Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Есімдері ел есінде.

     Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды.Гитлер неміс халқының өрлігін, талантын өз мүддесіне пайдалана отырып, неміс халқымен тайталаса алатын халықтарды қыруды қолға алған болатын.Бұл соғысқа дүниежүзі халықтарының сексен пайызы қатысса, соның ішінде:

                   Әлем сүйген салтымыз бар,

                   Бейбітшілік-ел ұраны.

                   Өмір сүйген халқымыз бар,

                   Бейбіт елдің біз ұланы,- деп өлең шумақтарында айтылғандай, жастайынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, ата-баба рухына деген адалдықты қандарына сіңіріп өскен қазақ халқы да фашизммен жан аямай күресті.Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар екінші дүниежүзілік соғыстың басты майдандарында болып, жаумен шайқаста ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.

     Қасиетті қазақ жерінің бір бөлшегі- Қарабұлақ ауылында соғыс басталған  кезде 60 шақты үй болған екен.Ел басына «ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен күн кешер» күн туғанда, әскерге жарайтындардың бәрі де соғысқа аттаныпты.

    Оқ пен оттың арасына бара жатқан аталарымыз, сол кездегі өрімдей жас жігіттер, туған жеріне деген сағыныштарын жыр жолдарына төккен екен.

Қарабұлақ- жердің аты,

Қазақтың ойын-күлкі салтанаты

                    Өсірген балаларын тәрбиелеп,

                    60 үй -Итқұл, Керейт- елдің аты.

                    Еркелеткен үйдің іші,

                    Елдегі қадірлестер, үлкен-кіші,

                   Ағайын, туған-туыс, бауырларым,

                   Кең-байтақ, пейілі кең елдің іші.

                   Жаз жайлайтын Ащылы көлім,

                   Құлпырған түрлі шөппен жазық жерім.

                   Жаз болса қызықпенен өткізетін,

                  Бұл күнде ұмыт болды-ау қайран елім...

Айтқожа атамыздың елге жазған хатының әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан еліне деген жүрек соғысы, туған-туысқандарына, ауылдастарына деген қимастығы сезіледі.Туған жерінің табиғатын аңсаған перзенттік сүйіспеншілікті байқаймыз.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
1923 жылы Қарабұлақ ауылында туған Әбдірахманов Айтқожа           1942 жылы соғысқа аттанған екен. Соғыста байланысшы-барлаушы болды.Оқ пен оттың ортасында жүрсе де, Отан алдындағы парызын абыроймен орындады.  «Күн болса соларды көзбен көрер»,- деп армандаған аталардың тілегі қабыл болып, елге 1946 жылдың күз айында аман-есен оралған екен.

      Бейбіт күнде туған жерінің табиғатын қорғап орманшы, кейін заң қызметкері болған. Ал ағасы Дағар болса, сол сұм соғыста хабарсыз кетті.

Қасқатау бауырында қара бұлақ,

     Сылдырап жатыр басы таудан құлап.

  Ащыкөл, Қостамармен қалды иесіз,

    Сулары төмен толқып қалың құрақ ,-

деп жырлаған Пірмән Иманұлы ағамыз өнерпаз адам болған. Ол кісі ән салғанда, әннің майын тамызып, тыңдаған жұрттың құлақ құрышын қандырған.

      Ел сүйсінер ерекше жан комсомол  қатарына өту үшін жасын артық жаздырған екен. 1941 жылы майданға аттанған Пірмән Иманұлы 1943 жылы Украина жерінде ерлікпен қаза тапқан.Майдан даласынан жазған мына бір хаты сақталған екен.

     Қарт ана! Көпей аға, ағатай!

   Жалынды жас жүректің шыңынан асып, бүгінгі күні ыстық ел еске түсіп, бір парақ қағаз арқылы сізге амандығымды білдіру үшін хат жазып отырмын. Елден ойынға шыққан жоқпыз ғой. Отан үшін тігілген бас. Сол Отанды қорғауға дайындалып болғанымызды біліп, «осы хатты, осы жерде ақырғы жазғаным ғой»,- деп ойлап отырмын.Бүгін 1943 жылдың 31-і күні түнде беретін жаңа киімдерін берді. Жүруге дайындалып жатырмыз , ертең-арғы күндері жүреміз. Үлкен-кішінің барып жатқан жері ғой. Ал енді мені ойлап, үйдің ішін жүдетпеңдер! Алдағы іске бір Алла сабыр беріп, бір-бірімізді көруге жазсын! Қайыр хош, хош, хош!
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Хатты оқып отырып, мүмкін «осы хат ағамыздың соңғы жазған хаты ма екен ?»- деп ойлаймын да, жүрегімді «он екіде бір гүлі ашылмаған» жанға деген қимастық сезімі баурайды.

Елі үшін опат болған ағамыздың ұлы тұлғасы жерлес ақынымыз Бижанов Мәтеннің  «Қасқатау» дастанында мынадай жыр шумағымен өрнектелген:

                                                Иман аға кісі еді дуалы ауыз,

                                                Ал онымен төңірек санасатын.

                                                Ұяң мінез өзіне жарасатын ,

                                                 Маңайына игі жақсы жиналатын.

                                                 Сұм соғыстың гүрзісі со бір қартты

                                                 Қатты соқты. Қайғысы жанға батты.

                                                 «Пірман опат »,- дегенді ұғындырып,

                                                 Қара қағаз жыландай арбап жетті.

                                                 Пірман шіркін, асылдың тұяғы еді.

                                                 Жаны-жайсаң , жігіттің қияғы еді.

                                                 Қасқатауды әуелде жырға қосқан,

                                                 Хақ сүйегі ақын-ды, зиялы еді.

                                                 Ел ішінде жақсының аты қалды,

                                                 Ел аузында өлеңі-хаты қалды.

   Пірмандай асыл азаматтың бейнесіне сүйсіне отырып, жалғыз ұлдарынан айырылған қос қарияның қасіретіне жүрегің езіле ауырып, сұм соғысқа лағынет айтасың!

   Майданнан хат алу , елдегі әр отбасының Алладан тілеген зор арманы ғой!Ағаларымыз өздері өлім мен өмірдің ортасында жүрсе де хат жазып, елдегі туысқандарына сүйеніш болған. Мына бір хатқа назар аударайықшы.

                                                  Қарындаш , қағазбенен қолға алайын,

                                                   Еске алып туғандарға хат жазайын .

                                                   Жүрсіз бе есен-аман, деніңіз сау,

                                                   Алыстан сағындырған , қарт атайым .

                                                  Болмайды жүрек шертіп, еске алмасқа ,

                                                  Көзіме елестейсің жер алыста.

                                                  Ойлаумен күндіз-түні біздің халді ,

                                                  Қараумен жүресіз бе күнбатысқа?

                                               Ойласаң біздің халді көңіліңе ал ,

                                               Күш қайтып, буын босап, болдыңыз шал.

                                               Өсірген бетке қақпай , жан атайым,

                                               Өтеуге ата хақын біз борыштар.

  Сапарғали ағамыздың хатының әр жолынан еліне, ата-анасына деген сағыныш сезіледі. Өзі алапат соғыстың ортасында жүрсе де, қартайған әкесін ойлап, баланың ата-ана алдындағы борышын да ұмытпайды. Хаттың әр жолы көңіліңе ой түсіріп, жүрегіңді осыдан жетпіс жылға    жуық уақыт бұрын өмірден өткен адамға деген сағыныш сезімі, аяушылық сезімі, құрмет сезімі баурайды.

   Зинелғабиден ағамыз соғысқа 1942 жылы кеткен . Майдан даласында отырып еліне жазған өлеңмен жазған хаты :

                                        10 октябрь. Қараңғы түн.

                                        Отырмын телефонды күзетіп мен.

                                         Туған ел, өскен жерім еске түсіп,

                                         Қолыма қағаз алдым қарындашпен.

                                         Ассалаумағалейкум, қадірлі елім,

                                         Кішілер, үлкен аға- асқар белім.

                                         Хат алсам, амандыққа қуанамын,

                                         Екі көз төртеу болып жүрген менің .

                                         Қол созып, тізе бүгіп сәлем берген,

                                         Кешегі Зинелғаби балаң сенің .

                                         Айтқожа, Шәмшіолла, Мансұрлар да,

                                         Қадірлі бауырларым аман менің .

                                         Жеңістің күні жақын, ата-анам,

                                         Күлімдеп шығысқа да қайтар балаң.

                                         Жыр етіп батырлардың хикаясын,

                                         Еркелеп екеуіңе айтар балаң.

  Бірақ ағамыздың бұл арманы орындалмады.Қан майданда байланысшы-барлаушы болған ол елге оралғанында, асқар таудай болған әке-шешесінің қайтыс болғанын естіді. Бейбіт күнде де ел тыныштығын қорғау жолында еңбек еткен.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Бес жылға созылған қырғын соғыстан аман қалып, Жеңіс шеруіне қатысуды, туған елге аман-есен оралуды майдан даласындағы қай боздақ ойламады дейсіз?! Мұндай бақыт Әбдуәли Құсайынов ағамызға бұйырыпты.

  Ол өзі сұранып соғысқа аттанғанда он жеті-ақ жаста болған екен. Жауынгерлік жолын Белорусь майданының 26-мехдивизиясының құрамында Полоцк қаласын азат етуден бастап, соғыстың қиын-қыстау жолдарынан өтіп,Берлинге дейін жетті. Одақтастар әскерімен Эльбада кездесу де пешенесіне жазылыпты.

  Соғыс аяқталып, оқ-дәрінің күңсіген иісі басылғанның өзінде Әбдуәли ағамыз Германия мен Польшада жаңа қоғам орнатуға қатысты. Туған еліне 1951 жылы оралып, бейбіт елдің тыныштығын сақтау жолында еңбек етті.

                                    Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас

              Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін топпен ерлер қанын жұтқан

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас-

деп жырлаған екен Мағжан ақын.Иә,елі үшін өз өмірін  қиған боздақтарын халық ешқашан да ұмытпайды!

   Қадірлі ағаларымыздың ерлік істері, өмірі –біздер үшін үлгі-өнеге. Кеңес Одағының Батыры атағын алмаса да, есімдері әлемге әйгілі болмаса да ,

біз оларды қадір тұтамыз.   «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!»- дейді халқымыз.Жеңістің 60 жылдық мерекесіне орай ауылдың ортасына боздақтарға арнап, ескерткіш орнатылды.Ескерткіштегі өз аталарының , туыстарының аты-жөнін оқыған әр адамның жүрегін мақтаныш кернейді, себебі олар Отан үшін, болашақ үшін құрбан болды...

   Бейбіт те шуақты күндеріміз үшін аталарымыздың аруақтарына бас иеміз! Қаһармандық ерліктері әрқашан біздің жадымызда!Аталарымыз орнатып кеткен бейбіт өмір жасай берсін!
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
3 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от аноним в категории Школы
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов