Кейіпкер әлеміне саяхат
/балалық шақтан/
Қуанышпен басталып, "Сабақ қашан бітеді?"- деген сұрақпен өтетін 9 ай да көзді ашып-жұмғанша бітті де қалды. Сыныптастарыммен, ұстаздарыммен қоштасып мектептен: "Келесі қыркүйекке дейін не істеймін?"- деген оймен кеткен болатынмын. Алғашқы кездерде қуанып жүргеніммен, өте келе мектепті қатты сағындым. Апайларымды, сыныбымды, мектептегі қызықтарды еске ала бердім. Сондай кездердің бірінде есіме "Ұлпан"шығармасы түсіп кеткен болатын.Әдебиет сабағында кішігірім үзіндісін оқыған кезімде осы бір "Ұлпан" атты қыздың тағдыры көп ойландырып еді. Өзінің әкесі Артықбаймен бірге күресіп, бір нанды бөлісіп жеген атақты би, батыр Есенейге ұзатылады деп кім ойлаған? Неге екенін білмеймін әйтеуір, «Осы оқиға қалай аяқталады екен?»- деп көп ойландым. Содан кітабын оқығым келді. Келесі күні мектепке барып, кітапханаға келдім. Таныс жүзді апайлар қуана қарсы алды. Сұраған кітабымды тауып беріп, уақытында әкелуді сұрады. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан»- деген кітабын құшағыма алып үйге келдім. Сол күні-ақ алғашқы беттерін оқып бастадым. Не деген тамаша дүние! Па,шіркін, қазағымның тілге сынды, қисынды сөздері-ай!