Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ұлпан шығармасы туралы ой
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Кейіпкер әлеміне саяхат

/балалық шақтан/

   Қуанышпен басталып, "Сабақ қашан бітеді?"- деген сұрақпен өтетін 9 ай да көзді ашып-жұмғанша бітті де қалды. Сыныптастарыммен, ұстаздарыммен қоштасып мектептен: "Келесі қыркүйекке дейін не істеймін?"- деген оймен кеткен болатынмын. Алғашқы кездерде қуанып жүргеніммен, өте келе мектепті қатты сағындым. Апайларымды, сыныбымды, мектептегі қызықтарды еске ала бердім. Сондай кездердің бірінде есіме "Ұлпан"шығармасы түсіп кеткен болатын.Әдебиет сабағында кішігірім үзіндісін оқыған кезімде осы бір "Ұлпан" атты қыздың тағдыры көп ойландырып еді. Өзінің әкесі Артықбаймен бірге күресіп, бір нанды бөлісіп жеген атақты би, батыр Есенейге ұзатылады деп кім ойлаған? Неге екенін білмеймін әйтеуір, «Осы оқиға қалай аяқталады екен?»- деп көп ойландым. Содан кітабын оқығым келді. Келесі күні мектепке барып, кітапханаға келдім. Таныс жүзді апайлар қуана қарсы алды. Сұраған кітабымды тауып беріп, уақытында әкелуді сұрады. Ғабит Мүсіреповтің  «Ұлпан»- деген кітабын  құшағыма алып үйге келдім. Сол күні-ақ алғашқы беттерін оқып бастадым. Не деген тамаша дүние! Па,шіркін, қазағымның тілге сынды, қисынды сөздері-ай! 

ответил от Kuaniysh
0 голосов
Осындай сапалы шығарманы оқу жанына жаңа бір ләззат сыйлайды. Міне, оқыған кезде сезінген сезімдерім. Айтар сөзім жоқ. Қандай әдемі жазылған дүние. Ұлпан. Ақнар. Кіші Есеней. Осы бір ғажап шешенің жанына майдай жағылатын мінезіне, асқан ақылына, көріктілігіне қайран қалдым. Ананың шуағындай төгілген мейіріміне тамсаңдым. Нағыз қазақ қызы осындай болу керек деген ойға да қалдым. Есенейдің балаша еркелеген кезін көз алдыма елестетіп, күлген болатынмын. Кітаптың әрбір бетін белгісіз бір сезіммен оқып, Ұлпанмен бірге күліп, бірге қайғырып, бірге қуандым десем кем болмас. Кітапты оқып бітіргеннен кейін, жанымда өкініш сезімі алаулап жанды. Кеудемде мыңдаған сұрақ қалыптасты. Неге Есеней қайтыс болды? Неге Ұлпанның сонша аңсаған әдемі сезімін көп көрді? Ұлпан осылай азаптанатындай не жазып қойды? Ұлпан неге бұлай қайтыс болды? Осындай сұрақтар маза бермеді. Ақыр соңында осындай ғажап әулеттен ешкім қалмады ғой. Ұлпанның тасын ұрлап кеткені туралы айтқан кезде қатты ашуландым.

       Бірақ Ұлпан кітабын оқу арқылы қаншама нәрсені ұғындым. Болашағыма керек мағлұматтарды алдым. Осындай ғажап кітапты мектеп қабырғасында оқығаныма ешқашан да  өкінбедім,кейін ұстаздықты таңдағанда алдымнан шықты.. Мүмкін мені әдебиетші болуға жетелеген сол Ұлпанның қайсарлығы,тарихи тұлғасы,жазушының әдемі сөз өнерін шығарма арқылы паш етуі де шығар...
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
спросил от Мара в категории Школы
0 голосов
1 ответ