Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Маған ой салған көркем шығарма
    Төл әдебиетімізде есімдері алтын әріппен жазылып, өзіндік қайталанбас орны бар ақын – жазушыларымыз қаншама, әр оқырманның жүрегінен орын табалық шығармалар заман өзгерсе де, уақыт өтсе де мазмұны мен ой тереңдігі жағынан қайталанбас мұра болып қала береді.
  Өзім Мұқағали Мақатаевтың, Фариза Оңғарсынованың, Күлаш Ахметованың, Қасым Аманжоловтың поэзиясын сүйіп оқып, өлеңдерін тамсана тыңдаймын. Себебі, ақын жүрегінен шыққан лирикалық дауыс жүректерден орын табатыны сөзсіз.
   Осы орайда мен К.Ахметованың «Бауыр» атты балладасына айырықша тоқтала кеткенді қалаймын. Неге десеңіздер, көркемдік тіл жағынан болсын, мазмұндағы ой тереңдігі жағынан болсын құнды шығарма.
    Шығарманың сюжеті халқымыз мазмұнын «Атасы басқа, аттаң түс!» мәтелімен түйіндеген аңызға құрылған. Бұл аңыз І. Есенберлиннің «Алтын Орда» трилогиясында Ақсақ Темірдің жастау кезінде өзі куә болған оқиға ретінде баяндалып, Едіге мен Исабектің ұрыс үстіндегі іс-әрекетіне орай еске түсіріледі. Әмір Темірдің ұғымына сия қоймайтын сезім ретінде суреттеледі. Трилогияда байланыстырушы қызмет атқарған бұл аңызда Күлаш Ахметова адам мен қоғам, ақын және әкімнің қарым-қытынасын, өзара байланысын көрсете отырып, тақырыбындағы «бауыр» сөзіне шоғырланған, жинақталған мазмұндық ойға салмақ түсіреді. Себебі кез келген көркм мәтіннің аты екі түрлі қызмет атқарады, яғни шығарманың мазмұнынан хабар береді әрі сол мазмұнды түсініп, қорытудан туады, ал бұның өзі шығарманың аты мәтін түзуші факторлардың бірі екенін дәлелдейді.
    Балладада бірнеше орталық бар: ақын мен әкім, әкім мен әйел, адам мен қоғам. Баллада осындай үзінділерден тұрады.
    Енді баллададағы жалпы мазмұндық ойға келсек,бірінші шумағында    оқиғаның негізгі кейіпкері екі дүние, екі көзқарас ретінде қарама-қарсы қойылған:
                                        Баяғыда
                                        Өлеңі үшін ақылды
                                        Кесірленіп, кесім айтып ақырды.
                                        Ойсыз әкім абақтыға қамапты
                                        Қанжар тілді, жау жүрек жас ақынды.
Осы шумақтағы ойсыз сөзі әкімнің болмысын сипаттайтын өткір эпитеті арқылы портретін ашуда. Ал қанжар тілді, жау жүрек іспетті эпитеттер        ақынның көркемдік бейнесіне бояу салғандай. Ақынды мінездейтін сөздер дәстүрлі поэтикалық қолданыста сәл өзгешелеу, яғни өткір тілді, ер жүрек, ал қаламгер бұл сөздерді өлең ырғағы, дыбыс үйлестігі үшін ғана емес, семантикасына бола да таңдап алған. Яғни өткір сөзін перифразалық қанжар сөзімен алмастырған.

 Баллададағы ең әсерлі де, қуатты жері - әкім мен әйел қақтығысы:
                            «Өнерлісің, өжетсің де әрқайсың,
                            Сен айт, әйел
                            Алдыңда тұр таудай сын.
                            Сені және үш еркектің біреуін.
                            Босатамыз, айт, қайсысын таңдайсың?»

                            «Тұрған заман – құшағында дауылдың,
                            Әділ күші жеңіп шығар дәуірдің.
                            Ауырдым мен бұл үшеуі үшін де,
                            Бірақ орны бөлек екен бауырдың.

                            Жарым кетсе, жар табармын бірде мен,
                            Жар табылса, болар тағы ұл деген.
                            Өлген адам қайтып келіп ұл таппас,
                            Бауырымды босатыңдар түрмеден!

                            Өз жақсысын өзің құртып,
                            Қалай ел боласыңдар?!
                            Құрбан болды-ау талай ер...
                            Ертеңі жоқ – ақыны жоқ халықтың,
                            Ойланыңдар!» - деген екен дана әйел.

    Кейіпкердің авторлық сипаттамасын әкім пікірі толықтырады, яғни ол өз тұтқындарының болмыс-бітімін тап басып танығанын көрсетеді.
    Әкім сөзінің әйелге арналуы оны кейіпкер ретінде даралауға мүмкіндік береді. Автор әйел бейнесіне арнайы тоқталып, сипаттап жатпайды. Әйелдің рухы биік, әділдікке сенімі берік, ойы-ниеті таза, өзіндік пікірі, ұстанымы бар жан екенін оның монологі танытады.
    Әйел монологіндегі «Ертеңі жоқ –ақыны жоқ халықтың» ойы ақынның халық мүддесі үшін жаны ауырар адам екенін көрсетеді.
 Қазірде қанатты сөзге айналған  бұл тіркестің астарында терең мән жатыр.
Ақындарымызды, аналарымызды бағалайық.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы