Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Жетістікке жеткен адамның тарихы

Жетістік... Жетістікті адам әр түрлі түсінеді. Кейбірі мол байлықты, енді бірі атақ даңқты зор бағалайды.Дұрыс ақ... Байлықты адам маңдай терімен жинар, атақ даңққа еңбегімен жетер. Бірақ ішіндегі ең құндысы, бағалысы бойындағы тума талантын халыққа мойындатып, дарынымен еліне пайдасын тигізсе жетістіктің төресі сол болар...
Әңгімеме арқау болған Саяхат Оразбек 1996 жылы ақпаннның 3-ші жұлдызында дүниеге келді. «Анам – Күлзипа ақын, ұрпағын білім нәрімен сусындата білген ұстаз. Әкем қарапайым кәсіпкер. Ақындық қасиет анамның ақ сүтімен келсе, әкемнен табанды еңбек етуді үйрендім»- дейді кейіпкеріміз. Ата-анасы кең пейілді жаны жайсаң жандар еді. Балаларын ізгілікке, имандылыққа үгіттейтін. Берекелі, мерекелі шаңырақтан қонақтар үзілмеуші еді. Көпшілік келген сайын қос құлақты домбыраны қолға алып сусындап өскен халық әндерін шырқап, күй ойнап, өлең құрап таң қалдыратын. Жиналған қауым таңдайы тақылдаған кішкентай ұлдың бойынан бір ұшқын байқағаны ма, үнемі батасын беріп қайтатын. Әрине,балалық шақ адам өмірінің ең тәтті кезі. Тәрбиенің негізі де осы тұста басталады. Бұл уақыт тәтті қиялдармен асқақ армандардың мекені.
  Оқушы Оразбек мектепте озат еді. Ұстаздары шәкіртінің алғыр, зерек, әдебиетке құштарлығын байқап, «бұлақ көрсең көзін аш демекші» жан- жақты дамуына, шыңдалуына себепкер бола білді.
Уақыт өте келе үлкен сахналарда өнер көрсете бастады. Ол өлеңді асқан шеберлікпен оқығанда тыңдарман жүрегін әсерге бөлемей, селт еткізбей қоймайтын. Бұл өнері Оразбекті биік шыңдарға шығара білді. Ол V облыстық Мұқағали оқуларының «Бас жүлдегері», республикалық кезеңнің «Арнайы жүлде» иегері, «Жырлаймын сені, туған өлкем» атты мүшәйраның І орын иегері, ІІІ облыстық Махамбет оқуларының «Бас жүлдегері». Бұл деңгейге жетуінде театр актерларынан алған сабақтарының орны орасан екенін байқауға болады.
Сонымен қатар поэзия әлемінде қалам тербеп жүрген жас ақын. Оның жүрегінен жарып шыққан отты жырлары Оразбектің ой-өрісінің кеңдігін, терең парасатын, кіршіксіз мөлдір сезімін, сөз зергерлігіне бейім екенін көрсетеді. Ықыласы мен ықтияты, дарыны мен қабілеті қабысқан жас ақынның өлең өнеріне деген құмарлығы ерекше. Шапқан сайын көсілген тұлпардай, жазған сайын шығармасынан шалағайлық аңғармайсың, керісінше даму мен түлегенін түгендейсің. Мысалы:
                                      Құйғытса таймен құмартқан, бала,
                                      Қырағы көңіл қыраттан қара.
                                      Мендегі көңіл - өзіңдей шалқар
                                      Жазира жазық мұнартқан дала,-
деген жолдар жас талаптың көңілінің көл дариядай екенін білдірсе, екіншіден, шын патриоттық жан-жүрегімен жазылған жалынды сөз екенін ескерткендей.
Құлпырар өссе топтаса кендір
Жағалай қонып қаптаса ел бір.
Мендегі сезім – сендегі бұлақ,
Сән берген саған тап-таза мөлдір.

Шыңына шығар орасан жол бар,
Беткейде бұлбұл тамаша ән жалғар.
Мендегі арман – сендегі таулар,
Сүрінген көздер қарасаң заңғар.
деген шумақтарынан шабытының шалқуына қоршаған ортасы сырға толы сулу табиғаты әсер еткенін байқауға болады.
Өнер үздіксіз ізденіс пен талаптылықты, табандылықты қалайды. Сондықтан да алтын уақытының көбісін кітапханада өткізетін. Қолынан Абай, Мұқағали сынды сүбелі сөз серкелерінің туындылары түспейтін.
Поэзиямен қатар ұлтымыздың хас өнері айтысты да қатар өрбітіп келе жатқан ұлан. Оқушылар сахнасынан бастаған құлшынысы облыстық, аймақтық айтыстарға да ат ізін салып үлгеріп, жетістіктер мен жүлделерге ілікті.
Өнердің қайнаған ортасында жүріп жақсы жайсаңдардың, сөз қадірін түсінген асылдардың ғибраты мол әңгімелеріне, ізгілікті істеріне куә болған еді.
Кейіпкеріміздің жан-жақтылығын дәлелдейтін тағы бір жетістігі Республикалық ғылыми жобалар сайысында топ жарып,жоғарғы оқу орнында тегін оқу грантын женіп алуы. Осылайша тынымсыз еңбек, ізденіс, табандылықтың жетістікке жетуге жол ашатынын көрсетті. Павлодар облысы әкімінің қабылдауында болып, құрмет граматасы мен «Дарын-2014» атағын алды.
Қазіргі таңда Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің мақтаулы студенті. Ата-анасының мерейін асырған сүйікті перзенті. Біріне үлгі тұтар аға, біріне ізетті іні.
Раббыңның сезгің келсе мейірін
Кәлимамен ұштасқан жөн кей үнің.
Мастанбастан құрығында нәпсінің
Мінәжәтпен кеңейе түссін пейілің.
деп жырына қосқандай бес уақыт намазын қаза қылмайтын иманды жігіт.
    Осылайша аз уақытта толағай табысқа жеткен бозбаланың шағын тарихын тарқаттым. Бүгінгі күн ертеңгі тарих. Тек маңызды, елеулі ұлы оқиғалар өшпес тарихқа айналары сөзсіз.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Жетістікке жеткен адамның тарихы

Мен сенің өлеңіңді емес өміріңді оқып отырмын

Бекен Қайратұлы
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі

Жетістік.. Жетістікті адам әр түрлі түсінеді. Кейбірі мол байлықты, енді бірі атақ даңқты зор бағалайды.. Ал менің шығармамның кейіпкері  жасаған жақсылықтарының, ізгі істерінің, еліне адал атқарған қызметінің, ұрпағына берген саналы тәрбиесінің жемісін жетістік деп біледі.  Бүгінгі күн ертеңгі тарих. Өмірдің әр кезеңі сан түрлі естеліктерге толы..
«Мен -  Сағитқызы Күлзипа  Ақмолда Сагит пен Смағұлқызы Нүкейдің кенже баласы болып 1968 жылы қаңтардың 20 – сы күні Қобда аймағы Қобда сұмынында дүниеге келдім. Туған жерімде 10 жылдық білім алдым. Жастайымнан көбінде ұлттық тәрбиемен тәрбиелендім. Кешке ел орынға отырса болды ата- анам уағыздар айтатын немесе бізге жыр оқытатын. Ағаларым - Бақыт түрлі аспаптарда ойнап өлең жазсса ,Үйсіп өлең жазып суретті керемет салатын. Анам он қолынан өнер тамған шебер еді. Олар маған көптеген ертегілер айтатын.»-деп келмеске кеткен бала кезін сағынышпен еске алады кейіпкеріміз.
    Балалық шақ адам өмірінің ең тәтті кезі.Адам тәрбиесінің негізі де осы тұста басталады. Бұл уақыт тәтті қиялдармен асқақ армандардың мекені. Бүлдіршін Күлзипа  Монғол мемлекетін мекендегеніне қарамастан салт дәстүрін сақтаған, діні берік, өнегелі отбасында өсті. Ата-анасы бес уақыт намазын қаза қылмайтын жаны жайсаң жандар еді. Балаларын ізгілікке, имандылыққа үгіттейтін. Тау баласы тауға қарап өсер демекші алдыңғы аға-әпкелеріне еліктеді. Берекелі, мерекелі шаңырақтан қонақтар үзілмеуші еді.

Шабыт келсе толағай теңіздеймін
Өлең жырмен әрдайым егіздеймін
Тек ғана тыңдар құлақ сөзімді ұқса
Қайда екен қазақ қызы дегізбеймін
деп жырлағандай  көпшілік келген сайын мандалина, домбыра аспаптарында ойнап, өлең құрап, сызылтып ән салып таң қалдыратын. Жиналған қауым таңдайы тақылдаған кішкентай қыздың бойынан бір ұшқын байқағаны ма, үнемі батасын беріп қайтатын.
Көп тілесе көл демекші уақыт өте келе үлкен сахналарда өнер көрсетіп шыңдала түсті. «Мұрагер» ансамблінде мандалина, домбыра шертсе, аламан айтыстарда суырып салмалығымен көзге түсе білді. Күміс көмейінен шарықтатып ән де шырқайтын.
Абай, Мұхтар, Жамбылдарды көп оқып,
Жыр жазамын шабыт келсе тебінді
Өлең досым бәрін айтам өзіңе
Өлеңменен тарқатамын шерімді.
деген жыр жолдарынан жазба ақындығы өз алдына бір төбе екендігін байқауға болады.
 
Жырмен басқан аш көңілдің құнығын,
Кешіп жүрген жастық өмір қызығын.
Көп тыңдаған шежіредей қарттарды,
Мен дағы бір намыс қорғар қызыңмын
Қайсар, албырт, айналасына шуақ шашып жүретін ақжарқын мінезді Күлзипасыз той томалақ, жиын, бас қосулардың сәні кірмейтін. Екі көзі жарқыраған жақұттай, екі қасы қарлығаштың қанатындай қиғаш, биік таудың басынан құлдырай аққан сарқырамадай қолаң ұзын қара шашы, жаңа туған сәбидікіндей нәзік, сүйкімді жанары, қыпша белді талдырмаш аруға бозбала біткен ғашық болатын. Жұрт та сүйсіне қарайтын.
Сол көптің ішінен суырлып шығып, көңілдері жарасқан Саяхат есімді сері жігітпен мәңгілік бір болуға бел байлап отау құрады. Нұрғайым, Оразбек атты қос құлыншақты болады. Бір қолымен бесікті тербетіп, бір қолымен шығармашылығын кеңейте түседі.
1992 жылы атамекенге оралған соң айтыс аламанында кеңінен өнер көрсетті. 1994 жылы Павлодар облысында  айтыскер Серік Құсанбаев бастаған ақындардың ұйымдастыруымен өткен  жыр додасында 3-орынды иеленді. 1999 жылы Жамбылдың 100 жылдық тойына орай өткен облыстық айтыста арнайы сыйлықты қанжығасына байлады. Домбыраны қолға алып сахна төрінде небір жыр дүлдүлдерімен сөз қағыстырған сәттерде бір жасқа толмаған сәбиі іңгәлаған дауысымен шабытын қоздыра түсетін. Кейін келе балалары ес білген шағында жақсы жайсаңдардың, сөз қадірін түсінген асылдардың арасында жүріп қызықты сәттерге ғибраты мол әңгімелерге ізгілікті істерге куә болған еді. Ананың ақ сүтімен дарыған ақындық қасиет қызы Нұрғайым, бес уақыт намазын ұмыт қалдырмайтын ұлы Оразбектің бойынан табыла білді. Саяхат Оразбек облыстық, республикалық айтыстарда, көркемсөз додаларында топ жарып жүрген талантты жас.
Қазіргі таңда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Хмедьницкий орта мектебінде ұстаз. Қазақ балаларын білім нәрімен сусындатып, жан-жақты болып қалыптасуына үлес қосып жүргенін зор мәртебе, нағыз жетістік деп біледі. Еңбегінің жемісі шәкірттерінің биік белестерді бағындырып, мектеп абыройын асқақтатуымен еленіп келеді.
Алғаш қолына қалам алдыртып санасын ашқан оқушылары екінші анасындай құрметтеп мың атанға жүк болардай алғыстарына бөленген бақытты ұстаз. Немере қызығына тоймаған әже.
Айналаңдағы небір сұмдық жағдайларды көріп, ата-аналарын зар жылатқан ессіз ұрпақты көргенде алланың ақ жолымен жүріп мерейіңді асырып әкем асқар тауым, анам асыл жаным дер баланның бары-жетістік.
Бойыңдағы бар білімді сарқып берген шәкірттеріңді ел тізгінін ұстар тұлға болғанын көру-жетістік.
Немереннің алдыңнан тәй-тәй басып жүгіріп шықса құшағыңа алу- жетістік.
Жүректен шыққан шығармаларыңды ертеңгі ұрпақ іздеп жүріп оқыса, рухани байлық алса-жетістік.
Артыңда қалған сөзіңді оқып,тарихыңды білгісі келсе–жетістік..
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ