. соғыс түрлерімен талай мәрте қанжығамыз жеңістермен майланып отырған.           .  Бөгенбай қалмақтарға қарсы ұрыстардың  бірінде "Үш тоғыс", "жүре соғыс", "екі аша" тәсілдерімен қол бастап, майдан алаңына шығады. Бұл кескілескен ұрыстар қалмақтарды дүниенің бетінен түп тамырымен құртып жіберудің басы болды.

   Бөгенбай батырды халқы әрқашан құрмет тұтып келеді. Ол өте оңтайлы, тез қимылдайтын, бірақ ойланбай ештеңе істемейтін адам болған. Имандылығы сонша-соғыс жүріп жатқанда Құдайға құлшылық етіп, бес уақыт намазын жібермеген. Тағы бір ерекшелігі - өзінің серіктері Толыбай, Қанай, Жәпек, Үмбетаймен, Атан, Малай, Жантай, Досанбермен күнделікті ұрыстың барысын талқыға салып, өздерінің іс-әрекетінің дұрыс-бұрыс жерін шише шығарып отыратын. Бөгенбайдың әкесі Ақша ақын, батыр адам болыпты. Ол да ғұмырының көбін ат үстінде найза ұстап өткізген. Батырдың ерліктері туралы сөз еткенде майдан алаңындағы іс-әрекеттерін айтқан жөн болмақ. Бөкеңнің ұрыс алудағы ерекшелігі ол тұтқиылдан, ойда-жоқта соғыс салуды, сөйтіп жауды қапы қалдыруды көбірек құптайды. Бірақ мұның бір қолайсыз жері -мұндайда шабуыл жасаушы жақтан да шығын көбейіп кетеді.Бөгенбайдың жанында көбіне Қанжығалы Бозым мен Жанай жүреді. Ал ұрыс тәсілдерін көбіне Байұлы-Ысық Бітікпен, Шеркес Баспанмен, Жаппас Ақбердімен, Жетіру Орал батырымен, Қарауыл Қанаймен, Атығай Жәпекпен, Сүйіндік-Айдабол Толыбаймен ақылдасады. Бұлардың бәрі де өздерінің ойларын ірікпей айтады, қателессе артында реніш болмайтынын біледі. Бөкеңнің күндіз мінетін аты мен түнде мінетін аты бөлек. Түнде мінетіні-көбіне судай қара жорға. Күндіз мінетіні-аяңшыл күрең. Бөгенбай батыр Арқада, Сілті бойында қаза табады. Мәйіті Қожа Ахмет сағанағының жанына жерленген.   

    Жүрек жұтқан батырларымыздың аяулы есімдері ел жадында мәңгі сақталып қала бермек. Себебі, бейбіт күнде берекелі өмір сүріп жатқанымыз - елі үшін еңіреп, жері үшін жан аямай күрескен батырларымыздың арқасы. Көңілімізді күдіктен, жүрегімізді қорқыныштан айырып, тыныштық пен махаббатқа айырбастап берген қазақ батырларына мың алғыс!
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Aieke в категории Образование
0 голосов
2 ответов