Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"КММ

Мен шабыттанамын
(Эссе)
Мен шабыттанамын...........
    Мен, ең алдымен өмірден шабыт аламын. Осы әлемде, осы қалада (айналамда) болып  жатқан өзгерістер мен жаңалықтардан, бүгінгі күні аяқ басып жер бетінде өмір сүріп жүргенімнен шабыт аламын. Мен жанұямнан.... таң сәріден "анашым" деп оянған балапандарымның дауысынан шабыт аламын. Көңіліме жақын жандардың мейіріміне, сүйіспеншілігіне бөлене отырып шабыттанамын.
    Мен мамандығымнан шабыт аламын. Л.Толстойдың сөзімен айтқанда: «Егер мұғалім өз ісін сүйсе, ол жақсы мұғалім». Мұғалімдікке бет бұрғаным анама ұқсағым келгендіктен болар. Ол кісінің жүріс-тұрысы, сөзі, білімділігі, тұла-бойындағы толып тұрған энергиясынан шабыттанамын.
    Мен мамандығымды  мақтан  тұтамын. Қазіргі мына күн сайын, әр минут, секунд сайын, мына өзгеріске толы заманымызда мен таңдаған мамандық ілгерінді, қарқынды, тоқтаусыз дамып жатыр. Бұл мамандықтың шабыттандыратыны әр түрлі бағдарламалары, оның құрылымы, шешу жолдары. Шабыттың арқасында ізденіс үстіне ізденіс пайда болады. Өткізген сабақтарымның қызықты болып жатқанын оқушылардың көз қарастарымен қызығушылықтарынан сеземін. Олар барлық түйсігімен жақсы көріп тұрғанын көріп, өзімнің жасап жатқан ісіме риза боламын.
    Жаңа оқыту әдістерін тауып, шығармашылыққа бой алдырып, оқушыларыма үйрету, сездіру, сақтауға бар күш-жігерімді жұмсаумен шабыттанамын. Өмірімінің көп уақыты жұмысымда өтеді. Бір ақпараттарды қабылдап, екінші ақпараттарға жауап беремін. Сөйтіп, таң аттырып, күн баттырамын. «Шабыт жалқау адамның уысына түспейтін нәрсе. Шабыт тек іздеген адамға ғана кез болатын қонақ. Істің бар тетігі – мен күн сайын таңертеңгі уақытта қандай жағдай болса да нені істеймін деп ойласам, сол жұмысқа қолайлы жағдай туғыза аламын».деген екен П.И.Чайковский.     Шабытсыз мұғалім ұстаз емес деп айтуға болады.  Шабытпен берілген сабақ, өте нәтижелі болады. Оны алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен көреді.
    Әрбір  сабақтан шыққан оқушы шабыттанып шығуына өз жүрек жылуымды беруден аянбаймын, бойындағы күшіне деген сенімін асыра түсіруге күшімді жұмсаймын.   
                                        Кумпеисова Гульжан
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Gulimzhan в категории Образование
0 голосов
7 ответов