Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

НУРСЕИТОВА ЖАНАР АБДУЛЛАҚЫЗЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Т. Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы

ІІ деңгейлі сертификатталған

бастауыш сынып мұғалімі

"Тәжірибемді түрлендірген - Тәуелсіздік"

(Эссе)

(Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай)

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н.Ә. Назарбаев.

Елбасының осы бір ауыз сөзі мені елең еткізбей қоймады. Шынында да, ежелден-ақ тыныштық пен татулық, ынтымақ пен берекені ту етіп келген жомарт халқымның аңсаған арманы осы еді. Еліміз қаншама жылғы ауыр азапты күндерді артқа тастады. Бұған да Тәубе!

Ия,Тәуелсіз Қазақстанымның өзіндік тарихы ерекше. 1991 жылы

16-желтоқсан күні көк туымыз желбіреп, тәуелсіздігін алып, исіқазақ көз жастарын ақ орамалмен сүртіп қуанышты күнді қарсы алды. Міне, содан бері 25 жыл болды, яғни ширек ғасыр өтті. Әрине ол рас, бұл біздің кемеңгер елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы деп білемін. Осындай дербестігін алған жас мемлекетті аяқтан тұрғызуға аз еңбек етпеді. Содан бері мол жетістіктерге қол жеткіздік: Ата Заң қабылдадық, төл рәміздерімізді жасадық, Елордамызды өзгерттік, шет елдермен терезесі теңесіп қалыспай қарыштап дамып, Елбасымыздың сарабдал саясатын үйренуге ниет білдіргендер де табылды. Елдің қамын үнемі ойлап, кереметтей ой түйінділерін ортаға тастап, болашақтың игілігі үшін аянбайтын жан. Сол үшін де біз "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" деп мақтан ете аламыз.

Иә, ертеңгі болашақтың кілті кейінгі ұрпақтың қолында екені белгілі. Жас ұрпақты тәрбиелеу саласына араласқаныма1991 жылы 1-ақ жыл толған жас тәлімгер екенмін. Сондағы Егемендігіміздің жарияланғанын естіп қуанғанымыз әлі де есімде. Оқушылармен түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды алға тартып, Елімізді, Тәуелсіздігімізді мақтанышпен жырлап, өлең - шумақтарды көсіліп айтуға дайындайтынмын. Тәуелсіздік алғанға дейінгі бір жылда балалардың мұндай белсенділігін байқамаған едім. Әрбір ұйымдастырылған тәрбие сағаттары мен апталықтар бір-біріне ұқсамай, қызықты да, тартымды өткізіп, балалардың патриоттық сезімінің, ұлттық намысының оянғанын сездім. Күн сайынғы оқушылармен кездесу, жүздесу, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру - тек Елге деген сый, Елбасына деген құрметтен тұрды.

Оқушыларға арналған газет-журналдар беттерін ақтарып, бұрын-соңды айтыла бермейтін Дербестігіміз, Еркіндігіміз, Егемендігіміз, Тәуелсіздігіміз деген жағымды сөздер жиі оқитын болдық.

Балаларға Тәуелсіздікке арналған өлеңдер мен шығармаларды жинақтап, таныстырдым. Сол өлеңдер ішінен бір шумақ өлең жүрегімнің төрінен орын алыпты (ол өлеңнің авторы кім екенін де білмедім), қазір сол өлеңді әлі күнге ұмытпай, осы күнгі шәкірттеріме айтып жүрмін. Міне, оған да ширек ғасыр, яғни, 25 жыл болыпты.

- Ән мен күйді әуелеткен ұл-қызы,

Қазақ елін біледі әлем- жер жүзі.

Біз еркіндеп, біз тәуелсіз алған күн-

Желтоқсанның он алтыншы жұлдызы.

Оқушы құлағына да үнемі Тәуелсіздіктің оңай келмегенін, қадірлеу керектігін жиі айтып отырамын Иә, 1991 жыл "Тәуелсіз Қазақстан" деп еркін айтатын мүмкіндіктер жылы болып қалыптасты.

Бірде балалардың патриоттық сезімін ояту үшін, Отан, Тәуелсіздік туралы өлеңдер, мақалдарды өздері іздеп тауып, жаттауды тапсырдым. Менің ойлағанымнан да асырып орындап келіпті, яғни, таба алмаған достарына береміз деп қолмен жазып әкеліп, балалар журналын үлестіріп жатты.Мен бұдан барлық баланың өз Отанынын шексіз сүйетінін байқадым.

Кейде ойланып отырып, "Тәуелсіздікті алмағанда, осындай әлемге танылатын мүмкіндіктер болар ма еді" деген сан түрлі сауалдарға жауап іздеймін. Ұлттық болмысымыз, Тіліміз, Рәміздеріміз, Семей полигонының жабылуы, шет елдермен жақсы қарым-қатыныстар, өз кәсіптерін жандандырып жатқан жеке кәсіпкерлер, білім саласындағы өзгерістер, тағысын- тағылар, осындай дәуір тек Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана орнады.

Балаларды ұлттық тәрбиемен тәрбиелеп, оқыту бұйырды. Жалпы осы білім саласына келгелі бәрі жаңадан өзгеріп, төл оқулықтарымыз, оқу бағдарламалар да өзгерді. Сол жаңалықтарды жатсынбай, тез үйренуге тырысып отырдым.

Сол қарқынмен еңбек жолымды жалғастырып келемін. Тәжірибем Тәуелсіздікпен құрдас десем де болады.Бүгінгі күні соның тәтті дәмін сезінгендеймін. Еңбек жолдарымның әр жылында мақтаулар естіп, марапаттар алып отырдым. Қанша жылдық тәжірибелерімді електен өткізіп, балаға, жас маманға арнап көмекші құралдар шығаруды армандадым. Оған көп жылдар бойы жазып дайындап, жинақтадым.Күндердің бір күні сол кітапшаларым (2015-2016жж) Республикадан қолдау тауып, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы келді. Бұған қатты қуандым. Биыл әдістемелік құралдар дайындайтын шығармашыл мұғалімдерді анықтау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық "Үздік педагог-2016" конкурсының облыстық деңгейінен өтіп, Республикалық кезеңіне қатыстым.

Осындай жетістіктерімнің бәрі елдің кемел келешегі үшін жасалған дүниелер-тын. Мен қазір көп ізденіп, өзгерістер енгізуге, жаңашыл болуға бейімделдім. Оған себеп - ІІ деңгейлі сертификатталған ұстаз болғаным. Желілік қауымдастық құрып, республика көлемінде тәжірибелер алмасуға мүмкіндіктер жолға қойылғаны, республикалық педагогикалық байқаулар, түрлі қашықтық олимпиадалардың ұстаздар үшін көмегі ерекше.

Тәуелсіздік маған көп қуаныш сыйлады. Маған Тәуелсіздік шығармашыл ұстаз болуға, бала біліміне қозғау салатын түрлі әдіс-тәсілдер ойлап табуға көп мүмкіндіктер берді. Сан мыңдаған сөздері тәтті, өздері сүйкімді бүлдіршін-шәкірттер сыйлады. Сол балалар арасында жүріп жетістіктер мен жеңіске жеттім. Мұнымен тоқтап қалмақ емеспін, Елбасымыздың жоғарыдағы" қазақтың жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет" деген сөзі маған әрдайым қамшы болады. Енді жаңа бағдарламамен жаңаша жұмыс бастауға дайынмын.

Міне, 25 жылда Тәуелсіздік, менің 25-26 жылдық тәжірибемді осылайша түрлендірді. Рақмет, саған, Тәуелсіздік! Еліміздің Еркіндігі, Жасампаздығы мәңгіге жасасын! Тәуелсіздіктің әр таңы арайланып атсын!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ