Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"КММ
Ш.А Амонашвилидің «Асығыңдар балалар, көкке самғап үйренеміз!» (Спешите, дети, будем учиться летать!) атты шығармасын жазылған пікір
          Бұл кітапқа пікір жазбас бұрын, мен мынандай ойға келдім. Неге адамдар құс сияқты ұшалмайды екен? Мүмкін, болашақ деп жүрегі соққан адамдардың көбі өз өмір жолында мәңгіліктің жолаушысын кезіктірмегендіктен.
    Ш.А Амонашвили өз шығармасында құрдымға кетіп бара жатқан адамдар мен данагөй қариямен диологын суреттейді. Олар ары қарай қалай өмір сүру керек екенін сұрайды. «Мәңгіліктің жолдасы келер, сол құтқарар сендерді.......оны мәңгі биік самғауға үйретіңдер!»- дейді. Әлемде бойына бала біткен аяғы ауыр айел адамға тең келері жоқ шығар. Болашақ анаға  бала бойына біткеннен бастап,баланы жақсылықтың жаршысы болатын, армандарына қол жеткізетін сенімді адам болатынына тәрбиелеу керек.  Болашақ ата-ананың да  армандары мен алға ұмтылыстары да балаға өмірлік азық болмақ.  Бала туа біткеннен әдемілікке, үйлесімге қабілеттенген, ал біз сырт бейнемізді бұзып балаға жайсыздық сыйлаймыз, содан барып ол бала да ашу-ыза, кекшілдік пайда болады. Баланың анасына айтқан әдемі сөзі бар: «Мен саған махаббатпен туылуым үшін, мені сүйе біл» деген. Бала бағалы болып туылып, қанаттанады. Ал, егер бойындағы рухани күштің жібі үзілсе қанаттана алмайды. Өкінішке орай кейбір ата-ана баласына жылулық сыйлай алмай отыр. Жарым-жан балалардың өзіде жаратылыстың  барын сезініп, түсіне алады.  Олардың да бойында тамаша талант болады. Бірақ біз  бұл жағдайды байқағымыз келмейді, ол үлкен қажеттілік. «Егер ағаш отырғызсаң тамырын кең жаярын отырғыз, ал біреуге сәйгүлік сыйлағың келсе асауын сыйла» деген сөз бар. Егер балаларды баптауға батырсынсаң, оны қанаттандыр. Мына заманда –біз адамның адами қасиетін бағалай алмай, қуаныш-қайғысын бірге бөлісе алмай жатамыз. Шығармада оқушылардың қарлығаштың ұясын тұрғызуын, жұмыртқа басуын, қарлығаш аталығының қамқорлығы, аналығының мейірімділігі, сүйіспеншілдігі көреді. Әр анада өз баласын «сенің қолыңнан бәрі келеді» деп қанаттандырып отырса бұл тәрбиенің  ең бірініші бастамасы болмақ. Ол отбасынан алған тәрбиенің арқасынада жамандық тудыратын ойлардан арыла отырып, өмірінің  соңына дейін қуат алады. Өкінішке орай қазіргі кейбір отбасында  махаббат пен мейірімге зәру балалар бар. Көбінесе «торда» отырған балалардан енжарлық, қатігездік, сыйымсыз балаларды кездестіреміз.  Бұл жерде тек ата-ана емес мұғалімдердің де түсінбей, таңғалмайтындары да бар. Мұғалімдер тек сабақ беруші ұстаз ғана емес екінші ана болуы шарт. Барлық мұғалім үлгі бола алмас. Бірақ біз, адамдар өзіміз өзгеруіміз керек.  Егер біз өзімізден бастап, өзімізді қолға алып, ата-ана, ұстаз, туған-туысымызды сүйе білуді үйренсек оларда қанаттанып, адамгершілікке жол ашылып, биікке самғай бермек. Балалар ұшып бара жатсада құлап қалмауын қадағалап отыру керек. Жылдар өте келе қанаттанған балаларда ата-ана болып, өз балаларын самғауға баулиды. Тәрбиелі ата-ана жан дүние мен адамгершіліктің қайнар көзі.
Кумпеисова Гульжан
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов