Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ертегі
       Мен бір түс көрдім, түсімде бір іс көрдім. Жап-жасыл мәуелі бақта, құстар сайрап жатыр, бақтың ортасында бір аппақ әдемі оюланған киіз үй тұр екен. Ішіне кірсем көрсең көзіңді ала  алмайтын  сұлу қыз отыр. Үстінде аппақ көйлек, етек - жеңі көгілдір келген матамен өрнектелген шәйі көйлек, қыздың көркіне көрік қосып тұр. Шашын алдына бір бұрым етіп жайып қойған, басына әсем тастармен әдіптелген сәукеле.  Қыздың алдында бір кітап жатыр екен. Көзім түсіп кетіп еді, таң қалдым. Таң қалғаным сонша, өз көзіме өзім сенбей келіп ұстап көрдім. Кітап мақтадан жасалған екен. Мақта кітапты алып, оқиын десем кітаптың ішіндегі әріптердің бәрі менің миыма келіп кіріп кетті. Мен бір күнде керемет данышпан адам болып шыға келдім. Қызға қарасам, ол да маған қарап таңырқап отыр екен. Қызбен бірге далаға шығып, мәуелі бәйтерек жанындағы аспалы орындыққа отырдық. Жәймен тербетіліп отырғанда бірдеңеден қашып келе жатқан аюды көрдік. Жан-жағына жалтақтап, алақ-жұлақ етеді. Бір кезде шиқылдап артында тышқан келеді екен. Аю тышқаннан қорқып қашып келеді екен. Дәп-дәу болып алып кішкентай тышқаннан қашып келе жатқанына таң қалдық. Тағы да жәйлап тербеліп отыр едік, бір кезде алдымызға үстел дөңгеленіп келіп жайыла қалды. Үстінде толған жеміс-жидек, қазы-қарта, айран, шұбат, құрт. Біртіндеп алып жей бастадық. Қызығы жемістердің ішінен ет шығып, керісінше қазы-қартаның ішінен жемістер шыға бастады. Бұған да таң қалдық. Тағамға тойып алып, енді кішкене серуендеп келейік деп келе жатсақ алдымызда бағанағы қашып бара жатқан аю отыр екен. Біз жөн сұрадық. Мәселе былай екен, тышқанның інін аю қаза бастапты, ішінен бір үлкен қазба байлыққа тап болыпты. Мұны көріп қойған тышқан жетіп келіп, мұның ішінде аждаһа жылан бар, мен қазір сені жегіземін сені, ол мені ғана тыңдайды  дейді. Жүрегін қолына алып жүгіріп келе жатқаны сол екен. Біз әрі қарай жүріп кеттік. Келе жатсақ жолда іші толы әмиян жатыр екен. Бұл кімнен түсіп қалды екен деп ойлап тұрсақ, бағанағы аюды қуып келе жатқан тышқан жан-жағына, артына қарайлап келе жатыр. Біз тағы да жөн сұрадық. Әмиянын жоғалтып алғанын айтты.  Біз тышқанды тексеру үшін қанша ақша бар екенін, қандай әмиян екенін сұрадық. Сыйпаттап айтып берді. Біз әмиянын бердік. Тышқан риза болғаннан кейін, бізге бір бірден ақша берді. Ақшаны алып, қолымызға ұстап тұр едік, ол әдемі құсқа айналып кетті. Құстың әдемілігі сонша, қолыңа ұстап тұра бергің келеді. Құстың қанаты қызғылт сары, бас жағы көгілдір, тұмсық ұшы үшкірленіп келген дөңес. Құс сөйлей алады екен. Біз тағы да таң қалғанымыз сонша, біз құсқа сұрақты жаудырдық. Бізге ән салып берді, тақпақ айтып, билеп берді. Тағы қандай тілектерің бар айт деді. Біз әлемдегі ең ақылды да, білімді, бай адам болсақ деп армандап едік, лезде ақылды болып, білімнің ең шыңына шығуға шақ қалдық. Алдымызда зәулім үй тұрды. Ішіне кірсек, үй іші неше түрлі шамдар жарқырап жанып тұр екен.  Үй ішінде толған қонақтар, бұлар кімдер екен жеп жандарына жақындасақ, бұрынғы өмірден өтіп кеткен атам мен әжем, оның туыстары. Қуанып біз сендердің үйлеріңе келдік, қарсы алыңдар деп жатыр. Сонда осы зәулім үй біздікі ма деп, біз тағы да таң қалдық. Е сонда әдемі құс біздің тілегімізді орындаған екен ғой. Атам мен әжем қуанып жүр. Біз де көңілді топқа келіп қосылдық. Ақжарқын көңілмен таң атқанша той тойлап, көңіл көтеріп емен-жарқын болдық.
       Бір кезде бірнәрсе тарс ете қалды, атып тұрсам сөйтсем түсім екен. Жерге түскен сағатым екен. Қап, әдемі түсімнің үзіліп, әдемі үр қызының, данышпандықтың барлығының жоғалып кеткеніне өкініп қалдым. Әйелім бұрқылдап ұрсып жатыр. Ой енді тұрып, беті-қолымды жуып жұмысқа кету керек. Күнделікті тиін сияқты біртоға өмірдің қайталанытына күйініп, амалсыз созыла төсектен тұрдым.
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз