Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырмаларды  артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру технологиясы  жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Сондықтанда болашақ ұрпақ жақсы тәрбиелі, тәртіпті, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу біздің қолымызда. Сонмен өз білімімізді  жетілдіру мақсатында қосымша білім беру  курс оқуына қатысуға  бел будым. Біздің оқу мектеп оқушылары  демалысқа шыққа уақытта білімімізді әрі қарай жалғастыруға келісіп алдық,  30.11.2016ж күннен бастап оқуды бастадық. Оқуға келгендегі мақсатым, ең бірінші жаңарған теорияны үйрену және жаңаша әдіс -тәсілдерді тәжірибе  жүзінде жұмыс істеп,  білім алу.       
         Ең бірінші күннен бастап ынтымақтастыққа ұласатын мығын сенімді қарым-қатынасты  дамыту үшін  жаңа топтармен сабақ барысында мынадай жаттығуларды  пайдаландық . Сенімді қарым-қатынас тақырыбында топпен жұмыс істеп зерттеп  көрдік,  және топпен жұмыс істеу барысында  сәтті аяқтап шықтық.  Топтық жұмыс не үшін  керек? Тақырыбын топпен талқыладық , ол жерде   1) Топпен жұмыс істеу не үшін қажет?  2) Топтарды қалай ұйымдастыруға болады?   3) Топтағы  бірлескен жұмыс дегеніміз не? - деген сұрақтарға топпен мынадай  жауаптар бердік. Топпен  жұмыс істеу   бізге өте тиімді  болды. Өйткені  топта бірнеше  мұғалімдерден болдық, әр кісіден әр түрлі ой айтылады, сол айтылған ой -пікірлерді саралап, зерделеп  нақты бір ойды жаздық.  Топта ең алдымен топбасшы сайлап алу керек. Топ бірін- бірінің ойын пікірін тыңдай білу, сенімділік , мейірімділік , сабырлылық ,  сыйластық  тәртіптік, тазалық болу керек. Топпен бірлесіп жасаған  жұмыс  жақсы ұйымдастырылған жұмыс оқушылар арасында  әлеуметтік өзара  қарым-қатынасты тиімді араласу, және  проблемаларын шешу дағдыларын  дамытуға  ықпал  етеді.  Бұл өз кезегінде  оқуларды өздерінің оқушыларына белсенді қатысуға итермелейді- деп жауап жаздық.Топпен жұмыс істеу барысында бізге берілген  тақырыпты талқылап, зерттеп, саралап  шығып өз тәжірибемізден өткіздік.  Екінші күнде басталды кезекшілер сынып тазалығына қарап топқа бөлуді  ұйымдастырды . Топқа бөлуді бірінші топ кезекшілері  «Сиқырлы асық » әдісімен бөлді, әрі қарай  сабағымызды бастадық. Бізге тренеріміз  «Мәдениет » тақырыбын түсіндіріп слайдшоу  арқылы түсіндіріп берді. Топпен жұмыс жасауды бастадық . Мәдениет дегеніз не? Мәдениетке нелер жатады?  Мәдениет  тақырыбын  талқылады өз ойымызды ортаға салып, жаздық, қалған үш топпен бөлісіп, өз ойларымызды айттық. Жалпы мәдениет тақырыбын  төрт топ талқылап, саралап, өз ойларымызды жан-жақты жинақтап мәдениет не екенін оларға  нелер жататынын, сөйлеу мәдениетін  жалпы топпен жұмыс істеу барысында  толық  меңгердік . Сергіту сәтін жасадық  және  үйге тапсырма берілді. Келесі үшінші күнде басталды, кезекшілер топқа бөлуді біз күткенненде ерекше етіп ұйымдастырып келіпті.  Себетке түрлі гүлдер салған,  әдемі гүлдердің  арқасында жүрекке жағымды сөздер жазылған. Гүлді алдық,  жақсы сөз иесі болдық, көңіліміз  бір марқайып қалды.  Топқа бөлуді ұйымдасырған топ иелеріне алғысымызды білдіріп, өз бағаларымызды бердік.  Төрт топқа тренер бір –бір тапсырмадан  берді.  Бірінші топқа «мінсіз оқушы», екінші топқа «мінсіз мұғалім»,  үшінші топқа «жаман оқушы», төртінші топқа «жаман мұғалім» тақырыбын көрініс құруды берілді.  Әр топ қызықты әрі мағыналы етіп құрып көрсетті , көңіл-  күйіміз көтерілді, әрі өзіміздің кемшіліктерімізді  толықтыратындай  дәрежеде  үйрендік. Тренеріміз слайдшоу арқылы толық түсіндіріп  берді. Мұғалім қандай,  оқушы қандай болу керек екенін өз тәжірибемізден өткіздік. Барлығымыз бір-бірімізге баға беріп  болған соң, тренерімізді  жақсы сөздермен, жақсы деген баға берді.  Сергіту сәтін жасап бір билеп алдық, осылайша мынадай көптеген тақырыптармен таныстық .Бағдарламада қазіргі заманғы оқыту әдістері ұсынылды. Алғашқы кезеңінен бастап сыңдарлы оқытудың теориялық негіздері тиімді оқыту тәсілдері, мінсіз оқушы, болашақ мектеп, балалар өзін-өзі реттеу, ерте жастағы балалардың  даму, оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар, тіл үйрену стратегияларды қолдану, Оқу бағдарламасындағы драма, кейс стади, сациограмма жасау, табысты оқыту мен  құзырлы мұғалімге  қойылатын талаптар және көптеген діс-тәсілдер жан-жақты талқыланды.  Педагогтар курс барысында жұппен және топпен жасалған жұмыстарда пікір алмасу, сыни тұрғыдан ойлану, қызу талқылаулар орын алды. Курс кезінде ұжымдық ынтымақтастық атмосфераның арқасында  әр түрлі пән мұғалімдері күрсқа келген  әріптестерімізбен одан әрі жақын танысып, тәжірибе алмасудамыз.
     Сабақ өту барысында бізге тренер теорияны өзі ауызша  түсіндіріп берді, және бізге тақырыпты түсінікті болу үшін слайдшоу арқылы көрсетіп, есімізде қалу үшін тақырыптарды топпен  талдау арқылы және өз тәжірибемізден өткіздік. Тақырыптарды  бізге түсінікті етіп түсіндірді.  Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады екен: І кезең: оқып-үйрену; ІІ кезең: меңгеру;             ІІІ кезең: өмірге ендіру; IV кезең: дамыту. Осы үйренген теорияны  өз сабағымда  әдіс-тәсілдерді пайдаланып көрдім. Сабағымның бірінші күнінен бастап парталарымды топтарға бөліп орналастырып қойдым. Оқушыларым сабаққа келген кезде парталардың өзгергенін көріп таңқалды. Оқушыларға сабақ бастамас бұрын «шаттық шеңбер» құрғызып бір-біріне жақсы тілектер, айтқыздым, жақсы тілектер айту арқылы оқушылардың бір-біріне деген  мейірімділігі оянады,сабаққа деген қызығушылығы артты. Оқушыларды «санамақ» әдісімен  топқа бөліп алдым, үйге берілген тапсырмадан оқушыларға әр топқа 10- сұрақтан дайындауын сұрадым. Оқымаған оқушыларда ізденіп, талпынып тұйық оқушыларда өз ойларын ойтуға үйрене бастады, 10-сұрақты әр топ бір-біріне қойып шықты, осылайша үй тапсырмасын қайталап шықтық. Жаңа тақырып бойынша қысқаша түсіндіріп өттім, оқушыларға әрі қарай өздері оқып түсініп түсініктерін ойтуын сұрадым бірнеше минуттық уақыт берілді, бір топ  тақырыптың бір жерін айтса, ал екінші топ келесі бір тақырыпты айтты, солай топ бір- бірне айту арқылы толық түсініп отырды. Сол күннен бастап сабақтарым қызықты  өте бастады. Әсіресе топпен жұмыс жасағанда мынадай  жаңа әдіс-тәсілдерді қолдандым  «қар кесегі», «жұптық әңгіме», «джиго», «ыстық орындық», «стоп кадр», «ақылдың алты қалпағы», «тв шоу», «үш қадамдық сұхбат» осы әдіс-тәсілдер маған өте тиімді болды. Менің  пікірімше сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да осындай нәтиже күткен едік. Дәстүрлі өткізіп  жүрген сабақтарды салыстыра отырып, жаңаша тәсілде өткен сабақтан көптеген айырмашылықтарды таптым. Осы жаңа теорияны әдіс-тәсілдерді сабақ өту барысында пайдаланып көптеген жетістікке жетудемін. Сабағымыз келесі тоқсанда жалғасады.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы әдістерде пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға  үйретеді  оқушыларға мүмкіндік жасалынады.
Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқада сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым- қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді екен.
- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады
- оқушыны басқа жақтарынан таниды
- өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды
- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады
- оқушының жұмысын бағалайды
Осы тиімді оқыту курс барысында,  оқушылар жан-жақты дамиды, осы әдісті пайдаланып отырған мұғалімдергеде өте көп пайдасы тиеді.  Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әр түрлі  жүзеге асырылуы мүмкін.
Елді өсіретін де, төмен түсіретін де – білім. Сондықтан да барлық жаңашыл әдіс-амалдарды тиімді пайдалана білу біздің қолымызда, құрметті әріптестер!
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ